Ойын техникасының дағдысын дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 14 сабақ.
Әдістемелік нұсқау
2 бөлім: Командалық спорттық ойындар
Сабақтың тақырыбы: Ойын техникасының дағдысын дамыту
Оқу мақсаты: 6.1.1.1 Аздаған ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты дағдыларын қолдану
Сабақтың мақсаты: Аздаған ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты дағдыларын қолдануды үйрету
- Сабақтың басы.
Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.
Осыдан кейін білім алушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды.
- Сабақтың ортасы.
1 тапсырма.
(С, Ж, ҚБ) Өткізілетін оқу тапсырмасының ережелері мен қауіпсіздік ережелері айтылып еске түсіріледі. Осыдан кейін білім алушылар келесі оқу тапсырмаларын орындайды:
Екі қолмен кеудеден лақтыру. Бастапқы жағдайда доп кеуде тұсында болады. Бір аяқ ептеп алдыға қойылуы мүмкін. Аяқтар ыңғайлы, орнықты жағдай жасап тұру керек. Денеге жоғары бағытталған қозғалыс беретін аяқтың созылуымен қатар олар жоғарыға қарай созылуы керек, допқа доға тәріздес траектория жасалу керек.
Бір қолмен иықтан беру. Бастапқы жағдайда доп иық тұсында бір қолдың білезігінде болады. Екінші қолы оны демеп тұруы мүмкін. Кезену кезінде баскетболшы доп беретін жаққа қолы бұрылып дененің қарсы қимылмен қолды алдыға созып допты қажетті бағытқа жібереді. Бастапқы жағдайда доп беретін қолмен әр аттас аяқ алға қойылады.
Жоғарыдан бір қолмен беру. Доптың бастапқы жағдайы, бір қолының білезігінде. Алға қозғалғанда қол жазылады да, білезік допты орап, берілімді аяқтайды.
Бір қолмен төменнен беру. Бастапқы жағдайда доп. жамбас тұсында, бір қолдың білезігінде болады, алақан жоғары қарап, саусақтар алға созылады. Аз ғана кезенуден соң алға айналуды бастайтын қозғалыспен орындалады. Білезік бірте-бірте ашылып, доп одан сырғанап түскендей болады. Ұшу биіктігі білезіктің қай мезетте ашылғанына байланысты болады. Қолды соза берген уақытта әр аттас аяқ алға адымдайды.
Білім алушылар баскетболмен айналысу кезінде қауіпсіздік ережесі бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.
ОҚУШЫЛАРҒА СПОРТ ЗАЛЫНДАҒЫ
ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ БОЙЫНША НҰСҚАУ
I.Жалпы қауіпсіздік ережелері
1.Бұл нұсқауды сақтау спорт залында дайындалатын барлық оқушылар үшін міндетті.
2.Дене шынықтыру сабағына дәрігерлік тексеруден және қауіпсіздік техникасы нұсқамалығынан өткен оқушылар жіберіледі.
3.Спорт залында тек спорт киімі мен табаны таймайтын аяқкиімде ғана дайындалуға болады.
4.Спорт залына сырт киіммен кіруге болмайды .
5.Жеке гигиена талаптарын сақтау керек (дене таза болуы,тырнақ қысқа етіп алынуы тиіс).
6.Спорт залына портфель мен сөмке алып кіруге болмайды.
7.Спорт залындағы жарақат алу қаупі:
-электр жарығын қосқан кезде (электр тогынан зақымдану );
-ҚТ сақтамаудан (қолдарды,буындарды жарақаттау,соғып алу);
-бұзық немесе даындалмаған спорт снарядтарында жұмыс істеу кезінде.
8.Сүлгі мен сабын салынған жеке дорбаша болуы тиіс.
II.Сабақ басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары
1.Спорт киімнін киім шешетін орында ауыстырып кию керек.
2.Мұғалімнің рұқсатынсыз немесе кезекшінің бұйрығынсыз спорт залына кіруге болмайды.
3.Спорт залына сабырмен,асықпай,тәртіп пен реттілікті сақтап кіреді.
4.Электр жарығын өз бетінше қосуға болмайды.
5.Мұғалім рұқсат бермей тұрып желдету үшін есікті ашуға болмайды.
6.Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт құралдары мен снарядтарының орындарын ауыстыруға болмайды.
7.Осы сабаққа арналған ҚТ бойынша нұсқамалықты мұқият тыңдау керек.
III.Сабақ кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1.Мұғалімнің бұйрығынсыз жаттығуларды және оқу тапсырмаларын орындауға кірісуге болмайды.
2.Төсеніш төселмеген жағдайда спорттық снарядтарда жаттығу орындауға болмайды.
3.Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ,таза шүберекпен сүртіп алу керек.
4.Жаттығуларды орындау кезінде бір-біріңе сақтық етуді естеріңнен шығармаңдар.
5.Доптарды бір-біріне қарма-қарсы лақтыруға болмайды,жұп-жұп болып жұмыс істегінде бір ғана доп болуы тиіс.
6.Мұғалімнің тапсырмасында көрсетілмеген жаттығуларды орындамаңдар.
7.Сабақта тәртіп пен реттілікті сақтаңдар.
8.Сабақтан мұғалімнің рұқсатынсыз кетпеңдер.
9. Жаттығу жасар алдында снарядқа жақын тұрған оқұшының жоқтығына көз жеткізіп алыңдар.
IV.Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары
1.Өз-өзіңді нашар сезінген жағдайда сабақты тоқтатып,бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.
2.Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар,ол сендерге алғашқы көмек көрсетеді.
3.Кабинетте апатты жағдай орын алғанда,өрт шыға қалған жағдайда мұғалімнің нұсқауымен ұйымдасқан түрде,жылдам,абыржымай,спорт залын тастап шығыңдар.
V.Сабақ біткеннен кейінгі қауіпсіздік талаптары
1.Спорт залынан мұғалімнің командасымен,асығып-үсікпей,сабырмен шығыңдар.
2.Беті-қолдарыңды сабындап жуыңдар.
3.Спорт киімдеріңді,аяқкиімдерінді шешіндер,оны тек спортпен айналысуға ғана пайдаланындар.
4.Сабақ кезінде өздерің байқаған барлық кемшіліктер туралы мұғалімге хабарлаңда.
Баскетбол ойынның қауіпсіздік ережелері:
- Баскетбол ойынына сәйкес спорттық киім кию, (кроссовка).
- Баскетбол ойынының техникасы мен такикасын орындау кезінде өте мұқият болу.
Баскетбол қалқанының астында отыруға болмайды.
Ойнаушылар ойын кезінде бір-бірін ұстауына, дөрекі қылық жасауына жол берілмеу.
Допты салмағына сәйкес таңдау.
Жаттығуларды орындауды ұйымдастыру барысында қойылатын біріңғай тлаптарды.
Сабақ басталар алдында оқушылар алқа, сақина, сағат, сырға және т.б. жарақат алуға мүмкіндік тудыратын заттарды шешіп, қыз балалар шаштың түюлері қажет. Қауіпсіздікті сақтау үшін дене тәрбиесі сабағында тиісті спорт киімдерімен ғана қатысу қажет.
Допты алып жүру кезіндегі қауіпсіздік:
- Жопты жұдырықпен және алақанмен ұрмау.
- Жылдамдықты азайтып, тоқтай білу;
- «финтті» қолдана білу;
- Қарсыласының орын ауыстырылуларын сөзіне білу;
Бір –бірін итермеу;
2 тапсырма.
(ЖЖ, Ж, ҚБ) Өткізілетін оқу тапсырмасының ережелері мен қауіпсіздік ережелері айтылып түсіндіріледі. Осыдан кейін білім алушылар жұпта жұмыс жасайды:
Баскетболшының тұрысы:
а) Допты бір орында оң және сол қолмен алып жүру;
б) Бір қолдан екінші қолға ауыстырып алып жүру;
в) Қозғалыста допты оң және сол қолымен алып жүру.
Тәуелсіздік алғаннан бері республикамызда өзіндік дене шынықтыру жүйесі қалыптасқандықтан, дене тәрбиесі мәселелерін жақсарту мәселелері шешімін тауып, халықаралық деңгейде үлкен жетістіктерге жетіп келеміз. Қазақстандық жүйенің тиімділігі көптеген факторлар арқылы анықталады, олардың арасында спортшы тұлғасының іргетасы қаланатын жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үдерісін құру және оның мазмұнын жақсарту маңызды рөл атқарады. Баяндалған мәліметтер бойынша тұтас педагогикалық үдерісте оқушыларды үйретудің бастапқы кезеңіндегі жоғары маңыздылығы мен осы кезеңдегі спорттық-педагогикалық технологияларды жобалау (жоспарлау) жағдайлары мен тәсілдерінің жеткілікті түрде жасалғандығы арасындағы объективті қарама-қайшылық баскетболшы оқушыны қалыптастырудағы өзекті мәселе болып табылады.
— баскетбол ойынының негізгі тәсілдерін кезеңдер бойында қалыптастырудың педагогикалық технологиясы оқушылардың базалық қозғалыс және техникалық-тактикалық әрекеттерін меңгеру тиімділігін арттыруға ықпал етеді;
— динамикалық ойын жағдайлары түріндегі арнайы жаттығулар мен қозғалмалы ойындардың дербестендірілу түрлері жалпы білім беретін мектеп оқушыларына баскетболды үйрету үдерісін педагогикалық басқару тәсілдерін оңтайландыру үшін негіз болып қызмет етеді;
— баскетбол бойынша оқу үдерісіне деген технологиялық көзқарасты іске асыру әдістемесі оқушылардың ойын әрекетінде қосымша мүмкіндіктер қалыптастыруға жағдай жасайды;
— баскетболды дене шынықтыру сабақтарында пайдалану олардың дене және тактикалық дайындығы деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
«Баскетбол сабақтарындағы оқушылардың оқу-тәрбие үдерісінің бастапқы кезеңі» 1.2 бөлімшесінде баскетбол қозғалыс әрекетінің көптігімен, алуан түрімен сипатталады. Оған жүгіру, жүріс, секіру, лақтыру, қағып алу мен лақтыру, күш және қозғалысты үйлестірудің түрлі жаттығулары кіреді. Бұл жаттығулар ойыншылардың өз командасымен және бәсекелес командамен өзара әрекеттесу жағдайында орындалады. Оқушының ойын барысындағы әрекетінің тиімділігі ойын жағдайына тез баға беріп, ойыншылардың әрекеттерін шапшаң бағалауына, техникалық тәсілдерді жетілдіруіне, дене жағынан дамуына байланысты болмақ [А.А. Аруцев, 2003].
Арнайылық бағдарлауға қабілетті дамыту мектептердегі сабақ өткізу жүйесінде маңызды орында болуы тиіс, ол кешенді көрсеткіш болып табылады және оқушының жеке-дара қабілетімен анықталады. Аталған бағдарлауды дамытудың сыртқы әсері 9-12 жаста байқала бастайтыны анықталған. Осыған байланысты оқытудың бастапқы кезеңінде оқу үдерісін қимыл-қозғалыс дағдысын және ептілікті игеруді, балалардың бойында қимыл-қозғалыс міндеттерін нақты жағдайды талдау негізінде, өздігінен шеше алатындай етіп тәрбиелеумен бірігетіндей етіп құруға кеңес беріледі. Бұл үшін аңғарғыштықты, көру алаңының көлемін, күрделі әрекет ету шапшаңдығын, бір қимылдан екіншісіне тез арада өтуді дамытуға бағытталған дайындық және арнайы жаттығуларды кеңінен қолдану қажет. Ұдайы өзгеріп тұратын жағдайдағы жаттығуларды қолдану да және оларды орындауды өзгертіп тұрудың да маңызы зор.
Жоғарыда аталған ерекшеліктер оқудың кез-келген түрін ұйымдастыру кезінде немесе оның қандай да бір стандартты негізінде автоматты түрде жүзеге аса қоймайды. Мұның өзі спорттық ойындар техникасының күрделігін және олардың орындалу маңыздылығын көрсетеді.
- Сабақтың соңы.
Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.
Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.
Ресурстар: Үлкен бос кеңістік, баскетбол доптары, ысқырық, конустар, Рефлексия парағы.Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурсына сілтеме: https://xn--j1ahfl.xn--p1ai/library/instruktazh_po_tehnike_bezopasnosti_na_urokah_baske_112701.htmlhttps://sites.google.com/site/basketbolvskole/home/tehnika-bezopasnostiБаскетболдағы допты алып жүру интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=Lnfa-ZQgJ6Yhttps://www.youtube.com/watch?v=rGBWBpnqMW8&t=26shttps://www.youtube.com/watch?v=Gxg3DxJ_rjIhttps://www.youtube.com/watch?v=bN7PhwUd-u4
Баскетбол ойынында шабуылдау техникасын оқыту әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: https://infourok.ru/basketbol-oyininda-shabuildau-tehnikasin-oitu-distemesi-942947.html
Баскетбол ойынының ережесін меңгертіп, оқушылардың ойынға деген қызығушылығын арттыру http://orleu.kz/?p=161185
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру