Снарядтағы жаттығулар кезіндегі өзін-өзі реттеу. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 32 сабақ.
Дене шынықтыру сабағының №32 қысқа мерзімді жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 бөлім: Құрал жабдықтар арқылы гимнастика дағдыларын арттыру | Мектеп: | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні | |
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Снарядтағы жаттығулар кезіндегі өзін-өзі реттеу | |
Оқу мақсаттары | 6.1.5.1. Бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын түсіну және қолдана білу | |
Сабақ мақсаттары | Бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын қолдануға үйрету | |
Бағалау критерийлері | Бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын түсінеді және қолдана біледі. | |
Тілдік мақсаттар
| Композициялық дайындық кезінде жеке, жұптық және топтық гимнастикалық тапсырмаларын көрсете және сипаттай алады. Мыналарды қамтиды:
Талқылауға арналған сұрақтар:
| |
Құндылықтарға баулу | Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу. | |
Пәнаралық байланыстар | Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы. | |
АКТ қолдану дағдылары | Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану. | |
Алдын ала білімі | Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған гимнастика бойныша білімдері мен дағдылары бар. | |
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар | ||
Сабақтың басы (тайм-менеджмент) 0-8мин | Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады. Білім алушылар гимнастикалық қондырғыларда жаттығу жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Білім алушылар жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды. | Үлкен бос кеңістік.
| ||
Сабақтың ортасы (тайм-менеджмент) 9-22мин
23-34мин
| (Ж, ҚБ) Кермеде орындалатын жаттығулар.
Осы тапсырманың дескрипторлары:
Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Комбинацияларды орындау кезіндегі реттілікті сақтау қаншалықты маңызды? (Т, Ж, ҚБ) Мұғалім сыныпты 2-4 командаға бөледі де гимнастикалық эстафета өткізеді. Әр команданың алдында екі гимнастикалық төсеніштер төселеді. Мұғалімнің белгісі бойынша бірінші ойыншылар гимнастикалық төсенішке дейін жүгіріп жетіп, шалқалап жату қалпынан гимнастикалық «көпіршені» көрсетеді. Одан соң гимнастикалық шығыршыққа дейін жүгіріп жетіп қолға алады да жермен дөңгеле алып жүру арқылы конустарға дейін жетеді, кері оралу жолында шығыршықты қолына алып жүгіріп келіп орнына қояды, өзінің командасына жүгіріп келіп эстафетаны келесі ойыншыға жалғайды. Тапсырмаларды тез орындап шыға алған команда жеңіске жетеді. 2-3 рет қайталау. Осы тапсырманың дескрипторлары:
Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Тапсырманы орындау кезінде қандай тактика, стратегияларды қолдандыңыздар? | Үлкен бос кеңістік. Гимнастикалық маттар, керме. Снарядтағы жаттығуларға сілтеме: http://www.krugosvet.ru/enc/sport/SPORTIVNAYA_GIMNASTIKA.html Кермеде тартылуға үйрену интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=krjY7tglHt0 Үлкен бос кеңістік. Гимнастикалық маттар, фишкалар, конустар, жалаушалар. | ||
Сабақтың соңы (тайм-менеджмент) 35-40 мин | Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді. Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалау ұсынылады. | Рефлексия парағы | ||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын барлық білім алушылар түсінеді және қолдана біледі деп жоспарлап отырмын. Қабілеті жоғары оқушыларға бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын қолдану кезінде сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын. | Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады. Сонымен қатар: Оқуды бақылау Сұрақтар мен жауаптар Өзін-өзі бағалау Білім алушыларды рефлексиялау арқылы | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
| ||||
Белгілер:
С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс
Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру