Ойын техникасының дағдысын дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 17 сабақ.


Әдістемелік нұсқау

2 бөлім: Командалық спорттық ойындар

Сабақтың тақырыбы: Ойын техникасының дағдысын дамыту

Оқу мақсаты: 6.2.4.1. Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді түсіну және қолдана білу

Сабақтың мақсаты: Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді түсінуге және қолдана білуге үйрету

  • Сабақтың басы.

 Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

 Осыдан кейін білім алушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды.

  • Сабақтың ортасы.

 Білім алушылар баскетболмен айналысу кезінде қауіпсіздік ережесі бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.

Баскетбол ойынның қауіпсіздік ережелері:

  • Баскетбол ойынына сәйкес спорттық киім кию, (кроссовка).
  • Баскетбол ойынының техникасы мен такикасын орындау кезінде өте мұқият болу.

Баскетбол қалқанының астында отыруға болмайды.

Ойнаушылар ойын кезінде бір-бірін ұстауына, дөрекі қылық жасауына жол берілмеу.

Допты салмағына сәйкес таңдау.

Жаттығуларды орындауды ұйымдастыру барысында қойылатын біріңғай тлаптарды.

Сабақ басталар алдында оқушылар алқа, сақина, сағат, сырға және т.б. жарақат алуға мүмкіндік тудыратын заттарды шешіп, қыз балалар шаштың түюлері қажет. Қауіпсіздікті сақтау үшін дене тәрбиесі сабағында тиісті спорт киімдерімен ғана қатысу қажет.

Допты алып жүру кезіндегі қауіпсіздік:

  • Жопты жұдырықпен және алақанмен ұрмау.
  • Жылдамдықты азайтып, тоқтай білу;
  • «финтті» қолдана білу;
  • Қарсыласының орын ауыстырылуларын сөзіне білу;

Бір –бірін итермеу;

1 тапсырма.

(С, Ж, ҚБ) Өткізілетін оқу тапсырмасының ережелері мен қауіпсіздік ережелері айтылып еске түсіріледі. Осыдан кейін білім алушылар баскетбол ойынындағы қорғаныс техникасын дамытуға арналған келесі оқу тапсырмаларын орындайды:

Допты жоғарыдан қағып түсіру. Бұл тәсілде допты қағып алуға және иемденуге мүмкіндік жоқта қолданылады. Лақтырушының қолынан доп бөлінгенін аңдып тұрып, қолдың қысқа қозғалысымен, секіріп, допты ұшу траекториясынан қағып түсіру керек.

 

 

 

 

Допты жүргізу кезінде қағып түсіру. Добы бар қарсыластан шегіне отырып, оны бүиір сызыққа бағыттаукерек, және ептеп оны өткізіп жіберіп, қолдың бүрлей қозғалысымен допты қағып түсіру керек.

Берілімдерді жеткізбей алып қою. Қорғаушы шабуылшының бір жағында немесе артында орналасып алып, өзіне қашан берілім болатынын күтеді. Қарсыластан бұрын қимылдап, оған шығуға мүмкіндік бермей, допты қолынан жұлып алу кезінде тез алға ұмтылу керек, допты қағып алып немесе алға итеріп допты тартып алу керек.

2 тапсырма.

(Т, Ж, ҚБ) «Қызықты старт» эстафетасы.

1 кезең: Бір қатысушы шеңберді домалатады, ал екі ойыншы допты еденге соғу арқылы шеңбердің ішінен өткізіп бір-біріне допты береді.

2 кезең: Екі ойыншы шеңберді көлденең ұстайды, үшінші ойыншы шеңбердің ішінде допты алып жүреді. Алдыға оң қолмен, артқа сол қолымен алып жүреді.

3 кезең: Жекелей кедергілерден айналып өту. Алдыға оң қолмен, артқа сол қолымен алып жүреді.

Осыдан кейін қатысушыларға баскетбол элементтерімен ойын құрастыруға тапсырма беріледі

Әлеуметтік дағдылары мен сыни ойлау дағдыларын дамытуға жағдай жасалады.

Допты дәл және дұрыс беру, қабылдау техникасына көңіл бөліңіз. Командада тәртіптің сақталуын, тапсырманы дұрыс және жылдам орындалуын қадағалау. Мұғалім әр топқа келіп қателерін көрсетеді. Дұрыс орындағандарды мадақтайды.

Сұрақ жауап арқылы сыни ойлау және әлеуметтік дағды не екенін түсіндіріңіз.

Шабуылдау техникасы

Доппен орындалатын әрекеттерді үйретуден бұрын оның серпінді қасиеті мен формасы мен танысып алу керек, себебі, сондай техника тәсілдері тез игеріледі. Бұл мақсат үшін доп снаряд ретінде қолданылатын ортақ дамыған жаттығуларды қолдануға болады.

Үлгі жаттығулары:

1) Допты қолдан-қолға ауыстыра отырып, оған тимей, денені айналдыра жүру

2) Доп арқада, екі қолда орындалады. Допты бастан асырып, алға лақтырып, сонда тосып алу. Егер допты алды-артқа лақтырып тосып алу. Осы жаттығуды бір қолмен орындау.

3) Еңкейіп, допты қолға ұстап, аяқтардың арасынан өткізіп алға қарай лақтырып, алдынан тосып алу.

1) Сапқа тұру. Допты жұп-жұп болып бір-біріне беру.

2) Допты бір саптан 2-ші сапқа иректеп кезекпен беру.

3) Дәл солай, тек допты берген соң оқушы қарсы алдындағының орнына барып тұрады.

4) Екі сап қарама-қарсы түрады: доп әр саптан кезекпен беріледі.

Допты беруді үйрету кезінде алаңнан ұшып көтерілген допты ойыншының тосу кезінде көңіл бөлу керек. Егер қадам ырғағына байланысты қате жасалса, оны келесі жаттығуларды жасау арқылы түзеуге болады:

1) Допты алаңға ұрып, сол мезетте сол аяқпен алға қадам жасау керек. Аяқтың жерге тиюі доптың алаңға тиюі бір мезетте болуы керек.

2) Дәл солай, тек аялдамай, 2-ші қадам жасау керек.

  • Сабақтың соңы.

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік, баскетбол доптары, ысқырық, конустар, Рефлексия парағы.Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурсына сілтеме: https://xn--j1ahfl.xn--p1ai/library/instruktazh_po_tehnike_bezopasnosti_na_urokah_baske_112701.htmlhttps://sites.google.com/site/basketbolvskole/home/tehnika-bezopasnostiБаскетболдағы допты алып жүру интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=Lnfa-ZQgJ6Yhttps://www.youtube.com/watch?v=rGBWBpnqMW8&t=26shttps://www.youtube.com/watch?v=Gxg3DxJ_rjIhttps://www.youtube.com/watch?v=bN7PhwUd-u4Баскетбол ойынында шабуылдау техникасын оқыту әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: https://infourok.ru/basketbol-oyininda-shabuildau-tehnikasin-oitu-distemesi-942947.htmlБаскетбол ойынын үйрену бойынша интернет ресурсына сілтемеhttp://summercamp.ru/%D0%9F%D0%BE%D0%B4%D0%B2%D0%B8%D0%B6%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8B_%D0%B4%D0%BB%D1%8F_%D0%BE%D0%B1%D1%83%D1%87%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%8F_%D0%B1%D0%B0%D1%81%D0%BA%D0%B5%D1%82%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D1%83



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу