Ойын техникасының дағдысын дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 15 сабақ.


Әдістемелік нұсқау

2 бөлім: Командалық спорттық ойындар

Сабақтың тақырыбы: Ойын техникасының дағдысын дамыту

Оқу мақсаты: 6.1.3.1. Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай білу

Сабақтың мақсаты: Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай білуге үйрету

  • Сабақтың басы.

 Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

 Осыдан кейін білім алушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды.

  • Сабақтың ортасы.

 Білім алушылар баскетболмен айналысу кезінде қауіпсіздік ережесі бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.

Баскетбол ойынның қауіпсіздік ережелері:

  • Баскетбол ойынына сәйкес спорттық киім кию, (кроссовка).
  • Баскетбол ойынының техникасы мен такикасын орындау кезінде өте мұқият болу.

Баскетбол қалқанының астында отыруға болмайды.

Ойнаушылар ойын кезінде бір-бірін ұстауына, дөрекі қылық жасауына жол берілмеу.

Допты салмағына сәйкес таңдау.

Жаттығуларды орындауды ұйымдастыру барысында қойылатын біріңғай тлаптарды.

Сабақ басталар алдында оқушылар алқа, сақина, сағат, сырға және т.б. жарақат алуға мүмкіндік тудыратын заттарды шешіп, қыз балалар шаштың түюлері қажет. Қауіпсіздікті сақтау үшін дене тәрбиесі сабағында тиісті спорт киімдерімен ғана қатысу қажет.

Допты алып жүру кезіндегі қауіпсіздік:

  • Жопты жұдырықпен және алақанмен ұрмау.
  • Жылдамдықты азайтып, тоқтай білу;
  • «финтті» қолдана білу;
  • Қарсыласының орын ауыстырылуларын сөзіне білу;

Бір –бірін итермеу;

1 тапсырма.

(С, Ж, ҚБ) Өткізілетін оқу тапсырмасының ережелері мен қауіпсіздік ережелері айтылып еске түсіріледі. Осыдан кейін білім алушылар келесі оқу тапсырмаларын орындайды:

Осыдан кейін білім алушылар келесі оқу тапсырмаларын орындайды:

Бір қолмен иықтан беру. Бастапқы жағдайда доп иық тұсында бір қолдың білезігінде болады. Екінші қолы оны демеп тұруы мүмкін. Кезену кезінде баскетболшы доп беретін жаққа қолы бұрылып дененің қарсы қимылмен қолды алдыға созып допты қажетті бағытқа жібереді. Бастапқы жағдайда доп беретін қолмен әр аттас аяқ алға қойылады.

Екі қолмен кеудеден лақтыру. Бастапқы жағдайда доп кеуде тұсында болады. Бір аяқ ептеп алдыға қойылуы мүмкін. Аяқтар ыңғайлы, орнықты жағдай жасап тұру керек. Денеге жоғары бағытталған қозғалыс беретін аяқтың созылуымен қатар олар жоғарыға қарай созылуы керек, допқа доға тәріздес траектория жасалу керек.

Бір қолмен төменнен беру. Бастапқы жағдайда доп. жамбас тұсында, бір қолдың білезігінде болады, алақан жоғары қарап, саусақтар алға созылады. Аз ғана кезенуден соң алға айналуды бастайтын қозғалыспен орындалады. Білезік бірте-бірте ашылып, доп одан сырғанап түскендей болады. Ұшу биіктігі білезіктің қай мезетте ашылғанына байланысты болады. Қолды соза берген уақытта әр аттас аяқ алға адымдайды.

Жоғарыдан бір қолмен беру. Доптың бастапқы жағдайы, бір қолының білезігінде. Алға қозғалғанда қол жазылады да, білезік допты орап, берілімді аяқтайды.

2 тапсырма.

(ЖЖ, Ж, ҚБ) Өткізілетін оқу тапсырмасының ережелері мен қауіпсіздік ережелері айтылып, түсіріледі. Осыдан кейін білім алушылар келесі оқу тапсырмаларын орындайды:

  • допты алдынан қолдан-қолға ауыстырып жүру;
  • кері секіруін, қозғалыс бағыты мен жылдамдығын өзгертіп допты алып жүру.

Алаңның шектеулі учаскелерінде. Бірінші оқушы көрсеткеннен кейін, екінші оқушы ескертулер жасап, допты алып жүрудің проблемалық сәттерін шешу жолдарын ұсынады. Содан кейін оқушылар рөлдермен ауысады.

Тәуелсіздік алғаннан бері республикамызда өзіндік дене шынықтыру жүйесі қалыптасқандықтан, дене тәрбиесі мәселелерін жақсарту мәселелері шешімін тауып, халықаралық деңгейде үлкен жетістіктерге жетіп келеміз. Қазақстандық жүйенің тиімділігі көптеген факторлар арқылы анықталады, олардың арасында спортшы тұлғасының іргетасы қаланатын жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үдерісін құру және оның мазмұнын жақсарту маңызды рөл атқарады.  Баяндалған мәліметтер бойынша тұтас педагогикалық үдерісте оқушыларды үйретудің бастапқы кезеңіндегі жоғары маңыздылығы мен осы кезеңдегі спорттық-педагогикалық технологияларды жобалау (жоспарлау) жағдайлары мен тәсілдерінің жеткілікті түрде жасалғандығы арасындағы объективті қарама-қайшылық баскетболшы оқушыны қалыптастырудағы өзекті мәселе болып табылады.

— баскетбол ойынының негізгі тәсілдерін кезеңдер бойында қалыптастырудың педагогикалық технологиясы оқушылардың базалық қозғалыс және техникалық-тактикалық әрекеттерін меңгеру тиімділігін арттыруға ықпал етеді;

— динамикалық ойын жағдайлары түріндегі арнайы жаттығулар мен қозғалмалы ойындардың дербестендірілу түрлері жалпы білім беретін мектеп оқушыларына баскетболды үйрету үдерісін педагогикалық басқару тәсілдерін оңтайландыру үшін негіз болып қызмет етеді;

— баскетбол бойынша оқу үдерісіне деген технологиялық көзқарасты іске асыру әдістемесі оқушылардың ойын әрекетінде қосымша мүмкіндіктер қалыптастыруға жағдай жасайды;

— баскетболды дене шынықтыру сабақтарында пайдалану олардың дене және тактикалық дайындығы деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

«Баскетбол сабақтарындағы оқушылардың оқу-тәрбие үдерісінің бастапқы кезеңі» 1.2 бөлімшесінде баскетбол қозғалыс әрекетінің көптігімен, алуан түрімен сипатталады. Оған жүгіру, жүріс, секіру, лақтыру, қағып алу мен лақтыру, күш және қозғалысты үйлестірудің түрлі жаттығулары кіреді. Бұл жаттығулар ойыншылардың өз командасымен және бәсекелес командамен өзара әрекеттесу жағдайында орындалады. Оқушының ойын барысындағы әрекетінің тиімділігі ойын жағдайына тез баға беріп, ойыншылардың әрекеттерін шапшаң бағалауына, техникалық тәсілдерді жетілдіруіне, дене жағынан дамуына байланысты болмақ [А.А. Аруцев, 2003].

Арнайылық бағдарлауға қабілетті дамыту мектептердегі сабақ өткізу жүйесінде маңызды орында болуы тиіс, ол кешенді көрсеткіш болып табылады және оқушының жеке-дара қабілетімен анықталады. Аталған бағдарлауды дамытудың сыртқы әсері 9-12 жаста байқала бастайтыны анықталған. Осыған байланысты оқытудың бастапқы кезеңінде оқу үдерісін қимыл-қозғалыс дағдысын және ептілікті игеруді, балалардың бойында қимыл-қозғалыс міндеттерін нақты жағдайды талдау негізінде, өздігінен шеше алатындай етіп тәрбиелеумен бірігетіндей етіп құруға кеңес беріледі. Бұл үшін аңғарғыштықты, көру алаңының көлемін, күрделі әрекет ету шапшаңдығын, бір қимылдан екіншісіне тез арада өтуді дамытуға бағытталған дайындық және арнайы жаттығуларды кеңінен қолдану қажет. Ұдайы өзгеріп тұратын жағдайдағы жаттығуларды қолдану да және оларды орындауды өзгертіп тұрудың да маңызы зор.

Жоғарыда аталған ерекшеліктер оқудың кез-келген түрін ұйымдастыру кезінде немесе оның қандай да бір стандартты негізінде автоматты түрде жүзеге аса қоймайды. Мұның өзі спорттық ойындар техникасының күрделігін және олардың орындалу маңыздылығын көрсетеді.

  • Сабақтың соңы.

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік, баскетбол доптары, ысқырық, конустар, Рефлексия парағы.Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурсына сілтеме: https://xn--j1ahfl.xn--p1ai/library/instruktazh_po_tehnike_bezopasnosti_na_urokah_baske_112701.htmlhttps://sites.google.com/site/basketbolvskole/home/tehnika-bezopasnostiБаскетболдағы допты алып жүру интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=Lnfa-ZQgJ6Yhttps://www.youtube.com/watch?v=rGBWBpnqMW8&t=26shttps://www.youtube.com/watch?v=Gxg3DxJ_rjIhttps://www.youtube.com/watch?v=bN7PhwUd-u4Баскетбол ойынында шабуылдау техникасын оқыту әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: https://infourok.ru/basketbol-oyininda-shabuildau-tehnikasin-oitu-distemesi-942947.htmlБаскетбол ойынының ережесін меңгертіп, оқушылардың ойынға деген қызығушылығын арттыру http://orleu.kz/?p=161185Баскетбол ойынының ережесін меңгертіп, оқушылардың ойынға деген қызығушылығын арттыру http://orleu.kz/?p=161185



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу