Қауіпсіздік ережесі. Саптағы жаттығулардың элементтері. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 25 сабақ.
Әдістемелік нұсқау
3 бөлім: Құрал жабдықтар арқылы гимнастика дағдыларын арттыру
Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі. Саптағы жаттығулардың элементтері
Оқу мақсаты: 6.3.4.1. Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіне білу
Сабақтың мақсаты: Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіндіру
- Сабақтың басы.
Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.
- Сабақтың ортасы.
1 тапсырма.
Білім алушылар гимнастикамен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.
Гимнастика сабақтарында қолданылатын қауіпсіздік ережелері.Белгілі бір спорт жабдығында гимнастикалық жаттығуларды бірнеше оқушы бір мезгілде орындауда жарақаттанып қалудан сақтану керек. Мысалы, 2, 3 бала бірден барып кермеге асылуға болмайды;Спорт құралдарында (үлкен және кіші ағаш ат, бөрене, керме, шығыршық, арқан, гимнастикалық қабырға т. б. жаттығу орындағанда) секіргенде жерге міндетті түрде екі аяқпен тізені бүгіп түсу керек;Спорт жабдықтарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың дұрыстығын тексеріп алу керек.Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға болмайды;Мұғалімнің немесе әріптесіңнің көмегінсіз спорт құралдарында күрделі жаттығулар орындауға болмайды;Дене шынықтыру жаттығулармен шұғылданатын, спортпен айналысатын бала әр уақытта басқаларға үлгі болу керек.1. Денені қыздырып алмай күрделі жаттығуларды орындауға болмайтындығы есте ұстаңдар.2. Гимнастикалық құрал - жабдықтарда тек қана мұғалімнің көмегімен жаттығу керек.3. Жүгіріп келіп секіретін жолда және секіріп түсетін орында тұруға болмайды.4. Секіріп түсетін жерлерге гимнастикалық төсеніш төсеу қажет.5. Спорт жабдықтарынан (ат, бөрене, гимнастикалық қабырға) секіргенде, жерге міндетті түрде екі аяқпен түсу керек.6. Біріңнен соң бірің жүріп келе жатқан кезде және жаттығу орындау кезінде ара қашықтық қатаң сақталсын.7. Гимнастикалық құрал - жабдықтардың қолдануға жарамдылығын анықтап алу қажеттілігін ұмытуға болмайды. Құрал - жабдықтардың таза болуын, тот баспауын қадағалап отыру керек. Снарядтарын бекітілуі мұқият тексерілсін.8. Арқан бойымен төмен түскенде екі қолымен кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек.9. Гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды.10. Гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.
2 тапсырма.
(С, Ж, ҚБ) Білім алушылар келесі саптағы гимнастикалық жаттығуларды орындайды:Бір орында:- Бір қатардан екі қатарға тұру. - Екі қатардан бір қатарға тұру.
Жүрісте:- Бір тізбектен ортадан екі тізбекке жүру.- Бір тізбектен ортадан үш тізбекке жүру.- Бір тізбектен ортадан төрт тізбекке жүру.Содан соң екі, үш, төрт тізбектен бір тізбекке шығу.
- Организмге жан-жақты əсер ету. Тіреу-қозғалыс аппараттың барлық бөлігіне, организмдердің түрлі жүйелерінің функционалды жағдайына жəне организмдердің толықтай өмір сүру қызметіне əсер ететін жаттығулар таңдап алынады. Қозғалыс дағдылары мен функционалды дайындық алу, сонымен қатар дене сапалары – күш, шапшаңдық, төзімділік, икемділік иілгіштікті жетілдіру процестерін біріктіру міндеттері шешіледі.
- Жаттығулар түрлері – гимнастика құралдары. Гимнастиканың бірегейлігі – оның құралдарының – жаттығу түрлерінің шектеусіздігінде. Дене тəрбиесі жəне спорттық жетілдіру процестерінде туындайтын кез-келген міндеттерді сауықтыру, қолданбалы, спорттық сипаттағы тиісті гимнастикалық жаттығулар көмегімен, оларды үтрлі қарқындылық дəрежесімен пайдалана отырып шешуге болады. Ең қарапайым алға еңкеюді бастапқы жағдайлармен түрлендіруге (қосылған аяқпен, не аяқтарды ашып, не отырып), иіле, денені айналдыра қолдардың қосымша қозғалыстарымен, жұптың көмегімен орындауға болады, жəне бұл жағдайда еңкеюдің əрбір түрі өзіндік жаттығу болып табылады, себебі оның орындау бөлек-бөлек міндеттерді шешеді. Гимнастиканың көптеген түрлерінде бөлек жаттығулар емес, олардың кешені пайдаланылады. Гимнастика сабақтарында көптеген түрлі жаттығулар қатары орындалады, соның ішінде снарядтарда орындалатындары да бар. Гимнастиканың спорттық түрлері спортшылар дайындаумен ерекшеленеді.
- Жаттығулардың таңдаулы əсері. Белгілі бір сапалар дамыту, кейбір бұлшық еттер тобын, буындарды бекіту, организмдердің қандайда бір функциясын қалпына келтіру бойынша жиі туындайтын міндеттерді гиманстикалық жаттығуларды, ооларды пайдалану əдістемесін таңдау арқылы шешуге болады. Жаттығуларды – кеңістік уақыт жəне күш сипаттамаларын қатаң белгілеу дененің кез-келген бөлігі мен орындарға локальды əсер етуге мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндіктер, көбіне, емдік дене тəрбиесінде, арнайы дене дайындығында, спорттың басқа түрлерінде пайдаланылады.
- Сабақты регламенттеу жəне жүктемені нақты реттеу. Гимнастикалық əдістеме қозғалыс бағдарламасыныың қатаң регламенттелуімен ғана емес, сонымен қатар сабақты ұйымдастырудыға, жаттығуларды мөлшерлеудегі жəне жүктемені реттеудегі салыстырмалы түрдегі шектеулермен сипатталады.
Қозғалыс актілерін орындаумен ғана емес, сондай-ақ тұлғаның моральдық жəне ерік-жігер қассиеттерін тəрбиелеумен, оқытуда ұжымдық əрекеттермен бірлестікте дараландырумен байланытыпедагогикалық міндеттер гимнастика сабақтарын ұйымдастырудың дəстүрлі түрлері, соның ішінде сабақ түру арқасында шешіледі. Оқытушылардың сабақ түрі залда тəртіп сақтауды, өз əрекетін жолдастарының əрекеттерімен келістіруді, əсіресе топтық жаттығуларда жəне көмек пен сақтандыру кезіндегі тəртіпті талап етеді. Оқу процесін регламенттеу оқытудың көптеген əдістемелік тəсілдерімен үйлесімде қозғалыс дағдылары мен сапаларын меңгеру мен жетілдірудегі процесті қамтамасыз етеді.
Сабақта жүктемені реттеу жаттығулар таңдау, оларды кездестіру, қайталау саны, қарқын өзгерісі, ауыртпалықтар қолдану жəне т.б. арқылы жүзеге асырылады. Жаттығулардың мазмұнын, көлемін жəне қарқынын өзгертулердің мұндай мүмкіндіктер диапазоны оларды түрлі жастағы, үтрлі дайындық дəрежесіндегі контингентке қол жетімді етеді.
- Жаттығуларды күрделендіру жəне араластыру, бір жаттығуды түрлі мақсатта қолдану мүмкіндігі. Гимнастикада сабақтардың қарқындылығын арттырудың қарапайым тəсілі болып неғұрлым күрделі қозғалыстарды меңгеру, жаттығулардың өзін күрделендіру (олардың орындалу жағдайларын, бастапқы жəне соңғы жағдайларды, орындау жылдамдығын өзгерту ғана емес, қатар олардың бір-бірімен жаңаша бірігуі, дəрежесі бойынша түрлі қиындықтағы композицияларға біріктіру арқылы жүзеге асырылады). Жаңа элементтер құру, бірегей – композициялар жасау оқытушылардың да, оқушылардың да шығармашылық қабілеттерін ашады.
Түрі бойынша бірдей жаттығулар түрлі мақсаттарды пайдаланылуға мүмкін.
Мысалы, белгілеу бойынша секіру балалармен күштерін əрекет дəлдігімен келістіру мақсатында меңгеріледі. Осы секіруді сабаққа қызығушылықты арттыру үшін қозғалмалы ойында пайдалануға, ерік-жігер қасиеттерін, ұйымшылдық сезімін тəрбиелеу үшін эстафетада немесе жарыстарда қолдануға болады. Бір жаттығуды орындауда дене сапаларын дамыту бойынша міндеттер немесе эстетикалық жоспардағы міндеттер қойылуы мүмкін, олар орындау сапасын жетілдірілген түрге жеткізуге байланысты болады, мақсаты-жаттығуларды байқау, жарыстарда көрсету.
Осылайша, біріге қарастырылатын гимнастиканың əдістемелік ерекшеліктері
«Гимнастикалық əдіс» ретінде туындаған қатаң регламенттелген жаттығулар əдісін дене тəрбиесінде пайдаланудың кең мүмкіндіктері туралы куəладырады.
- Сабақтың соңы.
Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.
Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.
Ресурстар: Үлкен бос кеңістік.Гимнастика сабағындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурсына сілтеме:http://marisoft.ru/load/tb/tekhnika_bezopasnosti_pri_provedenii_zanjatij_po_gimnastike/14-1-0-188Гимнастика бойынша пайдалы ақпарат интернет ресурстарына сілтеме: http://www.netref.ru/lekciya-30-soj-30-obsoj-30-barli-safat-sani-90-1-rb-30ball-2rb.html?page=6Саптық жаттығулар интернет ресурсына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=zG7H-25rlSkhttps://www.youtube.com/watch?v=0LGVnYo-Mwghttps://www.youtube.com/watch?v=qxzlRo__-oQ «Мектептегі гимнастиканың теориясы мен əдістемесін үйрету негіздері » https://inside.wksu.kz/dmdocuments/%D0%9C%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B5%D0%BF%D1%82%D0%B5%D0%B3%D1%96_%D0%B3%D0%B8%D0%BC%D0%BD%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D1%82%D0%B5%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B_%D0%BC%D0%B5%D0%BD_%D3%99%D0%B4%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D1%81%D1%96%D0%BD_%D2%AF%D0%B9%D1%80%D0%B5%D1%82%D1%83_%D0%BD%D0%B5%D0%B3%D1%96%D0%B7%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%96_.pdf
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру