Қазақтың ұлттық ойындары. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 44 сабақ.
4-бөлім Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары
Оқу мақсаты:
6.3.5.1. Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды қолдана білу
Сабақтың тақырыбы:
Қазақтың ұлттық ойындары
Сабақтың мақсаттары:
Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларын қолдана білуге үйрету.Бағалау критерийлері :
Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды қолдана алады.
Тілдік мақсаттар
Түрлі ойын контексттеріндегі ойын ережелерін және қозғалыс дағдыларын біліп, талқылай алады.Мыналарды қамтиды:Ұлттық ойындаркоманда, ойыншы, төреші қарсылас, шабуыл, қорғанысереже, баға, әділ ойынТалқылауға арналған сұрақтар:Жарыс кезінде ойындарда серіктестік қалай дамиды?Жарыс кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады?Командаңыз бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз?Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Алдын ала білімі:
Білім алушылар алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс уақытта түрлі қазақ ұлттық ойындарында алған жалпы шеберліктері мен стратегиялық түсініктеріне ие.
1-ші тапсырма. (Т, Ж, ҚБ) Білім алушыларды ойынның ережесімен және қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, 3-4 ойыншыдан тұратын командаларға бөліп, «Жаяу көкпар» ойынын өткіземін. Ойынның мақсаты – «көпарды» алып, командаластарымен бір-біріне «көкпарды» беріп, қарсыластардың қақпасына «салымды» салу. Ойынды өткізу кезінде ойыншылар секірулер (оң, сол және екі аяқта) арқылы қозғалады. Ең көп «салым» салған команда жеңіске жетеді.
1-ші тапсырманың дескрипторлары:- Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды қолдана біледі;- ұлттық ойындарды ойнау кезінде қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды.Сұраңыз: Ойын кезінде серіктестік қалай дамиды? Ойын кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады? Ойыншылар бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?
2-ші тапсырма
Білім алушыларды ойынның ережесімен және қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, ойыншылар саны жағынан тең командаларға бөліп, «Арқан тартыс» ойынын өткіземін. Бұл ойында әр командадан ортаға бір ойыншыдан шығып, арқанды тартады. «Арқанға жақында!» бірінші белгісі бойынша ойыншы арқанның оң немесе сол жағына тұрады. «Арқанды ұста!» екінші белгісі бойынша ойыншылар еңкейіп, арқанды көтереді. Мұғалімнің ысқырығы бойынша ойыншылар арқанды өз жағына тартуға тырысады. Ойыншылардың бірі арқанды тартып, бақылау сызығынан 3 м кейін шегіне алған кезде (арқанның ортасындағы бауымен белгіленген жерінен), ысқырық беріліп, күрес тоқтатылады. Арқанды орнына қойып, ойынды келесі ойыншылар дәл осындай тәртіппен жалғастырады. Арқанды өз жағына тарта алған ойыншы, командасына бір ұпай әкеледі. Ең көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді2-ші тапсырманың дескрипторлары:
- Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды қолдана біледі;- ұлттық ойындары ойнау кезінде қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды.Сұраңыз: Ойын кезінде серіктестік қалай дамиды? Ойын кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады? Ойыншылар бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.Рефлексия
Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердімСары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым барҚызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедімРесурстар:
Үлкен бос кеңістік.Доп, шеңберлер, шеңберлерді, сызықты сызу үшін бор, алаңды белгілеу үшін конустар немесе фишкалар, командаларды белгілеу үшін манишкалар, баулар, ысқырық, Ұзындығы 4-6 м кем емес арқан.«Жаяу көкпар» интернет ресурсына сілтеме:http://igrushka.kz/vip27/peskok.shtmlhttps://www.youtube.com/watch?v=FfFZmY4Fm9I«Арқан тарту» ойынына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=sU47RYbRAhsАрқан тарту ойнына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=W9GoaJXiaGI«Ең ерекше арқан тартыс» интернет ресурсына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=LT2spaOVTGAНазарларыңызға рахмет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру