Ойын техникасының дағдысын дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 15 сабақ.
2-бөлім Командалық спорттық ойындар
Оқу мақсаты:
6.1.3.1. Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай білу
Сабақтың тақырыбы:
Ойын техникасының дағдысын дамыту
Сабақтың мақсаттары:
Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай білуге үйретуБағалау критерийлері :
Баскетболдағы арнайы техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай біледі.
Дескрипторлар:
Баскетбол сабағындағы қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
Жаттығуларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдайды;
Допты орнында тұрып бір қолымен қағып алады;
Допты дұрыс соғып жүреді.
Тілдік мақсаттар
Ойындар олардың физикалық және спорттық дағдыларын дамытуға көмектесетіндігі туралы өз түсініктерін көрсете және сипаттай алады.Мыналарды қамтиды:- лақтыру, қағып алу, допты алып жүру - мәселені шешу- қауіпсіздікТалқылауға арналған сұрақтар:Баскетболмен айналысқан кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Бастапқы білім:
Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған жеңіл атлетика бойныша білімдері мен дағдылары бар.1-ші тапсырма:
(С, Т, ҚБ) «Допты бер де – отыр!». Қатысушылар 2-3 қатарға тұрады. Әр қатардың алдына капитандары 2-4м ара қашықтықта қолында добымен тұрады. Белгі берісімен капитандар допты кеуде тұсынан екі қолмен немесе (бір қолмен иық деңгейінен) Қатар алдында тұрған ойыншыға лақтырып береді. Алдында тұрған қатысушы допты ұстап, капитанға қайтарып жылдам отырады да, екінші қатысушыға допты береді, сөйтіп ойын жалғаса береді. Соңғы ойыншы допты капитанға бере салысымен капитан допты жоғары көтерісімен барлық қатысушылар орнынан жылдам тұрады. Ойынды бірінші болып аяқтаған топ жеңіске жетеді.1-ші тапсырманың дескрипторлары:
- Баскетбол сабағындағы қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;- Жаттығуларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдайды.Сұраңыз: Баскетболмен айналысқан кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?2-ші тапсырма:
(С, Ж, ҚБ) Өткізілетін оқу тапсырмасының ережелері мен қауіпсіздік ережелері айтылып еске түсіріледі. Осыдан кейін білім алушылар келесі оқу тапсырмаларын орындайды:Қағып алу – баскетболшының допқа ие болуына себепші болатын тәсіл. Жақсы қағып алып басқа тәсілдерді тиімді орындауға әсер етеді. Қағып алуға дайындық қағып алудан кейінгі тәсілдің бастапқы жағдайында келтіретіндей допқа ие болуды қамтамасыз етуі керек. Екі қолымен қағып алу. Қағып алу үшін қолын екі жақтан допқа ұмсыну керек, нәтижесінде доп ұшып келетіндей жарты сфера жасалады.Допты орнында тұрып бір қолымен қағып алу. Қолына доп тиісімен допты қысып ұстап, не денесіне жақындатуы не келесі әдісті қолдана алатындай бағытта қозғауы керек. Қолды бүгу- доптың ұшу жылдамдығының амортизациясы қызметін қамтамасыз етеді. Доп қолға тигенде қатты соғылмауы керек, сондықтан қолды ертерек бүгу керек. Бір қолмен допты қағып алу, екінші қолмен допты қағып алуға мүмкіндік жоқ болғанда немесе қағып алғаннан кейін бір қолмен тәсіл жасау керек болғанда қолданылады
Допты соғып жүру- үшін ептеп бүгілген аяқпен орын ауыстыру қажет, допты өзінен алға біршама бүйірге таман жіберу қажет, сонда ол орын ауыстыруға кедергі жасамайды. Қол білезігі кең тарбиған саусақпен допты жүргізгенде, алақан допқа тимеу керек
2-ші тапсырманың дескрипторлары:
- Жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;- Жаттығуларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдайды;- Допты орнында тұрып бір қолымен қағып алады;- Допты дұрыс соғып жүреді.Сұраңыз: Ойын кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар? Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері:
1. Баскетбол ойынның қауіпсіздік ережелері:Баскетбол ойынына сәйкес спорттық киім кию, (кроссовка).Баскетбол ойынының техникасы мен такикасын орындау кезінде өтемұқият болу.Баскетбол қалқанының астында отыруға болмайды.· Ойнаушылар ойын кезінде бір-бірін ұстауына, дөрекі қылық жасауына жол берілмеу.· Допты салмағына сәйкес таңдау.· Жаттығуларды орындауды ұйымдастыру барысында қойылатын біріңғай тлаптарды.· Сабақ басталар алдында оқушылар алқа, сақина, сағат, сырға және т.б. жарақат алуға мүмкіндік тудыратын заттарды шешіп, қыз балалар шаштың түюлері қажет. Қауіпсіздікті сақтау үшін дене тәрбиесі сабағында тиісті спорт киімдерімен ғана қатысу қажет.Допты алып жүру кезіндегі қауіпсіздік:Жопты жұдырықпен және алақанмен ұрмау.Жылдамдықты азайтып, тоқтай білу;«финтті» қолдана білу;Қарсыласының орын ауыстырылуларын сөзіне білу;Бір –бірін итермеу.Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.Рефлексия
Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердімСары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым барҚызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедімБағдаршамның түстері бойынша тақырыпты меңгергендігінРесурстар:
Үлкен бос кеңістік, баскетбол доптары, ысқырық, конустар, Рефлексия парағы.Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурсына сілтеме: https://xn--j1ahfl.xn--p1ai/library/instruktazh_po_tehnike_bezopasnosti_na_urokah_baske_112701.htmlhttps://sites.google.com/site/basketbolvskole/home/tehnika-bezopasnostiБаскетболдағы допты алып жүру интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=Lnfa-ZQgJ6Yhttps://www.youtube.com/watch?v=rGBWBpnqMW8&t=26shttps://www.youtube.com/watch?v=Gxg3DxJ_rjIhttps://www.youtube.com/watch?v=bN7PhwUd-u4Баскетбол ойынында шабуылдау техникасын оқыту әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: https://infourok.ru/basketbol-oyininda-shabuildau-tehnikasin-oitu-distemesi-942947.htmlБаскетбол ойынының ережесін меңгертіп, оқушылардың ойынға деген қызығушылығын арттыру http://orleu.kz/?p=161185Назарларыңызға рахмет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру