алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту. Дене шынықтыру, 5 сынып, сабақ жоспары. 10 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 10

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: № 8: Жеңіл атлетика дағдыларын дамыту және шолу.

Мектеп: Қарағанды қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту.

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.3.1.1. Денсаулық маңыздылығын білу және түсіну.

Сабақ мақсаттары:

Оқушылардың барлығы жаттығуларын жақсарту бағытындағы мәселелерін орындай алады.

Оқушылардың көбісі жағдайларының себептерін түсініп, оны шығару жолын таба алады.

Оқушылардың кейбіреуі жас ерекшеліктеріне сай нәтиже көрсете алады.

Бағалау критерийлері:

Қауіпсіздік ережелерді сақтауы.

Ағзаның функциональды мүмкіндіктерін жоғарлатуы.

Өзінің мүмкіндіктерін әділ бағалауы.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар: жүгіру, секіру және лақтырудың жан-жақты дене жаттығулары арқылы түсіндіріп және талқылай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

сөре, қарқын, жылдамдық, мәре, орнынан ұзындыққа секіру, лақтыру.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Қозғалмай тұрып, біз неге денемізді қыздыруымыз керек?

Денені қыздыруға арналған қандай жаттығуларды білесіздер?

Дене жаттығуларын орындағаннан кейін неге қалыпқа келтіру жаттығуларын орындауымыз керек?

Қандай қауіпсіздік ережелерді білуіміз керек?

Құндылықтарды бойға сіңіру.

Ынтымақтастық, айқындық, шындық.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану.

АКТ пайдалану дағдылары

https://www.youtube.com/watch?v=JL9s0ny5VwE

Алдыңғы білім

Оқушылар үйде, сабақтан тыс уақытта, бұрынғы өткен бөлімдерінен алған жеңіл атлетика туралы дағдылары болады.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-15 мин.

Сыныптың жиыны. Сәлемдесу, бағалау критерийлерді және оқу мақсатын хабарлау. Мұғалім оқушыларға 3 топты ұсынады: лақтыру, спринтерлік жүгіру және секіру. Оқушы өзінің мәселесіне сай бір топты таңдайды. Оқушылар әр топта әртүрлі лақтыруға, жүгіруге және секіруге арналған жаттығуларды орындайды. Ал мұғалім оқушы орындаған жаттығуларды бақылап оған әдістемелік ұсыныстар жасап тұрады.

А.Ж.Ж және жылдамдыққа жүгіру.

Мектеп алаңы, ысқырық, уақыт өлшегіш.

Сабақтың ортасы

16-40 мин.

(Т, Ж, Жж) Мұғалім оқушыларға карточкалар арқылы тапсырма беру.

Спринтерлік жүгіріс: сөрелік қалып жоғарғы, 10-15 метрге жылдамдыққа жүгіру, 30 метрге жүгіру. Әр жаттығуды оқушы 3-5 рет орындайды. Дескрипторлар: техникасын дұрыс орындау, қатты жылдамдықты дамыту. Орындап болғаннан соң оқушы өз жұмысын талқылап бағалайды.

Секіру: секіру аяқ тізеден бүгіліп кеудеге тигізу, көбірек секіру бір аяқпен тізеге итерілу, орнынан ұзындыққа секіру. Әр жаттығуды оқушы 3-5 рет орындайды. Дескрипторлар: жақсы нәтиже көрсету, жаттығудың техникасын дұрыс орындау.

Лақтыру: орнынан сол және оң қолмен, жүгіре екпінмен, биіктік траекториясы арқылы кіші допты дәлдікке лақтыру. Бұл бекетте оқушылар 24 минут жұмыс жасайды. Дескрипторлар: қауіпсіздік ержелерді сақтау, орындау техникасын жетілдіру. Жұптық жұмыс кезінде оқушылар арасында бірін-бірі бағалау жүреді, және өз серіктесінің жақсы нәтиже көрсетуіне байланысты көмектеседі. Сабақ барысында мұғалім әр оқушына қадағалай отырып, оларға дұрыс техникасын орындауында өзгерістер еңгізеді.

Мектеп алаңы, ысқырық, ноутбук, тапсырма-карточкалары, лақтыруға арналған доптар, уақыт өлшегіш.

Сабақтың аяғы

41-45 мин.

Сапқа тұрғызу арқылы сыныптың жиыны. Сабақтың қорытындысын топпен талқылау. Әр топтың оқушылары 5 балдық немесе бас бармақпен өздерін бағалайды.

Мектеп алаңы.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру.

Талантты оқушылар өздерінің сыныптастарына көрсете және ұсыныстар жасай отырып, көмектеседі.

Топтық жұмыс кезінде мұғалім оқушыларды бақылап отырады.

Жаттығуды орындап болғаннан соң оқушы өзін-өзі бағалайды, ал топтық жұмыс барысында бірін-бірі бағалайды.

Қауіпсіздік ережелерді еске салу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары іске асырмалы болды ма?

ОМ-ға барлық оқушылар қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, не себепті?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті?

Жалпы бағалау:

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай-ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай-ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

Қалыптастырушы бағалау

Дене шынықтыру: 5 сынып

Күні:

Бөлім: №8 Жеңіл атлетика дағдыларын дамыту және шолу.

Сабақтың тақырыбы: Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту.

Белгілеу

Оқу мақсаты

Бағалауға арналған нұсқаулық

Оқушылардың барлығы жаттығуларын жақсарту бағытындағы мәселелерін орындай алады.

Оқушылардың көбісі жағдайларының себептерін түсініп, оны шығару жолын таба алады.

Оқушылардың кейбіреуі жас ерекшеліктеріне сай нәтиже көрсете алады.

5.3.1.1. Денсаулық маңыздылығын білу және түсіну.

Мұғалім оқушыларға карточкалар арқылы тапсырма беру.

Спринтерлік жүгіріс: сөрелік қалып жоғарғы, 10-15 метрге жылдамдыққа жүгіру, 30 метрге жүгіру. Әр жаттығуды оқушы 3-5 рет орындайды.

Секіру: секіру аяқ тізеден бүгіліп кеудеге тигізу, көбірек секіру бір аяқпен тізеге итерілу, орнынан ұзындыққа секіру. Әр жаттығуды оқушы 3-5 рет орындайды.

Лақтыру: орнынан сол және оң қолмен, жүгіре екпінмен, биіктік траекториясы арқылы кіші допты дәлдікке лақтыру. Бұл бекетте оқушылар 24 минут жұмыс жасайды.

Жұптық жұмыс кезінде оқушылар арасында бірін-бірі бағалау жүреді, және өз серіктесінің жақсы нәтиже көрсетуіне байланысты көмектеседі. Сабақ барысында мұғалім әр оқушына қадағалай отырып, оларға дұрыс техникасын орындауында өзгерістер еңгізеді.

Дағдылар

Бағалау критерийлері

Түсіну.

Қолдану.

Бағалау.

Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, онда оқу мақсатына жетеді:

Қауіпсіздік ережелерді сақтауы.

Ағзаның функциональды мүмкіндіктерін жоғарлатуы.

Өзінің мүмкіндіктерін әділ бағалауы.


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы