Қазақтың ұлттық ойындары. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 41 сабақ.
4-бөлім Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары
Оқу мақсаты:
6.2.3.1. Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын анықтау және қолдана білу
Сабақтың тақырыбы:
Қазақтың ұлттық ойындары
Сабақтың мақсаттары:
Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын анықтауға және қолдана білуге үйрету.Бағалау критерийлері :
Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын анықтай және қолдана алады.
Тілдік мақсаттар
Түрлі ойын контексттеріндегі ойын ережелерін және қозғалыс дағдыларын біліп, талқылай алады.Мыналарды қамтиды:Ұлттық ойындаркоманда, ойыншы, төреші қарсылас, шабуыл, қорғанысереже, баға, әділ ойынТалқылауға арналған сұрақтар:Жарыс кезінде ойындарда серіктестік қалай дамиды?Жарыс кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады?Командаңыз бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз?Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Алдын ала білімі:
Білім алушылар алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс уақытта түрлі қазақ ұлттық ойындарында алған жалпы шеберліктері мен стратегиялық түсініктеріне ие.
1-ші тапсырма. (Т, Ж, ҚБ) Білім алушыларды ойынның ережесімен және қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, ойыншылар саны жағынан тең командаларға бөліп, «Түйілген орамал» ойынының командалық нұсқасын өткіземін. Сыныпты тең екі топқа бөлу. Команда капитандарымен ойынды кім бірінші болып бастайтынды анықтап алу. Жүргізушінің «Бір, екі, үш!» деген белгісінен кейін ойыншылар алаңда бір-біріне орамалды лақтырып, қарсылас команданың ойыншыларына ұстатпауға тырысады. Ал жүргізуші команда ойыншыларының міндеті – ойыншыны қуып жетіп, иығына қолын тигізіп орамалды алу. Егер ұстай алса, командалар рөлдерімен ауысады және ойын жалғасады. Бір-біріне көп рет орамалды лақтырған команда жеңіске жетеді. Ойынды 5 минут уақытпен шектеледі.
1-ші тапсырманың дескрипторлары:- Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын анықтайды және қолдана біледі;- ұлттық ойындары ойнау кезінде қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды.Сұраңыз: Ойын кезінде серіктестік қалай дамиды? Ойын кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады? Ойыншылар бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?
2-ші тапсырма
Білім алушыларды ойынның ережесімен және қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, 5-6 оқушыдан топтарға бөліп және оларды радиусы шамамен 6-8 метр болатын шеңберге отырғызып «Белбеусоқ» ойынын өткіземін. Жүргізуші шеңберді айнала белбеумен жүреді және оны отырған оқушының артына қояды. Отырған оқушы тұрып, белбеуді қолына алып, шеңбер сыртындағы жүргізушіні қуа бастайды. Оқушылар жеңімпаз болу үшін белбеуі бар ойыншыға жеткізбей, бос орынға келіп отыруы қажет, егер оларды бос орынға дейін қуып жетсе, олар жеңіледі. Шеңбердегі әрбір оқушы «жүргізуші» болғанға дейін рөлдерімен ауысады. Ең аз жүргізуші болған ойыншы жеңіске жетеді.2-ші тапсырманың дескрипторлары:
- Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын анықтайды және қолдана біледі;- ұлттық ойындары ойнау кезінде қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды.Сұраңыз: Ойын кезінде серіктестік қалай дамиды? Ойын кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады? Ойыншылар бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізу ұсынылады.Рефлексия
Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердімСары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым барҚызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедімБағдаршамның түстері бойынша тақырыпты меңгергендігінРесурстар:
Үлкен бос кеңістік.Орамал, алаңды белгілеу үшін фишкалар, конустар, бор, командаларды белгілеу үшін манишкалар, баулар, ысқырық, уақыт өлшеуіш, алаңды белгілеу үшін бор, белбеу.Қазақтың ұлттық ойындары интернет ресурсына сілтеме: http://igrushka.kz/vip83/kazigr1.php«Қазақтың қозғалмалы ойындары» интернет ресурсына сілтеме:https://weburok.com/690785/%D0%9C%D0%B5%D1%82%D0%BE%D0%B4%D0%B8%D1%87%D0%B5%D1%81%D0%BA%D0%B0%D1%8FD1%80%D0%B0%D0%B7%D1%80%D0%B0%D0%B1%D0%BE%D1%82%D0%BA%D0%B0D0%A0%D0%B0%D0%B7%D0%B2/Назарларыңызға рахмет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру