Лақтыру кезінде күш пен бұлшық ет төзімділігін дамыту. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар №
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім Жеңіл атлетика арқылы денсаулық пен фитнес | Мектеп: Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні: | Мұғалімнің ата-жөні: Батырова Гульнара Букенбаевна | |||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Лақтыру кезінде күш пен бұлшық ет төзімділігін дамыту | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.3.5.1 басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсете білу | |||||
Оқу бағдарламасына сілтеме | 3.5 Басқалардың дене жаттығулары тәжірибесін байыту масқатында білім, біліктілік және дағдыларды қолдану | |||||
Сабақ мақсаттары | Дене жаттығулар мен лақтыруды көрсетуде өзінің білімі мен дағдысын көрсете алады | |||||
Бағалау критерийі | - дене жаттығуларын көрсетеді; - дене жаттығуларының мәні мен маңыздылығын түсіндіреді; - лақтыру қозғалыс дағдысын көрсетеді. | |||||
Ойлау дағдылар деңгейі | Қолдану | |||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар келесідей терминдер туралы біледі, қолданады:
| |||||
Пәнаралық байланыстар | Бұл сабақ биология пәнімен байланыстырылуы мүмкін, өйткені оқушылар дене жаттығуларын көрсете отырып олардың мәні мен маңызын түсіндіреді | |||||
АКТ қолдану дағдылары | ||||||
Бастапқы білім | Оқушылар допты лақтыру техникасы туралы өткен сыныптардан біледі | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы: 8 мин. | Сапталу, сәлемдесу, сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын айту, бағалау критерийлерін түсіндіру. (ЖЖ) Мұғалім «Минут ғана» белсенділік жаттығуын ұйымдастырады. Оқушылар жұппен қандай жаттығулар көсете алатындықтарын, олардың қолдану маңыздылығы туралы түсіндіруі үшін талқылайды. | Әрбір тапсырма үшін бос, кең кеңістік.
| ||||
Сабақтың ортасы: 7 мин. 10 мин 10 мин | Мұғалім қауіпсіздік ережелері техникасымен таныстырып, қыздырыну жаттығуларына көшеді (Б) Жүріс - аяқтың ұшымен; - өкшемен; - өкшеден аяқтың ұшына ауыстырып. Қозғалыстағы арнайы жүгіру жаттығулары: - тізені биікке көтеріп; - өкшені артқа лақтырып; - түзу аяқтарды алға шығарып; - аяқтарды түзу жанға шығарып; - адымдарда жоғары секіріп; - оң, сол аяқтармен жоғары секіріп; - аяқтан аяққа секіріп,
Жүгіру жаттығуларынан соң мұғалім сыныпты ЖДЖ үшін үш лекке тұрғызады. Оқу мақсаттарына жету үшін мұғалім әрбір оқушыға ЖДЖ өткізуді ұсынады. (Б, Тәж, ҚБ ) Құрал-саймансыз ЖДЖ. Бір оқушы жаттығуларды көрсетеді, ал қалған оқушылар төмендегідей дескрипторлар бойынша бағалайды: - ЖДЖ терминдерге сай түсіндіреді; - санақ жүргізеді; - жаттығуларды көрсету барысында, олардың мәні мен маңзы туралы айтады. 1-созылу Б.қ. –н.т. 1- қолдар жанға созулы 2- қолдарды жоғары созып, аяқтың ұшына көтерілу 3- қолдар жанға созулы 4- б.қ. 2-қолдарды айналдыру Б.қ. – аяқтар иық көлемінде, қолдар жоғары созулы 1-4 түзу қолдарды бір мезгілде алға айналдыру 5-8 түзу қолдарды бір мезгілде артқа айналдыру. 3-жанға иілу Б.қ. – аяқтар алшақ, қолдар белде 1-3 солға иілу 4 – б.қ. 1-3 оңға иілу 4 – б.қ. 4-диірмен Б.қ. – алға еңкейіп, қолдар жанға созулы, аяқтар алшақ 1-денені оңға бұрып, сол қолды оң аяққа жеткізу, 2-келесі жаққа қайталау. 5-түзу аяқтарды сермеу Б.қ. – қолдар алға созулы, аяқтар алшақ 1 – оң аяқты сермеп сол қолға жеткізу, 2-б.қ. 3-сол аяқты сермеп оң аяққа жеткізу 4-б.қ. 6-отырып тұру Б.қ.-н.т. 1-отырып қолдарды алға созу 2-б.қ. 3-4 қайталау. 7-Б.қ.-жатып қолға тірелу 1-отыру қалыпы 2-аяқпен итеріліп жатып тірелу қалыпы 3-4 қайталау. 8-Орында қос аяқпен секіру Б.қ. – қолдар белде, аяқтар алшақ (Б, ЖЖ, ҚБ) «25 рет доп жалғау» лақтыру кезіндегі күш және бұлшықет төзімділігін дамытуға арналған арналған ойын. Ойыншылар жұптарға бөлініп, 10 м. арақашықтықта бір-бірлеріне қарама-қарсы сапқа түзеледі. Әр саптың алдынан сызық жүргізіледі, саптарды баскетбол алаңының қапталдағы сызығына тұрғызуға болады. Әрбір жұп сызықтан шығып кетпей кез-келген тәсілмен 25 рет допты бір-бірлеріне жалғаулары керек. Егер жалғанған доп сызыққа жетпей жерге түссе, онда ойыншылар допты сызықтан шығарып алып жаттығуды жалғастыру керек. 25 рет допты жалғауды тез жүзеге асырған жұп жеңімпаз болып есептеледі. Мұғалім төмендегідей дескрипторларға сай бағалау жүргізеді: - серіктесіне допты туралап жалғайды; - допты қабылдауды дұрыс көрсетеді; - 25 рет допты жалғауды орындайды. | Кең, бос кеңістік (баскетбол алаңы). Ысқырық, кіші доптар. | ||||
Сабақтың соңы:5 мин. | Сапқа тұрғызу, сабақты қорытындылау. «Жетістік сатысы» стратегиясы арқылы кері байланыс жүргізіледі. Оқушыларға түрлі түсті стикерлер таратылады, «Жетістік сатысының» тиісті деңгейіне жабыстыру ұсынылады. Оқушылар оқу материалын меңгеру деңгейін өздері анықтау керек. Киім ауыстыру бөлмесіне кету. | Әрбір тапсырма үшін бос, кең кеңістік. Жетістік сатысы көрсетілген флипчарт. | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Дене дайындығына қолдау қажет ететін оқушылар үшін – 10-15 рет допты жалғау, жұптар арасындағы арақашықтықты жақын етім орналастыру. Дене дайындығы жоғары оқушылар үшін – допты жалғау 30 ретке дейін орындатып, жылдамдықты арттыру. | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Бірінші тапсырмада оқушылар өзара бағалау әдісі арқылы дескрипторларға сай бағалау жүргізеді. Екінші тапсырмада мұғалім бақылау әдісі арқылы дескрипторларға сай бағалау жүргізеді.
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақ барысында қауіпсіздік ережелер техникасын сақтау. | ||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқытуға, үйренуге қатысты)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал етеді (оқытуға, үйренуге қатысты)? 1: 2: Сабақ барысында жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы не анықталды, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек? | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру