Қауіпсіздік ережесі. Саптағы жаттығулардың элементтері. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 25 сабақ.


 

 

 

 Дене шынықтыру сабағының №25 қысқа мерзімді жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3 бөлім: Құрал жабдықтар арқылы гимнастика дағдыларын арттыру

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қауіпсіздік ережесі.

Саптағы жаттығулардың элементтері

Оқу мақсаттары

6.3.4.1. Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіне білу

Сабақ мақсаттары

Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіндіру

Бағалау критерийлері

Гимнастикадағы денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіне біледі.

Тілдік мақсаттар

 

Композициялық дайындық кезінде жеке, жұптық және топтық гимнастикалық тапсырмаларын көрсете және сипаттай алады.

Мыналарды қамтиды:

  • гимнастикалық снаряд, көтеру орнына қою;
  • мақсат, тәуекел, қауіпсіздік;

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Снарядтарда жаттығулар орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек?
  • Егер сіз сабақ кезінде өзіңізді нашар сезінсеңіз, қолыңыздың терісі немесе жаралардың қызаруы, пайда болса қандай әрекет жасайсыз?

Құндылықтарға баулу

Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу.

Пәнаралық байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі

Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған гимнастика бойныша білімдері мен дағдылары бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Сабақтың барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы (тайм-менеджмент)

0-4мин

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Үлкен бос кеңістік.

 

Сабақтың ортасы

(тайм-менеджмент)

5-18мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18-34мин

 

  • (С, ҚБ) Білім алушылар гимнастикамен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.
  • Осы тапсырманың дескрипторлары:
  • Гимнастика сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;
  • Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі.
  • Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Гимнастикамен айналысқан кезде жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

) Білім алушылар жүгіру жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды.

(С, Ж, ҚБ) Білім алушылар келесі саптағы гимнастикалық жаттығуларды орындайды:Бір орында:- Бір қатардан екі қатарға тұру.- Екі қатардан бір қатарға тұру.

Жүрісте:- Бір тізбектен ортадан екі тізбекке жүру.- Бір тізбектен ортадан үш тізбекке жүру.- Бір тізбектен ортадан төрт тізбекке жүру.Содан соң екі, үш, төрт тізбектен бір тізбекке шығу.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

Гимнастика сабағындағы қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

бір қатардан екі қатарға тұрады;

екі қатардан бір қатарға тұрады.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Үлкен бос кеңістік.

Гимнастика сабағындағы қауіпсіздік ережелеріне сілтеме:

http://marisoft.ru/load/tb/tekhnika_bezopasnosti_pri_provedenii_zanjatij_po_gimnastike/14-1-0-188

Үлкен бос кеңістік.

Гимнастика бойынша пайдалы ақпарат интернет ресурстарына сілтеме:

http://www.netref.ru/lekciya-30-soj-30-obsoj-30-barli-safat-sani-90-1-rb-30ball-2rb.html?page=6

Саптық жаттығулар интернет ресурсына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=zG7H-25rlSk

https://www.youtube.com/watch?v=0LGVnYo-Mwg

https://www.youtube.com/watch?v=qxzlRo__-oQ

Сабақтың соңы

(тайм-менеджмент)

35-40 мин

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

 - нені білдім, нені үйрендім?

 - нені толық түсінбедім?

 - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалау ұсынылады.

Рефлексия парағы

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін барлық білім алушылар біледі және қолданады деп жоспарлап отырмын.

Қабілеті жоғары оқушыларға Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін сақтап және қолдану кезінде сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Сонымен қатар:

 Оқуды бақылау

 Сұрақтар мен жауаптар

 Бірін-бірі бағалау

 Білім алушыларды рефлексиялау арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 Жалпы баға

 

 Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 Белгілер:

 С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

 Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу