Снарядтағы жаттығулар кезіндегі өзін-өзі реттеу. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 35 сабақ.


Әдістемелік нұсқау

3 бөлім: Құрал жабдықтар арқылы гимнастика дағдыларын арттыру

Сабақтың тақырыбы: Снарядтағы жаттығулар кезіндегі өзін-өзі реттеу

Оқу мақсаты: 6.1.4.1. Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсіну және түсіндіре білу

Сабақтың мақсаты: Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінуге және түсіндіре білуге үйрету

  • Сабақтың басы.

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Білім алушылар гимнастикамен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Білім алушылар жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды.

  • Сабақтың ортасы.

1 тапсырма.

(Т, Ж, ҚБ) Командалардан 10 м арақашықтықтар екі оқушы тұрады және құрсауларды еденде тік күйінде ұстайды. Құрсаудың артында гимнастикалық маттар жатады және одан әрі шеңберлер тұрады. Мұғалімнің белгісі бойынша командалардағы бірінші ойыншылар жүгіреді, шеңберге алға қарай аударылып түсіп секіреді, одан әрі бағандарды айналып өтеді және кері шеңберден өтеді (жүгіріп өтеді) де, эстафетаны келесі ойыншыға береді. Эстафетаны бірінші болып аяқтаған команда жеңіске жетеді.

2 тапсырма.

(Ж, ҚБ) Білім алушылар екі қанатты арыста жаттығуларды орындау үшін келесі арнайы дайындық жаттығуларын орындайды:

  • Арыста таянып тұру;
  • Таянып тұрып алға-артқа тербелу;
  • Таянып тұрып, тербелу, тоқтау;
  • Таянып тізені бүге кеудеге тарту;
  • Таянып тұрып аяқты түзу алға созып 90 градус бұрыш жасап ұстап тұру;
  • Арыста таянып тұрып, алға артқа тербеле секіріп түсу.

Гимнастика сабақтарында қолданылатын қауіпсіздік ережелері.Белгілі бір спорт жабдығында гимнастикалық жаттығуларды бірнеше оқушы бір мезгілде орындауда жарақаттанып қалудан сақтану керек. Мысалы, 2, 3 бала бірден барып кермеге асылуға болмайды;Спорт құралдарында (үлкен және кіші ағаш ат, бөрене, керме, шығыршық, арқан, гимнастикалық қабырға т. б. жаттығу орындағанда) секіргенде жерге міндетті түрде екі аяқпен тізені бүгіп түсу керек;Спорт жабдықтарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың дұрыстығын тексеріп алу керек.Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға болмайды;Мұғалімнің немесе әріптесіңнің көмегінсіз спорт құралдарында күрделі жаттығулар орындауға болмайды;Дене шынықтыру жаттығулармен шұғылданатын, спортпен айналысатын бала әр уақытта басқаларға үлгі болу керек.1. Денені қыздырып алмай күрделі жаттығуларды орындауға болмайтындығы есте ұстаңдар.2. Гимнастикалық құрал - жабдықтарда тек қана мұғалімнің көмегімен жаттығу керек.3. Жүгіріп келіп секіретін жолда және секіріп түсетін орында тұруға болмайды.4. Секіріп түсетін жерлерге гимнастикалық төсеніш төсеу қажет.5. Спорт жабдықтарынан (ат, бөрене, гимнастикалық қабырға) секіргенде, жерге міндетті түрде екі аяқпен түсу керек.6. Біріңнен соң бірің жүріп келе жатқан кезде және жаттығу орындау кезінде ара қашықтық қатаң сақталсын.7. Гимнастикалық құрал - жабдықтардың қолдануға жарамдылығын анықтап алу қажеттілігін ұмытуға болмайды. Құрал - жабдықтардың таза болуын, тот баспауын қадағалап отыру керек. Снарядтарын бекітілуі мұқият тексерілсін.8. Арқан бойымен төмен түскенде екі қолымен кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек.9. Гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды.10. Гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.

  • Сабақтың соңы.

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік.ысқырық, бор, гимнастикалық жабдықтар: төсеніштер, орындықтар, гимнастикалық ағаш ат, көпірше. Екі қанатты арыс, маттар.Екі қанатты арыстағы жаттығулар интернет ресурстарына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=wkV3HMocam4https://www.youtube.com/watch?v=cmAA5dfST0M«Мектептегі гимнастиканың теориясы мен əдістемесін үйрету негіздері » https://inside.wksu.kz/dmdocuments/%D0%9C%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B5%D0%BF%D1%82%D0%B5%D0%B3%D1%96_%D0%B3%D0%B8%D0%BC%D0%BD%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D1%82%D0%B5%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B_%D0%BC%D0%B5%D0%BD_%D3%99%D0%B4%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D1%81%D1%96%D0%BD_%D2%AF%D0%B9%D1%80%D0%B5%D1%82%D1%83_%D0%BD%D0%B5%D0%B3%D1%96%D0%B7%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%96_.pdf



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу