Қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация. 16 сабақ.


Сабақ тақырыбы: Қозғалмалы ойындар

8.2.3.1 қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын қолдану және көрсете білу;

8.3.5.1 басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсете білу

-Қозғалмалы ойындар арқылы қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыра алады;

-Қозғалмалы ойындар кезінде дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсете алады;

Бағалау критерилері

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар қазақ тұрмысының тарихы туралы, салт-дәстүрлер туралы, қазақ халқының бос уақытты қалай өткізгені туралы білім алады. Бұл бөлім туған өлкеге деген сүйіспеншілікке баулуға арналған, қозғалыс дағдыларын және ойындардағы комбинацияларды жетілдіреді. Ойындардағы тактикалар мен стратегияларды құрастырады және әзірлейді. Ойын қызметін, сыни ойлауды пысықтайды, қазақ ұлттық ойындарының негізінде әр түрлі ойындар ойлап шығарады.

«Ақ сандық, көк сандық» ойыны 

Ойынның мақсаты: екі – екіден тұрып, бір – бірімен күштерін салыстыруға үйрету. 

Ойыншылар санау арқылы екі – екіден бөлініп, ойын алаңында шашырап тұрады.  Мұғалімнің берген белгісінен кейін, олар бір – біріне теріс қарап тұрып, қарсыласын арқасына көтеріп алуға тырысады. Кімде – кім бірінші қарсыласын көтеріп алса, сол қарсыласын арқасында ұстап тұрып, сұрақ сұрай бастайды: 

«Аты – жөнің кім?», «Не көрдің, не білдің?», «Қандай кітап оқыдың?», «Қандай тақпақ білесің?», «Менің жұмбағымды шеше аласың ба?» деген сияқты бірнеше сұрақ беріп, оларға жауап алуы қажет. Жауап алған соң барып ол арқасындағы баланы жерге түсіреді. 

Екінші жолы күш сынаспай – ақ кезекті екінші ойыншыға береді. Ол да бірінші ойыншы сияқты сұрақтарына тез, дұрыс жауап алуға тырысады. 

Ойын мұғалімнің қалауы бойынша тоқтатылады. Ойынның соңында мұғалім қарсыласын көпке дейін шаршамай арқасында ұстаған, көп сұрақ қойған «күштілерді» ерекше атап өтеді. 

Ойынның ережесі

1.Күштері бірбірімен теңдес балалар өзара жұп құрады

2.Араға көтеру әдісі барлық ойыншы үшін бірдей болуға тиіс

3.Арқадағы бала аяғын жоғары көтермеуі керек

4.Сұрақ, жауапты әр жұп өздері ойларынан шығарады

Дескриптор :

-қауіпсіздік ережесін біледі.

- қолайлы оқу ортасын құра алады.

-ойында дене жаттығуларға әсерін талдайды.

Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу