Қазақтың ұлттық ойындары. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 39 сабақ.
4-бөлім Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары
Оқу мақсаты:
6.2.7.1. Жарыс кезінде таза ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсетдуді түсіну және қолдана білу
Сабақтың тақырыбы:
Қазақтың ұлттық ойындары
Сабақтың мақсаттары:
Жарыс кезінде таза ойнауға, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсетдуді түсінуге және қолдана білуге үйретуБағалау критерийлері :
Жарыс кезінде таза ойнай, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсетдуді түсіне және қолдана алады.
Тілдік мақсаттар
Түрлі ойын контексттеріндегі ойын ережелерін және қозғалыс дағдыларын біліп, талқылай алады.Мыналарды қамтиды:Ұлттық ойындаркоманда, ойыншы, төреші қарсылас, шабуыл, қорғанысереже, баға, әділ ойынТалқылауға арналған сұрақтар:Жарыс кезінде ойындарда серіктестік қалай дамиды?Жарыс кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады?Командаңыз бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз?Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Алдын ала білімі:
Білім алушылар алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс уақытта түрлі қазақ ұлттық ойындарында алған жалпы шеберліктері мен стратегиялық түсініктеріне ие.
1-ші тапсырма. (Т, Ж, ҚБ) Білім алушыларды ойынның ережесімен және қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, ойыншылар саны жағынан тең командаларға бөліп, «Көкпар» ойынын өткіземін. Әр командада оқушылар ішінен екі адамнан жұптар құруы қажет. Жұптарда, бір оқушы «жылқы» рөлінде, ал екіншісі «шабандоз» рөлінде болады. Әр ойын басталар алдында доп қандай командада болатынын анықтау қажет. Шеңбер ортасына екі команданың капитандары шығады, кім кімді шеңбер немесе сызық сыртына бір қолымен тартып алса, сол командада доп болады. «Шабандоздар» және «жылқылар» рөліндегі оқушылар ойын барысында бір қолдарымен бір-бірін ұстап жүрулері керек. Тек шабандоздар ғана екінші қолымен допты алып және келесі шабандозға бере алады. Белгі бойынша, «шабандоздар», «жылқыларымен» жүгіріп келіп, допты қарма-қарсы жақтағы құрсауға салуы керек. Допты салған команда ұпай алады. Ең көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
1-ші тапсырманың дескрипторлары:- Жарыс кезінде таза ойнайды;- патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлықты түсінеді және қолданады;- ұлттық ойындары ойнау кезінде қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды.Сұраңыз: Жарыс кезінде ойындарда серіктестік қалай дамиды? Жарыс кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады? Командаңыз бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?
2-ші тапсырма
Білім алушыларды ойынның ережесімен және қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, ойыншылар саны жағынан тең командаларға бөліп, «Арқан тартыс» ойынын өткіземін. «Арқанға жақында!» бірінші белгісі бойынша ойыншылар командада жұптарға бөлініп, арқанның оң және сол жақтарына тұрады. «Арқанды ұста!» екінші белгісі бойынша жұптар еңкейіп, арқанды көтереді. Мұғалімнің ысқырығы бойынша командалар арқанды өз жағына тартуға тырысады. Командалардың бірі арқанды тартып, бақылау сызығынан 3 м кейін шегіне алған кезде (арқанның ортасындағы бауымен белгіленген жерінен), ысқырық беріліп, күрес тоқтатылады. Арқанды орнына қойып, ойынды қайталайды. Арқанды өз жағына көп рет тарта алған команда жеңіске жетеді2-ші тапсырманың дескрипторлары:
- Жарыс кезінде таза ойнайды;- патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлықты түсінеді және қолданады;- ұлттық ойындары ойнау кезінде қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды.Сұраңыз: Жарыс кезінде ойындарда серіктестік қалай дамиды? Жарыс кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады? Командаңыз бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.Рефлексия
Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердімСары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым барҚызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедімБағдаршамның түстері бойынша тақырыпты меңгергендігінРесурстар:
Үлкен бос кеңістік.Доп, шеңберлер, шеңберлерді сызу үшін бор, алаңды белгілеу үшін конустар немесе фишкалар, командаларды белгілеу үшін манишкалар, баулар, ұзындығы 4-6 м кем емес арқан, сызықты белгілеу үшін бор, мұғалімге ысқырық.«Көкпар ойыны» интернет ресурсына сілтеме: (1:15:45)https://www.youtube.com/watch?v=TB4e39krlAg «Арқан тарту» ойынына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=sU47RYbRAhsАрқан тарту ойнына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=W9GoaJXiaGI«Ең ерекше арқан тартыс» интернет ресурсына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=LT2spaOVTGAНазарларыңызға рахмет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру