Қауіпсіздік ережесі. Саптағы жаттығулардың элементтері. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 26 сабақ.


Әдістемелік нұсқау

3 бөлім: Құрал жабдықтар арқылы гимнастика дағдыларын арттыру

Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі. Саптағы жаттығулардың элементтері

Оқу мақсаты: 6.3.4.1. Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіне білу

Сабақтың мақсаты: Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіндіру

  • Сабақтың басы.

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

  • Сабақтың ортасы.

1 тапсырма.

Білім алушылар гимнастикамен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Білім алушылар жүгіру жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды.

Білім алушылар гимнастикамен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.

Гимнастика сабақтарында қолданылатын қауіпсіздік ережелері.Белгілі бір спорт жабдығында гимнастикалық жаттығуларды бірнеше оқушы бір мезгілде орындауда жарақаттанып қалудан сақтану керек. Мысалы, 2, 3 бала бірден барып кермеге асылуға болмайды;Спорт құралдарында (үлкен және кіші ағаш ат, бөрене, керме, шығыршық, арқан, гимнастикалық қабырға т. б. жаттығу орындағанда) секіргенде жерге міндетті түрде екі аяқпен тізені бүгіп түсу керек;Спорт жабдықтарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың дұрыстығын тексеріп алу керек.Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға болмайды;Мұғалімнің немесе әріптесіңнің көмегінсіз спорт құралдарында күрделі жаттығулар орындауға болмайды;Дене шынықтыру жаттығулармен шұғылданатын, спортпен айналысатын бала әр уақытта басқаларға үлгі болу керек.1. Денені қыздырып алмай күрделі жаттығуларды орындауға болмайтындығы есте ұстаңдар.2. Гимнастикалық құрал - жабдықтарда тек қана мұғалімнің көмегімен жаттығу керек.3. Жүгіріп келіп секіретін жолда және секіріп түсетін орында тұруға болмайды.4. Секіріп түсетін жерлерге гимнастикалық төсеніш төсеу қажет.5. Спорт жабдықтарынан (ат, бөрене, гимнастикалық қабырға) секіргенде, жерге міндетті түрде екі аяқпен түсу керек.6. Біріңнен соң бірің жүріп келе жатқан кезде және жаттығу орындау кезінде ара қашықтық қатаң сақталсын.7. Гимнастикалық құрал - жабдықтардың қолдануға жарамдылығын анықтап алу қажеттілігін ұмытуға болмайды. Құрал - жабдықтардың таза болуын, тот баспауын қадағалап отыру керек. Снарядтарын бекітілуі мұқият тексерілсін.8. Арқан бойымен төмен түскенде екі қолымен кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек.9. Гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды.10. Гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.

2 тапсырма.

(С, Ж, ҚБ) Білім алушылар келесі саптағы гимнастикалық жаттығуларды орындайды:Бір орында:- Бір қатардан екі қатарға тұру. - Екі қатардан бір қатарға тұру.

Жүрісте:- Бір тізбектен ортадан екі тізбекке жүру.- Бір тізбектен ортадан үш тізбекке жүру.- Бір тізбектен ортадан төрт тізбекке жүру.Содан соң екі, үш, төрт тізбектен бір тізбекке шығу.

Гимнастика сабағын əртүрлі əдіс-тəсілдерді қолдану арқылы өткізуге болады.

Топтық əдіс: Топтық əдісте жаттығуды 5-10 немесе сыныптағы барлық оқушылар біруақытта орындайды. Ол үшін мектептің гимнастика залында қажетті құрал –жабдықтар болу керек.Мысалы баспалдақ,арқан,гимнастикалық қабырға,гимнастикалық орындық, бөрене жəне т.б. Бұндай құрал-жабдықтың түгел болуы топтық жұмысты қызықты етіп өткізуге жол ашады.Бір оқушы жаттығуды орындайды, кейбіреуі жолдасына көмек көрсетеді.Осылайша оқушылардың белсенділігін арттырып, қызығушылығын тудырады. Ағымды əдіс:- бұл əдісте оқушылардың жаттығуды 1-2 м арақашықтықта бірінен соң бірі орындайды. Бұл əдісті қолданып көлбеу орналасқан орындыққа, баспалдаққа, гимнастикалық қабырғаға шыққанда,орындықтың үстімен тепе-теңдік жаттығуын орындағанда, бөренемен жүргенде,биіктікке жəне жəне жүгіріп келіп ұзындыққа секіргенде, акробатикалық жаттығуларды орындағанда, тірелу жəне асылу жаттығуларын орындағанда қолдануға болады.

Ағынды əдісті пайдаланып сабақ ұйымдастыру мысалдары:

  • Қиғаш орналасқан орындыққа өрмелегенде гимнастикалық орындықтың санына сəйкес топ бөлімдерге бөлінеді. Əрбір топ мүшелері өздерінің орындығына қарсы бірінен соң бірі 1 м арақашықтықты сақтап жаттығуды орындайды. Əрбір оқушы жаттығуды орындап гимнастикалық қабырғадан түсіп орнына қайтып келеді немесе мұғалімнің айтуы бойынша қайтадан орындайды.
  • Тепе-теңдік жаттығуларын орындаған кезде қажетті құрал жабдықтарды пайдаланып бірінен соң бірі берілген жаттығуды орындау қажет.Құралдардың əртүрлі болуына байланысты бір жабдықтан екінші жабдыққа өту керектігін ескеру қажет.
  • Бір ағында əртүрлі жаттығулар орындау үшін залға барлық құралдар дөңгелек немесе төртбұрышты орнатылады.Құрал-жабдықтар оқушылар жаттығуды орындау кезінде бір-біріне соқтықпас үшін жəне бір-біріне кедергі жасамастай етіп орналастырылады. (33 сурет),

Əрбір топ құрал-жабдықтардың қасында белгілі орында орналасады. Жаттығуды мұғалім көрсетіп түсіндіргеннен кейін оқушыларға орындауға бұйрық беріледі. Жаттығуды қайталау санын мұғалім анықтайды.Оқушылар жаттығуды бірнеше рет орындағаннан кейін, жаттығудың мазмұнын өзгертуге болады.

Ағындағы жаттығу əдісі арнайы үйретуді қажет етпейтін қарапайым болу керек. Мұғалім жаттығудың орындалуын қадағалап, қажетті нұсқауды беріп отыру қажет. Егерде қайсыбір оқушылар жаттығуды қалай орындайтынын түсінбесе, ол оқушыны топтан бөліп алып не істеу керектігін жеке түсіндіру қажет.

Ойын əдісі:Гимнастикалық жаттығуларды-ойын əдісін пайдаланып өткізуге болады. Сабаққа қимыл-қозғалыс ойындарын, жүгіру,секіру, лақтыру, өрмелеу жаттығуларын қолданып эстафета өткізуге болады. Бұл жаттығулар бірінен соң бірі орындалады.

Топ 2-6 командаға бөлініп сызбада көрсетілген бағытта тұрады.Мұғалім жаттығуларды орындау ретін түсіндіреді.

24 суретте көрсетілген ойынның ережесі: Тұрған жерінен гимнастикалық бөренеге дейін жүгіріп барып,секіріп тіреледі жəне алға қарай асылып жатады, тез тұрып,жүгіріп келіп жіптен секіріп,гинастикалық матада алға қарай тоңқалағасады, тұрып жүгіріп гинатикалық қабырғаға барып жоғарға қарай өрмелеп, тез төмен түсіп өзінің орнына жүгіріп келіп сол жақ бөлікке келіп тұрады.Ойын əдісін əртүрлі жастағы балаларға қолдануға болады. Мұғалім эстафетаның 3 сыныптан бастап жүргізілетін ескеру қажет.

  • Сабақтың соңы.

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік.Гимнастика сабағындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурсына сілтеме:http://marisoft.ru/load/tb/tekhnika_bezopasnosti_pri_provedenii_zanjatij_po_gimnastike/14-1-0-188Гимнастика бойынша пайдалы ақпарат интернет ресурстарына сілтеме: http://www.netref.ru/lekciya-30-soj-30-obsoj-30-barli-safat-sani-90-1-rb-30ball-2rb.html?page=6Саптық жаттығулар интернет ресурсына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=zG7H-25rlSkhttps://www.youtube.com/watch?v=0LGVnYo-Mwghttps://www.youtube.com/watch?v=qxzlRo__-oQ «Мектептегі гимнастиканың теориясы мен əдістемесін үйрету негіздері » https://inside.wksu.kz/dmdocuments/%D0%9C%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B5%D0%BF%D1%82%D0%B5%D0%B3%D1%96_%D0%B3%D0%B8%D0%BC%D0%BD%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D1%82%D0%B5%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B_%D0%BC%D0%B5%D0%BD_%D3%99%D0%B4%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D1%81%D1%96%D0%BD_%D2%AF%D0%B9%D1%80%D0%B5%D1%82%D1%83_%D0%BD%D0%B5%D0%B3%D1%96%D0%B7%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%96_.pdf



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу