Снарядтағы жаттығулар кезіндегі өзін-өзі реттеу. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 34 сабақ.


Әдістемелік нұсқау

3 бөлім: Құрал жабдықтар арқылы гимнастика дағдыларын арттыру

Сабақтың тақырыбы: Снарядтағы жаттығулар кезіндегі өзін-өзі реттеу

Оқу мақсаты: 6.1.4.1. Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсіну және түсіндіре білу

Сабақтың мақсаты: Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінуге және түсіндіре білуге үйрету

  • Сабақтың басы.

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Білім алушылар гимнастикамен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Білім алушылар жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды.

  • Сабақтың ортасы.

1 тапсырма.

(Ж, ҚБ) Арқанға, сырыққа өрмелеп шығу.Үш тәсілмен арқанға өрмелеп шығу. Арқанға ілініп тұрған күйден, екі қолмен қолды созып арқанды ұстау.

Бірінші тәсіл: Аяқты мүмкіндігінше көтеріп, арқанды қысып, аяқтың өкшесімен және тіземен қысып көтерілу(аяқты бүгіп ілініп тұру).

Екінші тәсіл: Бүгілген аяқпен арқанды қысып, қол мен тартылып аяқты түзеу(бүгілген қолда ілініп тұру).

Үшінші тәсіл: Кезек-кезек қолмен жоғары тартылу, аяқпен қысып тұру.

Екі тәсілмен арқанға өрмелеу. Б.қ. - арқанға ілініп тұру, оң қол жоғарыда сол қол бастын бойында.

Бірінші тәсіл: Аяқты мүмкіндігінше жоғары көтеріп арқанды қысу.

Екінші тәсіл: Аяқпен арқанды қысып қолмен ұстап тұрып, сол қолмен жоғары тартылып аяқты жазу, түзеу.

Арқанмен өрмелеуді үйретудегі оқыту тапсырмалары:

    • Асыла отырып, екі аяқ екі жақта.
    • Асыла отырып, екі аяқ екі жақта тұрған қалыптан асыла тұрып екі аяқ екі жақта қалыпқа ауысу(қолды ауыстыру арқылы) қалыпты жағдайға өту.
    • Асыла отырып, екі аяқ екі жақта бүгілген жəне қолды түзету.(6-8 рет)
    • Асыла тұрып секіру арқылы қолды бүгіп, екі аяқпен арқанды қысу.
    • Секіру арқылы асыла тұрып қолды бүгіп жəне түзетіп, арқанды аяқпен қысу(5-6 рет)
    • (қол бастан жоғары болу керек) Асыла тұра секіріп қолды бүгіп, сол қалыпта 3-5 секунд тұру.(3-4 рет)
    • Асыла тұрып тартылу(ер балалар 3- рет, қыз балалар 1-2 рет)
    • Асыла отырып(гимнастикалық орындық,гинастикалық ат) арқанды екі аяқпен қармау.
    • Асыла отырып арқанды аяқпен қармау жəне арқан бойымен өрмелеу.
    • Қолды бүгіп, түзеу арқылы асыла отырып арқанды аяқпен қармау.
    • Бүгілген қолмен асыла тұрып арқанды аяқпен қармау(5-6 рет)(тез жəне арқанды дұрыс қармау)
    • Арқанды аяқпен қармап бүгілген қолмен 2-3 м биіктікке арқанмен өрмелеу.
    • 3-4 м мүмкіндігінше тез өрмелеу(уақытқа)
    • Арқанда өрмелеу.(уақытқа өрмелеу)Өрмелеу жылдамдығын анықтап үйрену.
    • Үш əдіспен арқанмен өрмелеу.(уақытқа)
    • Екі əдіспен арқанмен өрмелеу.(уақытқа)

Осы аталған оқу тапсырмаларын меңгеру арқылы аяқтың көмегімен арқанмен өрмелеуді дұрыс жəне жылдам үйренеді.

Гимнастика сабақтарында қолданылатын қауіпсіздік ережелері.Белгілі бір спорт жабдығында гимнастикалық жаттығуларды бірнеше оқушы бір мезгілде орындауда жарақаттанып қалудан сақтану керек. Мысалы, 2, 3 бала бірден барып кермеге асылуға болмайды;Спорт құралдарында (үлкен және кіші ағаш ат, бөрене, керме, шығыршық, арқан, гимнастикалық қабырға т. б. жаттығу орындағанда) секіргенде жерге міндетті түрде екі аяқпен тізені бүгіп түсу керек;Спорт жабдықтарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың дұрыстығын тексеріп алу керек.Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға болмайды;Мұғалімнің немесе әріптесіңнің көмегінсіз спорт құралдарында күрделі жаттығулар орындауға болмайды;Дене шынықтыру жаттығулармен шұғылданатын, спортпен айналысатын бала әр уақытта басқаларға үлгі болу керек.1. Денені қыздырып алмай күрделі жаттығуларды орындауға болмайтындығы есте ұстаңдар.2. Гимнастикалық құрал - жабдықтарда тек қана мұғалімнің көмегімен жаттығу керек.3. Жүгіріп келіп секіретін жолда және секіріп түсетін орында тұруға болмайды.4. Секіріп түсетін жерлерге гимнастикалық төсеніш төсеу қажет.5. Спорт жабдықтарынан (ат, бөрене, гимнастикалық қабырға) секіргенде, жерге міндетті түрде екі аяқпен түсу керек.6. Біріңнен соң бірің жүріп келе жатқан кезде және жаттығу орындау кезінде ара қашықтық қатаң сақталсын.7. Гимнастикалық құрал - жабдықтардың қолдануға жарамдылығын анықтап алу қажеттілігін ұмытуға болмайды. Құрал - жабдықтардың таза болуын, тот баспауын қадағалап отыру керек. Снарядтарын бекітілуі мұқият тексерілсін.8. Арқан бойымен төмен түскенде екі қолымен кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек.9. Гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды.10. Гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.

Өрмелеу жаттығуларын анықтайттын терминдер.

  • Гимнастикалық орындықпен, қабырғамен (на гимнастической скамейке, стенке) -
  • Біртекті өрмелеу тəсілі (одноименный способ лазанья) - тігінен асылып тұрып өрмелеу, оң аяқты адымдап қозғау арқылы жаттығушылардың оң қолымен қармап ұстау қозғалысы.
  • Түрлі өрмелеу тəсілдері (разноименный способ лазанья) - жаттығушы сайманға өрмелеген қалпында, бірақ оң аяқпен қозғала отырып, қармап ұстауды сол аяғымен орындайды.
  • Бір мезгілдегі өрмелеу тəсілі (одновременный способ лазанья) - жоғарыдағы екі тəсіл секілді, бірақ аяқпен қозғала отырып, қармап ұстауды екі қолмен жүзеге асырады.
  • Секіріп өрмелеу (лазанье прыжками) - гимнастикалық орындық немесе гимнасткалық қабырға бойымен жүрлей отырып асылу жағдайында секіріп өрмелеу.
  • Қосымша нұсқау: бұл жаттығуды орындау барысында ұқыпты түрде сақтану керек.
  • Арқанмен өрмелеу (лазанье по канату) – қолды бүгіп асылып өрмелеу (лазанье в висе на согнутых руках) - жаттығушылардың қолдарымен алма кезек арқанды қармай ұстауы арқылы жоғары өрмелеу қозғалысы.

Екі тəсілмен өрмелеу (лазанье в двух приемах) - арқанда асылып тұрудың қалыпты жағдайы.

Бірнші тəсіл – қолмен тартыла отырып, арқанды тізені бүге ұстау арқылы орап

алу.

Екінші тəсіл – аяқты жазып жіберіп (сермеліп), арқанды қармап ұстау арқылы

тік қолмен асылуға көшу.

Үш тəсілмен өрмелеу (лазанье в трех приемах) - асылудағы қалыпты жағдай. Бірінші тəсіл –аяқты бүгіп, арқанғатабанымен ұстану(бір аяғымен көтеріле,

екіншісінің табанымен ұстану).

Екінші тəсіл – аяқпен ұстануды босаңсытпай, қолды бүгіп, аяқты сермеліп жазу. Үшінші тəсіл –қолдарымен алма кезек.

  • Төрт тағандап еңбектеп өту (переолзание на четвереньках) - қолға тіреліп, тізерлеп қозғалу:

Бір аяқтың тізесін алға жылжытып, сонымен бірге қолды жарты қадам алға қою. Жартылай төрт тағандап еңбектеп өту (переползание на полу четвереньках) -

жоғарыда айтылғандай, бірақ шынтаққа тіреліп қозғалу.

 Бір жағымен еңбектеп өту (переползание на боку) - бір жамбасымен жатып шынтаққа жəне сол жақ аяққа тіреліп қозғалу.

Ет бетімен еңбектеп өту (переползание по пластунски) - бір қолмен тіреліп, аяқты кезек қозғау арқылы ішпен жатып еңбектеу

2 тапсырма.

(Ж, ҚБ) Қолды тіреп секіру - биіктігі 100-110см ағаш аттан аяқ екі жаққа көлденеңінен секіру техникасын үйрену үшін келесі дайындық жаттығуларын орындайды:

  • екі қолмен ағаш аттан ұстап тұрып, бір орында көпіршеде секіру;
  • екі қолмен ағаш аттан ұстап тұрып, бір орында көпіршеде секіріп, екі аяқты екі жаққа сермеу;
  • екі қолмен ағаш аттан ұстап тұрып, бір орында көпіршеде секіріп, екі тізені ағаш аттың үстіне қою;
  • екі қолмен ағаш аттан ұстап тұрып, бір орында көпіршеде секіріп, екі тізені ағаш аттың үстіне қойып, ағаш аттың үстіне шығып тұру;
  • екі қолмен ағаш аттан ұстап тұрып, бір орында көпіршеде секіріп, екі тізені ағаш аттың үстіне қойып, ағаш аттың үстіне шығып тұру, ағаш аттан бүгіле аяқты қосып секіріп түсу;
  • жүгіріп келіп гимнастикалық көпіршеден итерілу, екі қолды алға-жоғары көтеріп, екі қолмен итерілген кезде жамбас буынын бүгіп, иықпен қолды көтеріп, аяқты екі жаққа созып, бүгіле аяқты қосып түсу.

 Тірене секіру

 Екпін алу (разбег). Жүгіру кезінде жұлқынып шап – шаңдату болмауы керек. Екпін алу жылдадығының тұрақсыздануы кейінгі аяқтың жұлқи көтеру жаттығуларын орындау сапасына кері әсер етеді. Оны болдырмау үшін шұғылданушылар:

  •  екпін алуды бір бастапқы қалыптан бостауы тиіс;
  •  екпін алудың тұрақты ұзындығы болуы тиіс;
  •  екпін алу жылдамдығын біртіндеп ұлғайту керек.

 Екпін алу ұзындығы қондырғыға, секіру түріне, жеке дара ерекшеліктерге , жаттығуды меңгеру техникасының дәрежесіне және т.б. байланысты болады. Жаңадан бастаған гимнасттардың екпін алу ұзындық 12-15 метр аспайды.

 Серіппелі тұғырға (мостик) секіру көлденең жылдамдық жоғары болғанда орындалады. Серіппелі тұғырға секіру алдында жылдамдықтың төмендеуі секіру нәтижесі кері әсер етеді және бұл екпін алу дұрыс орындалмағанын білдіреді. Секіру кезінде дене алға қара бүгіледі; аяқ дене тұсында ; бүгілген жұлқи көтеретін аяқ сермейтін аяққа жақындайды. Сосын аяқтарды қосып, тік аяқтар алға қарай жіберіледі. Тұғырға секіргенде қол төмен алға қарай қимылдай бастайды. Аяқ тұғырға тиген сәтте қол төменде болуы тиіс. Бұл қолды келесі сермеу үшін маңызды.

 Серіппелі тұғырдан қондырғыға дейінгі арақашықтық екпін алу жылдамдығына байланысты: жылдадық көп болса, соғұрлым тұғыр алыста тұрады.

 Аяқпен жұлқи көтерілу

 Гимнасттар аяқтарын жұлқи көтерілетін жерге нақты қояды. Осы мақсатта серіппелі тұғырға секіргеннен кейін олар аяқтың тізе мен ұршық буындарын жазып, аяқтың ұшын бүгеді. Аяқты нақты қою кезінде бұлшық еттер алдымен тебу үшін жиырылады және көтерілу фазасында аяқты бүгу әсерінен созылады. Бұл жағдайда бұлшықеттің жиырылу күші көбірек, аяқты тебу уақыты анағұрлым кемиді. Осылайша, аяқты нақты қойып тебу 0,9-0,12 секунд өтеді, ал аяқты нақты қоймаған жағдайда 0,15-0,18 секунд ішінде өтеді.

 Серіппелі тұғырға тік аяқтың ширыққан ұшымен секіреді. Аяқпен жұлқи көтерілу тиімділігіне қолды уақытылы сермеу әсер етеді. Гимнасттардың көбі қолды артынан төмен қарай, ал сосын алға – жоғары сермейді. Қол қимылы бас деңгейіне келіп тоқтайды.

 Қолмен жұлқи көтерілу.Гимнаст қолды қондырғыға дененің алдында қояды, осының арқасында көтерілу алдында кідіріс болады. Саусақтарды жұлқи көтерілетін жерге параллель қояды. Қолмен жұлқи көтерілу дене қозғалысына қарсы орындалады. Қолымен белсенді және қысқа жұлқи көтерілу иық тірек аумағцы арқылы өтетін вертикальды басып өткенде аяқталуы тиіс.

 Қолмен жұлқи көтерілгеннен кейін шарықтау. Шарықтау кезіндегі гимнаст денесінің қалпын секіру түрі анықтайды. Тік секіруді орындау кезінде көтерілгеннен кейін қол алға емес, артқа – жоғарыға көтеріледі. Белгілі секіру түрін анықтайтын жағдайды белгілеп алған соң гимнаст иіледі (аяқты ашып секіру, аяқты бүгіп секіру және т.б.). Ангық белгіленген қалып ұзақ сақталса, соғұрлым секіру сапасы жоғары.

 Жерге секіру. Жерге аяқтың ұшымен қонғаннан кейін дереу табанымен тұру керек және біртіндеп аяқты сәл бүгу қажет. Бұл жағдайда өкше бірге , аяқтың ұштары мен тізе екі жақта, қол алға-сыртқа, дене алға сәл бүгілген (басты алға қарай имеу керек).

  Тік секіру Тірене секіруге үйрету үшін әртүрлі секірулерді орындау үшін қажетті білім мен дағдыны қалыптастыруға бағытталған алдын ала дайындық қажет.

 Техника негізін үйретуді жерге орнықты қонудан бастаған орынды. Содан кейін екпін алу техникасы, бір аяқпен секіруден екі аяқпен секіруге өту және аяқпен жұлқи көтерілу, тірексіз секіру техникасы, қолмен жұлқи көтерілу және қолмен жұлқи көтерілгеннен кейінгі тірексіз фаза техникасы меңгереді.

 Секірудің жеке фазаларын меңгергеннен кейін ғана тірене секіруге өту керек.

Алдымен шұғылданушыға жерге қону кезінде секірушінің денені дұрыс ұстауын түсіндіру қажет. Осы мақсатта оқытушы келесі тәсілді қолданады: шұғылданушылар негізгі тұрыстан жартылай жүрелеп отырады, өкше бірге, аяқтың ұшы мен тізе екі жақта , арқаны тік ұстап, қолдар жоғары-сыртқа. Бұл жағдайда 2-3 секунд тұрады. Егер шұғылданушы осы қалыпта 5 скеунд тұрса, тапсырманы орындалды деп есептеуге болады. Ары қарай бұл жаттығу орнынан екі аяқпен жұлқи көтеріліп секірген соң орындалады. Жерге қону дағдысын тұрақтандыру үшін 30-40 сантиметр биіктіктен секіру орынды келеді.

 Шұғылданушылардың ынтасын көтеру және жоғарыдан секіру дағдысын тұрақтандару үшін келесі мәселерді шешу орынды:

 а) белгіленген жерге дәлме-дәл қону, мысалы бормен сызған шеңбер ішіне;

 б) секіруді әртүрлі қосымша қимылдармен бірге (қол шапалақтау, допты қағу, бұрылу т.с.с.) және көзді жұмып орындау.

 Егер шұғылданушы 10 әрекеттің 7-8 –ін дұрыс орындау, денесін тік ұстап қонса, секіру қондырғысының биіктігін 10-15 сантиметрге көбейтуге болады.

 Жерге дәл қонуды меңгеру үшін ұзақ жаттығу қажет. Алғашқы кездерде биіктіктен секіруге үйретуді әрбір сабақта 10-15 минут жүргізу керек.

 Екпін алу техникасына үйрету үшін алдымен жүгіру қадамдарының техникасын үйрету қажет. Ол үшін келесі жаттығуларды орындау қажет:

  а) жүгірген кездегі қолдың қимыладры тәрізді бір орында тұрып қолды қозғалту ;

  б) гинастикалық қондырғыға қолды тіреп, санды жоғары көтеріп, бір орнында жүгіру;

 в) қолды тіремей осы жаттығуды орындау.

 Үйретудің келесі кезеңі – жаттығуларды қозғалыста орындау. Бұл жаттығуларға жататындары:

 а) аяқтың ұшымен баяу жүгіру;

 б) санды өте жоғарцы көтеріп жүгіру (қол төменде);

 в) шапшаңдық алмай қолды қозғалтып еркін жүгіру;

  г) біртіндеп жылдамдықты күшейтіп 10-15 мертге жүгіру.

 Бір аяқтан екі аяққа секіру және екі аяқпен жұлқи көтерілуге келесі жүйелілікпен үйретеді:

 1. Қондырғыға қолды тіреп, екі аяқты бірге қойып секіру. Жаттғуды жылдам аяқтың ұшымен орындайды. Бір ырғақпен бірден 8-10 секіруді орындау. Қолды тіремей осы жаттығуды орындау.

 2. Б.Қ. – тізерлеп тұру. Қолды сермеп тік тұру.

 3. Қолды сермеп, екі аяқты жұлқи көтеріп секіру (бір орнында).

 Бір аяқтан екі аяққа секіру және екі аяқпен жұлқи көтеріліп секіруге үйрету үшін келесі жаттығуларды орындау қажет:

 а) 2-3 қадам жасағаннан кейін бір аяқпен жұлқи көтеріліп, екі аяқпен жерге қону;

 б) дәл осы жаттығу , жоғары секірумен аяқталады;

  в) екі-үш қадам екпін алып серіппелі тұғырға секіру және ырғақпен арқанға секіру. Арқанды иық деңгейінде қолымен ұстап, кеудесін тигізбей жерге түседі. Арқан астында төсеніш төсейді. Серіппелі тұғыр арқаннан 50-70 сантимертге арақашықтықта қойылады.

 Қолмен жұлқи көтерілуге үйрету - өте көп еңбекті талап ететін үрдіс. Мұнда техникадан басқа студенттің дене дайындығының маңызы зор. Сондықтан техниканы меңгеру барысында қол мен иықтың бұлшық еттерін дамытытын дайындық жаттығуларын үнемі қолдану қажет. Мұндай жаттығуларға жататындары :

  а) кеуде тұсынан екі қолмен нығыздалған допты лақтыру;

 б) етбетінен жатып тіренуден екі қолмен жұлқи көтерілу (студент бірден арасында алақанды шапалақтап 10-15 көтеріле алуы тиіс),

  в) ортекеде (козел) жатқан нығыздалған допты лақтыру.

 Қолмен жұлқи көтерілуге үйрену үшін келесі жаттығулар ұсынылады:

  а) бір біріне қойылған төсенішке қарап , жүрелеп отырып, аяқпен жұлқи көтеріледі және төсенішке секіреді, қолға тіренеді, қолды итеріп жіберіп, аяқты ашып тік тұру, қол жан-жақта.

  б) етбетінен жатып еденге тірену қалпынан жұлқи көтерілу кезінде болатын жеке ден тұрыстарын екі серіктің көмегімен белгілеу.

 Көлденең (ұзын) ортеке (козел) – арқылы аяқты бүгіп секіру. Қатты жүгіріп келіп, серіппелі тұғырға секіру. Аяқты жұлқи көтергенде аяқты тізе және ұршық буындарында бүгіп жамбасты көтеру. Осы қалыпта, қондырғы үстінен өтеді, содан кейін денеі жазып , аяқ төмен-артқа беріліп, қол жоғары көтеріледі, секіруші иіліп , жерге қонады.

 Секіруді орындау жүйелілігі : 1. Тұрған орнында аяқты алға бүгіп, жоғары секіру. 2. Жүрелеп отыру , секіріп келіп жүрелеп отыру, қол жоғарыда – сыртқа қараған. 3. Жаып тінеу қалпынан аяқтың ұшымен теуіп, жүрелеп отырып тірену, тізе бірге және сосын қайтадан жатып тірену. 4. жатып тірену қалпынан аяқты жұлқи көтеріп, жүрелеп отырып тірену және қолымен қатты теуіп, көтерілу.

 Ағаш аттың (конь) ұзындығында аяқты ашып, ағаш аттың шеткі бөлігінде қолмен жұлқи көтеріліп секіру (130сур.) сермеу және сермеусіз орындалады. Қол қондырғыға денеден анағұрлым алда қойылады. Қолды 90º - ден кіші бұрышқа қойатын болса көтерілу тиімді болмайды, өйткені иық алға құлап кетеді.

 Аяқты жан-жаққа ашу қолмен көтерілу және ұршық буынының бүгілуімен бір мезгілде болады. Жамбас жоғары көтеріледі.

 Секіруге үйрету кезінде ең алдымен шұғылданушыларға аяқты жан-жаққа дәл ашуға және осы қалыпқа назар аударту керек. Ол үшін келесі жаттығулар қолданады: бір орнында тұрып екі аяқты жұлқи көтеріп , аяқты ашып, жауып секіру; 50-100 сантиметр биіктікке шалқайып, аяқты ашып секіру.

 Қолмен жұлқи көтерілу кезінде бір мезгілде жамбасты жоғары көтеріп, аяқты ашуды меңгеру үшін келесі жаттығулар қолданылады:

 1. Еденде жатып тіренуден аяқты жұлқи көтеріп, аяқты ашып бүгіліп тұрып тірену қалпына өту. 2. Бір орнында тұрып, қолға тіреніп секіру. Жаттығуды орындау кезінде аяқты ашқанда жамбас иық деңгейіне дейін жетуін қадағалау қажет.

 Секіруді үйретудің жүйелілігі :

 1. Ортеке ұзындығының аяқты ашып секіру.

 2. Ұстағышы бар ағаш ат көлденеңінде аяқты ашып секіру .

 3. Ұстағышы жоқ ағаш ат көлденеңінде аяқты ашып секіру

 4. Тығыз қойылған екі ортекеден шеткі қондырғыдан жұлқи көтерідіп, аяқты ашып секіру.

 5. Үстіне төсеніш төселген (биіктігі 100 сантиметр) ағаш ат ұзындығында аяқты ашып секіру.

  • Сабақтың соңы.

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік.Гимнастикалық ағаш ат, көпірше, маттар, Гимнастикалық арқан немесе сырық, маттар.Арқанға өрмелеп шығу әдістері интернет ресурстарына сілтеме:http://nsportal.ru/blog/nachalnaya-shkola/all/2012/11/19/lazanie-po-kanatu-metodika-obucheniyaАрқанға өрмелеп шығу әдісін үйрену интернет ресурсына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=mzh__DLCR4Mhttps://www.youtube.com/watch?v=BmZujA6jixs

Гимнастикалық ағаш аттан секіру техникасын үйрену интернет ресурстарына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=Bs13G1_olbM

«Мектептегі гимнастиканың теориясы мен əдістемесін үйрету негіздері » https://inside.wksu.kz/dmdocuments/%D0%9C%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B5%D0%BF%D1%82%D0%B5%D0%B3%D1%96_%D0%B3%D0%B8%D0%BC%D0%BD%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D1%82%D0%B5%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B_%D0%BC%D0%B5%D0%BD_%D3%99%D0%B4%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D1%81%D1%96%D0%BD_%D2%AF%D0%B9%D1%80%D0%B5%D1%82%D1%83_%D0%BD%D0%B5%D0%B3%D1%96%D0%B7%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%96_.pdf



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу