Ойындардағы топтық іс-әрекеттер. Дене шынықтыру, 4 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру пәнінен қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Қарым-қатынас орнату үшін ойындар.

Ортақ тақырып: Ғарышқа саяхат.

IV-тоқсан

Күні:

Мектеп:

Сынып: 4

Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы:

Ойындардағы топтық іс-әрекеттер.

Оқу мақсаттары

4.2.5.1 орындаушыларға конструктивтік ұсыныстар жасау үшін шығармашылық тапсырмаларға қатысты өзінің сыни тұрғыдан көзқарасы мен басқаларының көзқарастарын біріктіру.

4.1.2.1 дене дамуына ықпал ететін түрлі жүйелі жаттығулар мен қозғалыстарды орындау сапасын арттыруды түсіну және көрсету.

Сабақ мақсаттары

Қарым-қатынас ойындарында топтық іс-әрекеттерді құрастыру, конструктивтік ұсыныстар жасау және қозғалыстарды жүйеледіру, орындалу сапасын арттыру.

Бағалау критерийлері

  • Топтық әрекеттердің конструктивтік идеяларын анықтайды, басқалардың көзқарастарын қолдайды, толықтырады және тапсырмаларға қатысты өзінің көзқарасын білдіреді.
  • Әрекеттерде дене сапасын дамытатын жаттығуларды жүйелендіреді және қозғалыстарды тиімді орындап, көрсетеді.

Тілдік мақсаттар

Оқудың тілдік мақсаты. Білім алушылар:

  • әлеуметтік дағдылар: байланыс, бірігіп жұмыс істеу, жарыс.

Пәндік лексика және терминология. Мыналарды қамтиды:

  • Құрсауды жүргізу;
  • Допты себетке лақтыру;
  • Айып добын лақтыру.

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Допты ұстаған кезде оны қалай қадағалайсыз?
  • Допты ұстап алу үшін қандай тактиканы қолдандыңыз?

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар өзінің және өзгелердің физикалық қасиеті мен жетістіктеріне құрмет пен әділдік сезімін дамыту және әлеуметтік жауапты азамат болуға дағдыландыру, білім мен түсінік қалыптастыруға бірегей мүмкіндік беру.

Пән аралық байланыс

Қазақ тілі, дүние тану.

АКТ қолдану дағдылары

Фото және бейне материалдарды оқушыларға қозғалыс өнімділіктерін өлшеу және нығайту үшін өзін-өзі бағалау, бағалау техникалары үшін қолдану;

Бастапқы білім

Бұл бөлімде негізгі сүйеніш әлеуметтік дағдыларды дамытуға, мұғалімдер мен оқушылар жүргізетін топтық ойындар арқылы объектіні қадағалауды дамытуға жасалады. Олардың біріккен және бәселекестік табиғаты бар.

Жоспарлардағы әрекеттер

С = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі

ҚБ = қалыптастырушы бағалау Т = топтық жұмыс

Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді

Сабақ барысы

Сабақ кезендері

Сабақтағы іс-әрекеттер

Құрал-жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

10 минут

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин.

Білім алушыларды қатарға тұрғызу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақтың оқу мақсатын және сабақ мақсатын түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Мұғалімді мұқият тыңдау.

Қатардағы жаттығулар . Оңға бұрылу. Солға бұрылу. Бір қатардан екі қатарға тұру. Екі қатардан бір қатарға тұру. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Оңға бұрылып оң иық алға жүру. Жүрісті сол аяқтан бастауларына көңіл аудару.

Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. 1.Қол жоғарыда, аяқтың ұшымен. Алақан бір-біріне қарайды, шынтақ түзу. 2.Қол желкеде, өкшемен жүру. Кеуде түзу, шынтақтардың арасын ашу.3. Қол белде, табанның сыртымен, ішімен жүру. Тізе түзу, басты тік ұстау.4. Қол белде, жартылай отырып жүру. Кеуде түзу, басты тік ұстау.5. Қол тізеде, толық отырып жүру. Кеудені көтеріп, асықпай қозғалу. Аяқтарды сілкіп, босаңсытып қалыпқа келтіру.

Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол қалыпты, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. 1.Қол белде, оң бүйірмен тіркеме адыммен.2. Қол белде, сол бүйірмен тіркеме адыммен .3. Арқамен алдыға жүгіру. Сол иықтан алдыға қарау.Тұра жүгіру. 4.Тізені жоғары көтеріп жүгіру. Қол алдыда. 5.Аяқты артқа бүгіп, сермей жүгіру. Қол артта. 6.Аяқты алдыға сермеп жүгіру. Қол белде. Тізені түзу ұстау. 7.Аяқты түзу артқа сермеу. Қол желкеде. 8. Оң бүйірмен қайшылап адымдау. 9.Сол бүйірмен қайшылып адымдау. Қолды еркін ұстау.10.Оң аяқпен секіру. 11.Сол аяқпен секіру. Тура және ирелеңдеп, бағыт өзгертіп жүгіру. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Қолды жоғары көтеріп тынысты ішке алып, төмен түсіріп тынысты сыртқа шығару.

Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Гимнастикалық құрсаумен орындалатын жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. 1. Құрсауды ұстап жоғары көтеріп оңға, солға жантаю. Шынтақты түзу ұстау. 2. Құрсауды алдыға созып ұстап, жартылай және толық отыру жаттығулары. Кеудені түзу ұстау. 3. Құрсауды арқаға және желкеге, белге қойып оңға, солға бұрылу. Өкшені қозғамау. 4. Құрсаудың ішінен ары-беру өту амалдарын қаййталау. 5. Құрсауды алдыға ұстап, оң, сол аяқты созу жаттығулары.6.Құрсаудың ортасыннан секіру,

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Допты игеру дағдыларын дамыту ойындарда доппен әр-түрлі техникалық амал тәсілдерді және техникалық әрекеттерді құруға арналған бұлшық еттерді қыздыру жаттығуларын қайталату. Доппен орындалатын жаттығуларды пайдалану.

Үлкен, бос ойын кеңістігі.

Мұғалімге ысқырық, секундомер.

Гимнастикалық құрсаулар, доптар, орындықтар.

Сабақтың ортасы

25 минут

(С,Т,К) Қатысушылар шеңберге тұрады және қолдарына ұстайды. Олардың арасында бір құрсау ілінеді (қолдарын қысқан жерде). Командарлардың міндеті: барлық құрсауды бір адамға жинау (бұл команда алдын ала сайлаған кез келген адам болуы мүмкін).

(Т,Тәж) 4-5 оқушыдан тұратын топтар баскетбол добын себетке лақтырудың реттілігін жасайды. Әр топ басқа топқа өз тапсырмасын көрсетеді. Оны дұрыс орындау ретін көрсетеді. Әрбір топ тапсырманың қаншалықты жақсы әзірленгенін жұлдызды (оларға ұнағаны және не үшін ұнағаны үшін) және бір тілекті (жақсартуға болғандығы үшін) пайдаланып, бағалайды.

(Т,ҚБ) «Мерген» ойыны. Әр топ баскетбол себетке қарсы, айып добын соғу сызығында немесе тұрады (берілген биіктікте) немесе кезекпен оған жақын жерде допты лақтырады. Допты қоржынға белгілі бір уақытта көп рет лақтырған команда жеңімпаз болады.

(С,К,Тәж) Командалар үлкен доппен (диаметрі шамамен 1,5 м) волейбол ойнайды. Ойын 10 ұпайға дейін жүргізіледі.

Үлкен, бос ойын кеңістігі.

Жабдық: шеңбер, секунд өлшегіш.

Оқушылардың әр тобына арналған баскетбол добы, конустар, бор.

Жабдық: үлкен доп

Сабақтың соңы:

5 минут

Рефлексия. Кері байланыс. Сабақ соңында білім алушылармен рефлексия жүргізіледі: Топтық іс-әрекеттердегі конструктивтік ұсыныстарды анықтайды және сыни тұрғыдан көзқарасын білдіреді. Білім алушылар таңдаған дене дамуына ықпал ететін жүйелі жаттығуларды анықтап, оңтайлы және ыңғайлы қозғалыс дағдыларына әдістемелік нұсқаулық беру.

Үйге тапсырма

Түрлі дене жаттығуларын орындау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Қарым-қатынас орнату ойындары бойынша жалпылау. Топтық іс-әрекеттерді жүйелей білуге негізделеді. Әр-түрлі қозғалыс әрекеттерінде конструктивтік ұсыныстарды анықтау және сыни тұрғыдан мағынасын ашу. Түрлі дене дамуына ықпал ететін жаттығуларды әзірлеу, орындалу сапасын арттыруды көрсету.

Білім алушылардың шығармашылық тапсырмаларды орындауға ынталануы. Сыни тұрғыдан көзқарасын білдіруде белсенділік танытуы. Топтық іс-әрекеттер құрастыру, орындау. Бірлескен қарым-қатынас ойындары барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар жүргізу.

Сабақ барысында ойында, бірлескен іс әрекетте, техника қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау. Тапсырмаларды, жаттығуларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаты негізгі бөлімдегі тапсырмалардың орындалуына, күрделендіруге байланысты қойылған.

Білім алушылар оқу мақсатының мағынасын анықтап, белсенді түрде ынталанып, қателерді түзету арқылы әр түрлі деңгейлі қозғалыс әрекеттердің орындалуына қол жеткізді.

Әр тапсырмаға, ойынға бөлінген уақыт жеткілікті болды.

Әр түрлі деңгейдегі тапсырмалардың орындалу нұсқаларын бақылау, саралау, қозғалыстың тиімділігін, техника ережесін назарда ұстау.

Жоспарланған іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен меңгерілді.

Жекелеген білім алушыларға топтық іс-әрекеттерді жүйелей білуге және үйлесімділігін, дағдысын қалыптастыруға тапсырмалар берілді, шығармашылық тапсырмаларға байланысты қимыл-қозғалыстар қарастырылды.

Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Топтық іс-әрекеттер жинағына, қозғалыс әрекеттердің шартына, ойынның мағынасына, сапасына көңіл бөлу. Топтың, жұптың деңгейін, ынтымақтастық белсенділігін анықтау.

2: Әр-түрлі қозғалыс дағдыларында конструктивтік ұсыныстардың сақталуы. Өзін-өзі, дене өзгерістерін бақылау.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Саралап, деңгейлі тапсырмалар беру. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар. Тапсырмалардың, ойындардың және жаттығулардың айырмашылығы, нұсқаларының күрделілігі.

2: Түрлі жүйелі жаттығулардың орындалу үйлесімділігі. Қозғалыстардың орындалу сапасын және мағынасын ашу. Танымдылығын дамыту. (Когнитив)

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Топтың белсенділігін, ынтымағын ұстану. Қарым-қатынас орнату үшін ойындарда әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру, ұсыну әдістерін қарастыру. Топтық іс-әрекеттерге және түрлі дене жаттығуларын орындауға байланысты сұрақтар қою. Танымдылығын дамыту. Шығармашылық тапсырмаларға қатысты сыни тұрғыдан көзқарасын білдіруге, көрсетуге мүмкіндік беру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу