Лақтыру кезінде күш пен бұлшық ет төзімділігін дамыту. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация. 12 сабақ.


Лақтыру кезінде күш пен

бұлшық ет төзімділігін дамыту

Оқу мақсаты

8.1.1.1 арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсету;

8.3.5.1 басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсете білу

Күтілетін нәтижелер

- қауіпсіздік ережесін біледі.

-лақтыру техникасын түсінеді.

-техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсінеді және біледі.;

Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(П) «Динамикалық шеңбер»

Оқушылар ішкі және сыртқа шеңберге бөлінеді. Сыртқы шеңбердегілер қозғалмай тұрады, ал ішкі шеңбердегілер берілген тапсырмалар бойынша білетіндерін айтып келесі жұбына бір айналым жасап шыққанша қозғалады. Сыртқы шеңбердегілер сол тақырып бойынша жасаған қорытындыларын сыныпқа келіп айтады.

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Оқушылар диаметрі 10-12м болатын шеңбердің бойына орналасады. Бірінші бір команданың ойыншысы, одан кейін екінші команданың ойыншысы кезекпен ортаға шығып, теннис добын барынша жоғарыға лақтырады. Ойынды басқарушы қолдан шыққаннан бастап, жерге түскенге дейінгі доптың ұщу уақытын өлшейді. Лақтыру неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның ұшу уақыты көбірек болады. Кімнің добы ауада көбірек болса, сол ойыншыға бір ұпай беріледі.

Сыныпты екі командаға бөлу.

Сыныпты бірнеше командаларға бөліп, келесі тапсырманы орындауды ұсыныңыз. Лақтырушылар лақтыру межесіне әр командадан кезекпен шығып, белгіленген аймақтарға лақтыруды орындайды:

1-ші аймақ лақтыру сызығынан 20м, 2-ші-25м, 3-ші- 30м қашықтықта орналасады. Әрбір аймақ келесідей белгіленген: 1-2-3 ұпай. Әр аймаққа тигізгені үшін, оқушыға, әртүрлі ұпайлар беріледі. Барлық ойыншылары жинаған ұпайлардың жиынтығы бойынша жеңімпаз команда анықталады.

Дескриптор :

-допты 1 аймаққа лақтырады

- допты 2 аймаққа лақтырады

- допты 3 аймаққа лақтырады .

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға өзара бағалау жүргізуді ұсынады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілералыптар (Ергежейлілеротырды, алыптартұрды).

Рефлексия: «Жетістік сатысы»

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу