Жүгіру ойындарына қатысу. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 94 сабақ.


№94 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық

Тақырып: Жүгіру ойындарына қатысу

Кіріспе бөлім: Тақырыпқа сай іс-әрекеттер.

Мұғалім сабақтың басынан аяғына дейін оқушылардың іс-әрекетіне бақылау жүргізіп, әр кез бағалап отырады. Тапсырманы орындауда ашық сұрақтар қойып, нәтиже бойынша қорытынды жасап отыру керек.

Сабақтың кіріспе бөлімінде қауіпсіздік ережелерін ескере отырып, қыздырыну жаттығуларын толық орындау қажет. Оқушылар жүру, жүгіру, секіру жаттығуларын орындайды. Тынысты қалыпқа келтіріп, шеңбер бойына тұрып, жалпы дамыту жаттығуларын орындайды. Мұғалімнің қызметі оқушылыр жаттығулармен жұмыс жасау кезінде кемшіліктерді айтып, ескертіп, бағалап отыру керек.

Сабақтың негізгі бөлімінде мұғалім сабақ мақсатына сай тапсырмаларды орындауда бағыт-бағдар беріп, кемшіліктерді ескеру қажет.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Негізгі бөлім: «Жүгіру ойындарына қатысу»

Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін күнделікті дене жаттығуларының және дұрыс тамақтанудың маңыздылығын сұрақ-жауап арқылы түсіндіріп өту.

Оқушыларды шағын топтарға бөліп, қимыл-қозғалыс, эстафеталық ойынын ойнату.

Оқушылар командалық эстафетаны кезеңмен орындайды:

1 кезең - 5 метр қашықтықта қойылған шеңберге доптарды бірінің артынан бірі жүгіріп келіп орналастыру;

2 кезең - конусты айнала допты алып жүріп жүгіру;

3 кезең – допты аяқ арасына қысып, оқушы мәре сызығына дейін секіріп келіп әріптесіне допты беру;

Ойынды бірінші бір команда кейін екінші команда орындайды. Ойын соңында оқушылар бірін бірі бағалайды.

Қорытынды: Оқушыларды бағалау. Эстафеталық ойынды қорытындылау. Әр ойын кезіндегі қателіктерді ескерту. Қауіпсіздікті еңсеру керектігін айту.

Келесі ойын.

Жүргізуші белгіленіп сызылған шеңбердің (радиусы 5—10 м) бойына, қолына доп беріп, ойыншыларды тұрғызады, — бұлар «аңшылар». Қалған ойыншылар «үйрек» болып, ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша шеңбердің ішіне жамырай жүгіріседі де, «Тоқта!» деген кезде бәрі орындарында қозғалмай тұра қалады. Осы кезде «аңшылар» қолдарындағы доптарымен «үйректерді» атқылай бастайды. «Аңшылар» атқылаған кезде «үйректерге» доптан бұлтаруға болады, бірақ тұрған орнынан жүріп кетуге болмайды. «Өлген үйректер» аңшыны алмастырады, ал «үйректерге» тигізе алмаған «аңшылар» доптарын алып қайтадан атқылайды. Осылайша «аңшылар» орындарын ауыстырғаннан кейін ойын қайта жалғасады

Қалыптастырушы бағалау сабақ барысында қалай жүргізіледі.

Оқушылармен тақырыпқа сай іс-әрекет жүргізу барысында, тапсырманы орындауда әр кез қалыптастырушы бағалау жүргізу. Тапсырманы орындауда қателіктерді айтып, үнемі кері байланыс беріп отыру. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып, талпындырып отыру. Оқушыларының өздері арасында шағын топтармен жұмыс барысында өзара бағалау жүргізіп, бір-бірін бағалауға дағдыландыру. Тапсырманы немесе қандай да бір қимыл-қозғалыс ойыны ойнатып болғаннан кейін, ашық сұрақ-жауап арқылы оқушылардың тапсырманы орындауда қандай дағдылары дамығанын немесе қандай қиыншылықтар кездескендігі бойынша да кері байланысты үнемі жүргізіп отыру қажет.

«Сабақты қорытындылау»

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.

Сипаттама: Өтілген тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша қорытынды айтады. Дене қыздыру адам ағзасына жақсы жүктеме бола ала ма? Қозғалыс әрекеттерімен айналысқан кезде біздің дене қызуымызда қандай өзгерістер болады?

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздік үштікті атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік болу үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Мұғалім сұрағына жауап береді. Теріктесіне тілек білдіреді.

Бағалау: Оқушылардың өзіндік және серіктесін бағалауы тәжірибеленеді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.

Жүгірудің пайдасы

Жүгірудің басты пайдасы - денсаулықты түзету. Ұзақ ғұмыр кешем десеңіз, жүгіріңіз. Жүгіру иммунитетті көтеріп, жүрек қан тамырларының жұмысын жақсартады. Сондай-ақ, ұйқысыздықтан арылып, арықтауға жол береді.

Жүгірудің алдында 1 сағат бұрын 1 кесе ыстық шәй не 1 стакан айран ішіп, алма я банан жеп алыңыз. Ал жүгіріп болғаннан кейін жаттығулар жасаған абзал.

Күн сайын жүгірудің уақытын көбейтіңіз. Жүгірген кезде жеңіл әрі ыңғайлы киім киіп, ыңғайлы аяқ киім таңдаңыз. Егер де жүгірген кезде өзіңізді нашар сезінсеңіз, демалып, күш жинаңыз. Екі-үш күндік үзілістен кейін жүгіруді қайта қолға алыңыз.

Ауа-райы нашарлап, жаңбыр я қар жауған кезде жүгіруге болады. Бірақ та, аяздан қорықсаңыз, жаттығу залына жазылыңыз.

Жүгіруді жаңа бастағандар оның қыры мен сырына байыппен қарай бермейді. Өкінішке орай, көп адам осы себеппен кейде жарақат алса, кейде мотивациясын жоғалтып, жүгіруді тастап кетеді. Оның орнына теледидар мен компьютер алдында отыру қызық болып көрінеді.

Ал егер жүгіру туралы ойлап жүрсеңіз немесе бұл іспен жаңадан айналыса бастаған болсаңыз, кеңестеріміз Сіз үшін.

1. Спорттық аяқ киімді дұрыс таңдаңыз. Достарыңызбен немесе арнайы маманмен кеңесіп алғаныңыз жөн. Ал қыз балалар көбінде оның әдемілігіне қарайтынын білеміз. Оның орнына ыңғайлы әрі зияны жоқ спорттық аяқ киім таңдауға бекініңіз.

2. Жүгіру қашықтығын жоспарлаңыз. Ойша қандай қашықтықты бағындыратыныңызды белгілеп алыңыз. Және осы ойыңыздан қайтпай, әр жүгіргеніңізде есіңізден шығарып алмауға тырысыңыз. Себебі, әр күні әрқандай қашықтыққа жүгіру пайдасыз болуы да мүмкін.

3. Жаттығу жоспарын барынша ыңғайлы етуіңіз қажет. Жаттығу жоспары сіздің спорттық жағдайыңызға байланысты болуы керек. Қолыңыздан келетін жоспар жасау әлдеқайда пайдалы болмақ. Сол үшін де тым ауырлық түсіретін жаттығудан бас тартыңыз. Жоспарыңыз мына талаптарға сай болсын:

Жүгіру қашықтығыңыз бірдей болуы тиіс;

Жүгіру алдындағы жаттығу реті ойластырылған болсын.

Жүгіру — ағзаның барлық мүшесі жұмыс істегені өз алдына, негізгі жүктеме тыныс алу органдарына түседі. Жүгірген кезде, яғни, тыныс алу органдарына жүктеме түскен кезде бүкіл ағза жұмыс істегендіктен, ең әуелі қан айналысы жүйесі реттеледі.

Ал ағзаның тыныштық қалпында орындалатын жаттығулардың өзіндік рөлі жоғары. Әр адам өзінің науқасына қарай, тыныс алу жаттығуларын тыныштықта орындайды. Қолданбалы жаттығуларды орындау міндет емес. Сырқаттың мазмұнына қарай үй жағдайында да шұғылдануға болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу