Спорттық ойындарда тактикалық әрекеттерді қолдану. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 20 сабақ.


Әдістемелік нұсқау

2 бөлім: Командалық спорттық ойындар

Сабақтың тақырыбы: Ойын техникасының дағдысын дамыту

Оқу мақсаты: 6.1.2.1. Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін құру және орындау

Сабақтың мақсаты: Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін құруға және орындауға үйрету

  • Сабақтың басы.

 Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

 Осыдан кейін білім алушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды.

  • Сабақтың ортасы.

 Білім алушылар баскетболмен айналысу кезінде қауіпсіздік ережесі бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.

Баскетбол ойынның қауіпсіздік ережелері:

  • Баскетбол ойынына сәйкес спорттық киім кию, (кроссовка).
  • Баскетбол ойынының техникасы мен такикасын орындау кезінде өте мұқият болу.

Баскетбол қалқанының астында отыруға болмайды.

Ойнаушылар ойын кезінде бір-бірін ұстауына, дөрекі қылық жасауына жол берілмеу.

Допты салмағына сәйкес таңдау.

Жаттығуларды орындауды ұйымдастыру барысында қойылатын біріңғай тлаптарды.

Сабақ басталар алдында оқушылар алқа, сақина, сағат, сырға және т.б. жарақат алуға мүмкіндік тудыратын заттарды шешіп, қыз балалар шаштың түюлері қажет. Қауіпсіздікті сақтау үшін дене тәрбиесі сабағында тиісті спорт киімдерімен ғана қатысу қажет.

Допты алып жүру кезіндегі қауіпсіздік:

  • Жопты жұдырықпен және алақанмен ұрмау.
  • Жылдамдықты азайтып, тоқтай білу;
  • «финтті» қолдана білу;
  • Қарсыласының орын ауыстырылуларын сөзіне білу;

Бір –бірін итермеу;

1 тапсырма.

Артқы тосқауыл. Тосқауылдың бұл түріне үш адам қатысады, сондықтан күрделене түседі. №3 ойыншы №1 ойыншыға допты береді, осы кезде №2 ойыншы сол жағынан жүгіріп шығып, қарсыластың №1 ойыншысының артқы жағынан тосқауыл қояды. Бұл тосқауылдың түрі ойыншылардың дәл өзара әрекеттесігінің арқасында ғана дұрыс орындалады. №2 ойыншы №1 ойыншы допты алысымен бірден тосқауыл қойып, қозғалысты бастау үшін оған бірден белгі беруі қажет, өйткені қалқанға арқасымен тұрған №1 ойыншыға бағдар жасау қиын.

2 тапсырма.

(Т, Ж, ҚБ) Баскетбол алаңында үш команда ойнайды. Екінші және үшінші бестіктер әрқайсысы өз қалқанының астынан қорғаныс аймағын құрады. Доп 2-бестікке бетпе-бет ерікті тәртіпте орналасқан 1-бестік ойыншыларында болады. Мұғалімнің белгісі бойынша 1-бестіктің ойыншылары допты торға лақтыруға тырысып, 2-бестіктің қалқанын шабуылдайды. 2-бестіктің ойыншылары допты қағып әкеткен сәттен бастап, олар тоқтамай, 3-бестіктің қалқанына шабуыл жасайды. Доптан айырылған 1-бестік 2-бестіктің орнында қорғаныс аймағын құрады. Допты иеленген 3-бестік 1-бестікке шабуылды бастайды және т.с.с. Допты лақтырған команда ұпай алады және қорғаныс аймағын құрады, ал ұтылғандар шабуылға шығады. Ойын 10-15 минут жалғасады. Көбірек ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

Ойыншылар ойын уақытысында жеткілікті жүктеме алғанын қадағалау керек. Мұғалім ойын ережесін түсіндіруі қажет: Ойын мұғалімнің белгісі бойынша басталады. Ойын баскетбол ережелері бойынша өтеді. Оқушылар бұл ойында қауіпсіздік техникасын қатаң сақтаулары тиіс.

Шабуылдау техникасы.Доппен орындалатын әрекеттерді үйретуден бұрын оның серпінді қасиеті менҮлгі жаттығулары:1)Допты қолдан-қолға ауыстыра отырып,оған тимей,денені айналдыра жүру2)Доп арқада,екі қолда орындалады.Допты бастан асырып,алға лақтырып,сонда тосып алу.Егер3)Еңкейіп,допты қолға ұстап,аяқтардың арасынан өткізіп алға қарай лақтырып алдынан4)Допты өкшелерінің арасында қысып ұстап,доппен бірге секіріп,оны аяқпен жоғарығаТосып алу.Допты дұрыс ұстап қалу,тоқтатуды үйрену үшін келесі жаттығуларды1)Ойыншы қолын сзып тұрып білезігін доптың үстінде деп елестету2)Дәл солай,бірақ отырып,қолды доптың үстіне қойады.Осы жерден көтеріп қолға3)Алдағыларды қайталап,допты қолдан түсіреді, ол қайта көтерілгенде білезікті дұрысҚолдан-қолға беру. Алғаш болып кеуде тұстан екі қолымен беу1)Сапқа тұру.Допты жұп-жұп болып бір-біріне беру.2) Допты бір саптан 2-ші сапқа иректеп кезекпен беру.3)Дәл солай, тек допты берген соң оқушы қарсы алдындағының4)Екі сап қарама-қарсы түрады: доп әр саптан кезекпен беріледі.5)Ортаға біреуді қойып, барлығы дөңгеленіп тұрады.1-ші доп ортадағы ойыншыға6)Екі сапқа түзеледі.1-ші жүгіріп шығып допты тосады, сөйтіп оныДопты беруді үйрету кезінде алаңнан ұшып көтерілген допты ойыншының1)Допты алаңға ұрып, сол мезетте сол аяқпен алға қадам2)Дәл солай, тек аялдамай,2-ші қадам жасау керек.Лақтыру. Лақтыруда оның далдігі маңызды. Жақсы техникалық дайындықтың басқа1)Саптан жүгіріп шығып,допты кәрзеңкеге салғандай елестетіп кәрзеңкенің үстіне секіру.2) Ұйретуші допты ұстап қолын созып тұрады.Ойыншы жер келіп3)Дәл алдағыдай,тек үйретуші допты беріп жатқан кезде тастай салады.Орташа және қашықтықьан лақтыруды басында бір нүктеден бастау керек.ӘрАйып сызығын баспай бастапқы қалыпта тұрып көздеу.Дәл алдагыдай,тек бастапқы қалыптан бұрын допты алаңға 2-3 ретДәл алдағыдай,тек лақтырмай тұрып дем тартып,яғни ішке ауа жинап,оныДопты алып жүру.Басында допты жай ұрып жүріп басқаруды үйретеді.Алғашқы1.Ойыншы 1-ші орында тұрып допты жерге ұрып,оны дұрыс тосуды2.Допты бір қолмен,екі қолмен кезек-кезек ұрып үйренеді.Үйренуші допты дұрыса)Сапқа тұрып белгілі жерге дейін допты жүгірте отырып барыпә)Оң мен сол жақтарда орналасқан кедергілерді айналып өту.б)Допты тоса сала жүгіру.в)Секіріп жүріп допты жүргізу.

  • Сабақтың соңы.

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік, баскетбол доптары, ысқырық, конустар, Рефлексия парағы.Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурсына сілтеме: https://xn--j1ahfl.xn--p1ai/library/instruktazh_po_tehnike_bezopasnosti_na_urokah_baske_112701.htmlhttps://sites.google.com/site/basketbolvskole/home/tehnika-bezopasnostiБаскетбол элементтері бар ойындардың интернет ресурсына сілтеме: http://fizkult-ura.ru/node/32392Баскетболдағы тактикалық әрекеттер интернет ресурсына сілтеме: https://world-sport.org/games/basketball/tactics/Баскетбол ойынын үйрену бойынша интернет ресурсына сілтемеhttp://summercamp.ru/%D0%9F%D0%BE%D0%B4%D0%B2%D0%B8%D0%B6%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8B_%D0%B4%D0%BB%D1%8F_%D0%BE%D0%B1%D1%83%D1%87%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%8F_%D0%B1%D0%B0%D1%81%D0%BA%D0%B5%D1%82%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D1%83Баскетболдың техникалық тәсілдерін оқыту әдістері интернет ресурсына сілтеме:http://topreferat.com.kz/songghy-qosylghan/7473-basketboldyng-tehnikalyq-tasilderin-oqytu-adisteri-diplom-zhumysy.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу