Қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 16 сабақ.
Сабақ жоспары № 16
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Қазақ халқының дәстүрлі ойындары Мектеп: | Күні: Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сабақ тақырыбы: Қозғалмалы ойындар | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.2.3.1 қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын қолдану және көрсете білу; 8.3.5.1 басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсете білу | |||||
Сабақ мақсаттары | Қозғалмалы ойындар арқылы қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын қолдана алады; Қозғалмалы ойындар кезінде басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсете алады; | |||||
Бағалау критериі | Қозғалмалы ойындар арқылы қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыра алады; Қозғалмалы ойындар кезінде дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсете алады; | |||||
Тілдік мақсаттар | - қазақ ұлттық және қозғалыс ойындары арқылы әр түрлі дене жаттығулары бойынша қозғалыс дағдыларын талқылай және көрсете алады. Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқылау үшін сұрақтар Бұл ойындар ынтымақтастық дағдысын дамытуға жәрдемдесе ме және олар қандай дағдыларды жетілдіреді? | |||||
Құндылықтарды дарыту | (Өмір бойы үздіксіз білім алу) Оқуға деген сүйіспеншілікті білуге құмарлық, шығамашылық пен оқылатын материалға сыни қарау, қарым-қатынас пен мінезді, денені және ақыл-ойды үздіксіз дамыту арқылы бойға сіңіру. Оқушылардың өз бетімен оқуға болысатын дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтиды. (Ынтымақтастық) Жылы қарым-қатынасты орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мен құрылымдық ұстанымды дамыту, қарым-қатынас орнату кезіндегі сыни ойлау қабілеті. (Академиялық шындық) Басқа адамдардың ойлары мен идеяларын құрметтеу, академиялық шындықтың ұстанымдарын сақтау, плагиатқа және ақпараттың көзін көрсетпеуге төзбеушілік. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Тарих, өзін- өзі тану пәнімен байланыстыру. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Қазақ ойындарына сілтеме: | |||||
Бастапқы білім | Ұлттық ойындар туралы мағлұматтар. | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-7 7-8 |
Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. Күтілетін нәтижелер Оқушылар қазақ тұрмысының тарихы туралы, салт-дәстүрлер туралы, қазақ халқының бос уақытты қалай өткізгені туралы білім алады. Бұл бөлім туған өлкеге деген сүйіспеншілікке баулуға арналған, қозғалыс дағдыларын және ойындардағы комбинацияларды жетілдіреді. Ойындардағы тактикалар мен стратегияларды құрастырады және әзірлейді. Ойын қызметін, сыни ойлауды пысықтайды, қазақ ұлттық ойындарының негізінде әр түрлі ойындар ойлап шығарады. II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. ЖДЖ орындайды.(жүру, жүгіру, бір орында орындалатын жаттығулар т.б) «Бағдаршам». Жасыл, сары, қызыл түсті қағаздар пайдалынылады. Балалар пойыз сияқты бірінің соңынан бірі тұрып жүреді. Оқушылар зейін аударулары керек, мұғалім қай қағазды көрсетеді сол кезде тапсырманы орындау керек. Жасыл түсті көтергенде – қорсылдау керек, бірақ жүру жалғаса береді. Сары түсте – тоқтайды, сол орнында қатып қалады. Қызыл түсті көргенде – орындарындажерді тебіну керек. Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз? | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық | ||||
Сабақтың ортасы 10-20 20-30 | «Ақ сандық, көк сандық» ойыны Ойынның мақсаты: екі – екіден тұрып, бір – бірімен күштерін салыстыруға үйрету. Ойыншылар санау арқылы екі – екіден бөлініп, ойын алаңында шашырап тұрады. Мұғалімнің берген белгісінен кейін, олар бір – біріне теріс қарап тұрып, қарсыласын арқасына көтеріп алуға тырысады. Кімде – кім бірінші қарсыласын көтеріп алса, сол қарсыласын арқасында ұстап тұрып, сұрақ сұрай бастайды: «Аты – жөнің кім?», «Не көрдің, не білдің?», «Қандай кітап оқыдың?», «Қандай тақпақ білесің?», «Менің жұмбағымды шеше аласың ба?» деген сияқты бірнеше сұрақ беріп, оларға жауап алуы қажет. Жауап алған соң барып ол арқасындағы баланы жерге түсіреді. Екінші жолы күш сынаспай – ақ кезекті екінші ойыншыға береді. Ол да бірінші ойыншы сияқты сұрақтарына тез, дұрыс жауап алуға тырысады. Ойын мұғалімнің қалауы бойынша тоқтатылады. Ойынның соңында мұғалім қарсыласын көпке дейін шаршамай арқасында ұстаған, көп сұрақ қойған «күштілерді» ерекше атап өтеді. Ойынның ережесі: 1.Күштері бір – бірімен теңдес балалар өзара жұп құрады. 2.Араға көтеру әдісі барлық ойыншы үшін бірдей болуға тиіс. 3.Арқадағы бала аяғын жоғары көтермеуі керек. 4.Сұрақ, жауапты әр жұп өздері ойларынан шығарады. Дескриптор : -қауіпсіздік ережесін біледі. - қолайлы оқу ортасын құра алады. -ойында дене жаттығуларға әсерін талдайды. Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға екі жұлдыз бір тілек арқылы бірін бірі бағалайды. Мұғалім сұрақ қояды: Топтағы қарым-қатынасты сақтай отырып, бір-біріне баға береді. Бұл ойын қандай физикалық қасиеттерді дамытады? Бұл ойындар ынтымақтастық дағдысын дамытуға жәрдемдесе ме және олар қандай дағдыларды жетілдіреді? Мұғалім сабақ мақсаттарына қол жеткізген соң уақыт қалған жағдайда спорт ойындарын ұсынады. (Футбол, волейбол, баскетбол т.б) | Қазақ ойындарына сілтеме: http://igrushka.kz/vip83/kazigr1.php Әрбір әрекет үшін кең, бос кеңістік, ысқырық, секундомер, бор. | ||||
Сабақтың соңы 35-40 | VI. Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді. Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады. Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары. Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды). Мұғалім үй жұмысын береді: - пән терминологиясын жаттау; - таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу. | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
|
|
| ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру