Лақтыру кезінде күш пен бұлшық ет төзімділігін дамыту. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім Жеңіл атлетика арқылы денсаулық пен фитнес | Мектеп: Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні: | Мұғалімнің ата-жөні: Исмагулов Асылан Алибекович | |||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Лақтыру кезінде күш пен бұлшық ет төзімділігін дамыту | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.1.1 арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсету | |||||
Оқу бағдарламасына сілтеме | 1.1 түрлі арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындау кезіндегі дәлдікті, бақылауды және үйлесімді-лікті дамыту | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар допты лақтыру техникасын қалыптастыра отырып дәлдік дағдысын қалыптастырады | |||||
Бағалау критерийі | - допты лақтыру техникасын көрсетеді - нығыздалған допты лақтыру техникасын көрсетеді | |||||
Ойлау дағдылар деңгейі | Қолдану | |||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар келесідей терминдер туралы біледі, қолданады:
| |||||
Пәнаралық байланыстар | Бұл сабақ физика пәнімен байланыстырылуы мүмкін: инерция | |||||
АКТ қолдану дағдылары | ||||||
Бастапқы білім | Оқушылар допты лақтыру техникасы туралы біледі | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы: 8 мин. | Сапталу, сәлемдесу, сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын айту, бағалау критерийлерін түсіндіру. Орындағы саптық жаттығулар: Бұрылыстар: «Солға!», «Оңға!», «Айнал!». Пәрмендерді нақты орындалуына наза аудару Қозғалыстағы ЖДЖ: А) қолдар жоғарыда аяқтың ұшымен жүру; Б) қолдар белде өкшемен жүру; В) оң, сол жанмен жүру; Г) арқамен алға қарай Д) жәй жүгіріс Е) жүріс Бір лектен екі лекке сап түзеу Орындағы ЖДЖ: - қолдар белде, басты оңға, солға, артқа, алға иіу; - қолдар иықта, иықты алға, артқа айналдыру; - қолдар алға созулы, шынтақ буыннан қолдарды ішке, сыртқа айналдыру; - қолдар белде, жамбасты оңға, солға айналдыру; - қолдар тізеде, тізе буыннан аяқтарды оңға, солға айналдыру; - саусақтар айқастырылған білезік буыннан қолдарды айналдыру; - қолдар алға созулы, толқын жасау, өкшеден аяқтың ұшына көтеріліп, түсу. - орында секірулер: 1 – оң қол белде 2 – сол қол белде 3 – оң қол иықта 4 – сол қол иықта 5 – оң қол жоғарыда 6 - сол қол жоғарыда 7,8 – қолдар жоғары созулы екі рет шапалақтау Орында адымдау Доптарды үйлестіру | Әрбір тапсырма үшін бос, кең кеңістік. Кіші доптар.
| ||||
Сабақтың ортасы: 7 мин. 10 мин 10 мин | Оқушылар жеке жұмыстанады (Б, Ж) кіші доппен ЖДЖ: Допты әртүрлі биіктіктерге жоғары лақтыру. Доптарды жоғары лақтырып, қолды шапалақтау. Допты бір қолдан екінші қолға лақтыру. Допты еденге ұру. Допты қабырғаға лақтыру, ұстап алу. Оқушылар жұппен жұмыстанады (Б, ЖЖ) кіші допты нысанаға лақтыруды үйрету: -допты лақтыру техникасы қозғалыстарын орында тұрып иммитациялайды; -допты қашықтыққа оң және сол қолмен орында тұрып лақтырады; -оқушылар допты үш адым жасап қашықтыққа лақтырады. Оқушылар жұпта өзара бағалау жүргізеді. (Б,ҚБ) «Нысананы доппен дәлдеу» ойыны Алаңның ортасына баскетбол добы қойылады, оқушылар қолдарына кіші доптарды алып баскетбол добынан 10 м. қашықтықта орналасады. Баскетбол добын орнынан жылжыту мақсатымен кіші доптарды кезекпе-кезек лақтырады. Дескрипторлар: - бастапқы қалыпқа дұрыс тұрады; - допты лақтыру техникасын көрсетеді; - насынаға допты дәл тигізеді. Мұғалім оқушыларды дескрипторлар бойынша бағалайды, нысанаға тигізе алмаған оқушыларға кері байланыс береді. | Кең, бос кеңістік. Ысқырық, кіші доптар, баскетбол добы. | ||||
Сабақтың соңы:5 мин. | Сапқа тұрғызу, сабақты қорытындылау. Нені білгендігі немесе қалай жұмыстанғандығы жөніндегі талқылау, яғни әрбір оқушы сабақ басында қойылған мақсаттарға жетуін, белсенділігін, сыныптық жұмыстың тиімділігін, таңдалынған жұмыс формаларының тиімділігне баға береді. Мұғалім оқушыларға нені түсінгендігі және түсінбегендігі туралы сұрақтар қоя отырып ауызша кері байланысты береді. Киім ауыстыру бөлмесіне кету. | Әрбір тапсырма үшін бос, кең кеңістік.
| ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Дене дайындығына қолдау қажет ететін оқушылар үшін – нысананы жақын жерден дәлдеу тапсырмасы беріледі. Дене дайындығы жоғары оқушылар үшін - нысана қашықтығын әркез алыстата отырып, дене күш дайындығы тапсырмалары беріледі. | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Сабақта бағалауды мұғалім бақылау тәсілі арқылы жүзеге асырады: - оқушының белсенділігі; - қозғалыс дағыларын көрсету; - бағалу критерийлеріне қол жеткізу. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақ барысында қауіпсіздік ережелер техникасын сақтау. | ||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқытуға, үйренуге қатысты)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал етеді (оқытуға, үйренуге қатысты)? 1: 2: Сабақ барысында жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы не анықталды, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек? | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру