Снарядтағы жаттығулар кезіндегі өзін-өзі реттеу. Дене шынықтыру, 6 сынып, дидактикалық материал. 32 сабақ.


Дидактикалық материал 6 сынып

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ БОЙЫНША НҰСҚАУ

I.Жалпы қауіпсіздік ережелері

1.Бұл нұсқауды сақтау спорт залында дайындалатын барлық оқушылар үшін міндетті.

2.Дене шынықтыру сабағына дәрігерлік тексеруден және қауіпсіздік техникасы нұсқамалығынан өткен оқушылар жіберіледі.

3.Спорт залында тек спорт киімі мен табаны таймайтын аяқкиімде ғана дайындалуға болады.

4.Спорт залына сырт киіммен кіруге болмайды .

5.Жеке гигиена талаптарын сақтау керек (дене таза болуы,тырнақ қысқа етіп алынуы тиіс).

6.Спорт залына портфель мен сөмке алып кіруге болмайды.

7.Спорт залындағы жарақат алу қаупі:

-электр жарығын қосқан кезде (электр тогынан зақымдану );

-ҚТ сақтамаудан (қолдарды,буындарды жарақаттау,соғып алу);

-бұзық немесе даындалмаған спорт снарядтарында жұмыс істеу кезінде.

8.Сүлгі мен сабын салынған жеке дорбаша болуы тиіс.

II.Сабақ басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары

1.Спорт киімнін киім шешетін орында ауыстырып кию керек.

2.Мұғалімнің рұқсатынсыз немесе кезекшінің бұйрығынсыз спорт залына кіруге болмайды.

3.Спорт залына сабырмен,асықпай,тәртіп пен реттілікті сақтап кіреді.

4.Электр жарығын өз бетінше қосуға болмайды.

5.Мұғалім рұқсат бермей тұрып желдету үшін есікті ашуға болмайды.

6.Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт құралдары мен снарядтарының орындарын ауыстыруға болмайды.

7.Осы сабаққа арналған ҚТ бойынша нұсқамалықты мұқият тыңдау керек.

III.Сабақ кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1.Мұғалімнің бұйрығынсыз жаттығуларды және оқу тапсырмаларын орындауға кірісуге болмайды.

2.Төсеніш төселмеген жағдайда спорттық снарядтарда жаттығу орындауға болмайды.

3.Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ,таза шүберекпен сүртіп алу керек.

4.Жаттығуларды орындау кезінде бір-біріңе сақтық етуді естеріңнен шығармаңдар.

5.Доптарды бір-біріне қарма-қарсы лақтыруға болмайды,жұп-жұп болып жұмыс істегінде бір ғана доп болуы тиіс.

6.Мұғалімнің тапсырмасында көрсетілмеген жаттығуларды орындамаңдар.

7.Сабақта тәртіп пен реттілікті сақтаңдар.

8.Сабақтан мұғалімнің рұқсатынсыз кетпеңдер.

9. Жаттығу жасар алдында снарядқа жақын тұрған оқұшының жоқтығына көз жеткізіп алыңдар.

IV.Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары

1.Өз-өзіңді нашар сезінген жағдайда сабақты тоқтатып,бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.

2.Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар,ол сендерге алғашқы көмек көрсетеді.

3.Кабинетте апатты жағдай орын алғанда,өрт шыға қалған жағдайда мұғалімнің нұсқауымен ұйымдасқан түрде,жылдам,абыржымай,спорт залын тастап шығыңдар.

V.Сабақ біткеннен кейінгі қауіпсіздік талаптары

1.Спорт залынан мұғалімнің командасымен,асығып-үсікпей,сабырмен шығыңдар.

2.Беті-қолдарыңды сабындап жуыңдар.

3.Спорт киімдеріңді,аяқкиімдерінді шешіндер,оны тек спортпен айналысуға ғана пайдаланындар.

4.Сабақ кезінде өздерің байқаған барлық кемшіліктер туралы мұғалімге хабарлаңда.

Қимыл-қозғалысты оқытудың жаңа əдісіне тоқталамыз, ол жоспарланған оқытумен тығыз байланысты жəне оның негізі бөлімі болады.Бұл алгоритмді əдіс. Профессор Л.Н.Ланданың пікірі бойынша тек теорияда қолданылмай, қимыл-қозғалыспен байланысты денешынықтыру қозғалыстарына қолданылады.

Алгоритмді əдісте оқыту материалы бөлімдерге бөлінген жəне жаттығуышы осы бөлімдерден жол табады.Алғашқы бөлімді меңгергеннен кейін екінші бөлімге көшеді.Мұғалімнің бақылауымен жазылған қимылдар оқылады жəне гинастикалық жаттығулар жасалады.

Балаларды жəне жасөспірімдіерді алгаритмді əдіспен үйреткен тиімді.Қозғалыс дағдысы тез əрі сапалы қалыптасады.(қатесіз дəл жəне жеңіл) Бұл əдіспен жаттығуды үйреткен кезде барлық оқушылар материалды бірдей ұғыды немесе қимыл-қозғалысты нашар меңгерген оқушылар болмайды.Оқылатын материалды барлық оқушы меңгереді, бірақ жеке қабілеттеріне байланысты əртүрлі мерзімде.

Алгоритмдік əдісті пайдаланып жоспар құрғанда мына талаптарды ескеру қажет. 1.Оқу материалы барлық қатысушыға түсінікті болу үшін, əрбір қимылды дəлдікпен баяндау керек.

2.оқытудың берілген немесе басқа да сатысында алгоритмдік əдіс түсінікті. Бір қимылды үйрету үшін немесе басқада ұқсас қимылдарды бір сатыға жатқызады. Барлық оқу тапсырмалары бір –бірімен байланысты жəне қарапайымнан күрделіге қарай баяндалады.

Алгоритмдік əдіспен оқу материалын оқу тəртібі олардың бір-бірімен байланысын анықтайды. Оқу тапсырмасының алғашқы бөлімінде денешынықтыру сапасын арттыру үшін, меңгерілетін қимыл-қозғалысты дұрыс орындау үшін жаттығулар беріледі.Бір жағдайда тек бұлшықет күшін дамытатын , екінші жағдайда майысқақты жаттықтыратын жаттығулар ұсынылады.

Оқу тапсырмасының екінші бөлімінде қол-аяқтың қимыл қозғалысын қарастырады.

Оқу тапсырмасының үшінші бөлімінде үйренген жаттығуларды жетілдіреді.Мыс: аяқты сермеу қозғалысы, акробатикалық жаттығулар жəне кейбір секіру жаттығуларын орындар алдындағы жəй секірулер.

Оқу тапсырмасының төртінші бөлімінде осы аталған жаттығулар кеңістікте,уақыт жəне бұлшықет күшін бағалау үшін орындайды.

Меңгерілген жаттығудың мөлшері жəне дəлдік дəрежесі координациялық күрделігіне байланысты. Кей кезде сермеу амплитудасын немесе денені бүгу жəне иілу дəрежесін, қозғалыс жылдамдығын бұлшықет күшінің дəрежесін бағалау жеткілікті болады. Күрделі жаттығуды орындағанда жəне жаттығу техникасының негізін құраушы қимыл-қозғалысты орындағанда жіктеу кешенін қолданған жөн.

Бесінші бөлімде-қимыл-қозғалыс жаттығуларына ұқсас жаттығуларды қарастырады. Соңында əртүрлі техникалық амалдарды қолданып жеңілдетілген қимыл-қозғалысты үйретеді.

Бөлінген оқу материалының жүйесін жақсы меңгеру керек жəне оқығанда бірізділікті қалыптастыру керек.

Балаларды жəне жасөспірімдерді қимыл-қозғалысқа үйреткенде алгоритмдік əдісті міндетті түрде қолдану керек пе? Əрине, жоқ. Олардың көбін қалыптасқан əдіспен де оқытқан жөн. Ондай жаттығулар: саптық, жалпы дамыту, жеке қолданбалы жаттығулар, асылу жəне тірелеу жаттығулары.

Гимнастика сабақтарында қолданылатын қауіпсіздік ережелері.Белгілі бір спорт жабдығында гимнастикалық жаттығуларды бірнеше оқушы бір мезгілде орындауда жарақаттанып қалудан сақтану керек. Мысалы, 2, 3 бала бірден барып кермеге асылуға болмайды;Спорт құралдарында (үлкен және кіші ағаш ат, бөрене, керме, шығыршық, арқан, гимнастикалық қабырға т. б. жаттығу орындағанда) секіргенде жерге міндетті түрде екі аяқпен тізені бүгіп түсу керек;Спорт жабдықтарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың дұрыстығын тексеріп алу керек.Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға болмайды;Мұғалімнің немесе әріптесіңнің көмегінсіз спорт құралдарында күрделі жаттығулар орындауға болмайды;Дене шынықтыру жаттығулармен шұғылданатын, спортпен айналысатын бала әр уақытта басқаларға үлгі болу керек.1. Денені қыздырып алмай күрделі жаттығуларды орындауға болмайтындығы есте ұстаңдар.2. Гимнастикалық құрал - жабдықтарда тек қана мұғалімнің көмегімен жаттығу керек.3. Жүгіріп келіп секіретін жолда және секіріп түсетін орында тұруға болмайды.4. Секіріп түсетін жерлерге гимнастикалық төсеніш төсеу қажет.5. Спорт жабдықтарынан (ат, бөрене, гимнастикалық қабырға) секіргенде, жерге міндетті түрде екі аяқпен түсу керек.6. Біріңнен соң бірің жүріп келе жатқан кезде және жаттығу орындау кезінде ара қашықтық қатаң сақталсын.7. Гимнастикалық құрал - жабдықтардың қолдануға жарамдылығын анықтап алу қажеттілігін ұмытуға болмайды. Құрал - жабдықтардың таза болуын, тот баспауын қадағалап отыру керек. Снарядтарын бекітілуі мұқият тексерілсін.8. Арқан бойымен төмен түскенде екі қолымен кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек.9. Гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды.10. Гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.

 

Дене шынықтыру бойынша

рефлексивті карточка

Дене шынықтыру бойынша

рефлексивті карточка

Оқушының аты-жөні

Сынып

Сабақ күні

Мен тапсырманы орындадым: …...

Менің түсінгенім: ……

Енді менің қолымнан келеді: ……

Дене шынықтыру бойынша

рефлексивті карточка

Оқушының аты-жөні

Сынып

Сабақ күні

Мен тапсырманы орындадым: …...

Менің түсінгенім: ……

Енді менің қолымнан келеді: ……

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік.Гимнастикалық маттар, керме, фишкалар, конустар, жалаушалар.Снарядтағы жаттығуларға сілтеме:http://www.krugosvet.ru/enc/sport/SPORTIVNAYA_GIMNASTIKA.htmlКермеде тартылуға үйрену интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=krjY7tglHt0«Мектептегі гимнастиканың теориясы мен əдістемесін үйрету негіздері » https://inside.wksu.kz/dmdocuments/%D0%9C%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B5%D0%BF%D1%82%D0%B5%D0%B3%D1%96_%D0%B3%D0%B8%D0%BC%D0%BD%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D1%82%D0%B5%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B_%D0%BC%D0%B5%D0%BD_%D3%99%D0%B4%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D1%81%D1%96%D0%BD_%D2%AF%D0%B9%D1%80%D0%B5%D1%82%D1%83_%D0%BD%D0%B5%D0%B3%D1%96%D0%B7%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%96_.pdf



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу