Лақтыру тәжірибелері. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 100 сабақ.


№100 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық

Тақырып: Лақтыру тәжірибелері

Кіріспе бөлім: Тақырыпқа сай іс-әрекеттер.

Мұғалім сабақтың басынан аяғына дейін оқушылардың іс-әрекетіне бақылау жүргізіп, әр кез бағалап отырады. Тапсырманы орындауда ашық сұрақтар қойып, нәтиже бойынша қорытынды жасап отыру керек.

Сабақтың кіріспе бөлімінде қауіпсіздік ережелерін ескере отырып, қыздырыну жаттығуларын толық орындау қажет. Оқушылар жүру, жүгіру, секіру жаттығуларын орындайды. Тынысты қалыпқа келтіріп, шеңбер бойына тұрып, жалпы дамыту жаттығуларын орындайды. Мұғалімнің қызметі оқушылыр жаттығулармен жұмыс жасау кезінде кемшіліктерді айтып, ескертіп, бағалап отыру керек.

Сабақтың негізгі бөлімінде мұғалім сабақ мақсатына сай тапсырмаларды орындауда бағыт-бағдар беріп, кемшіліктерді ескеру қажет.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Негізгі бөлім: «Лақтыру тәжірибелері»

Оқушыларды тең екі шағын топқа бөліп, топтарға бірдей тапсырма беру

Кішкене допты (150гр) лақтыру техникасының элементтерін көрсетіңіз және жаттығу барысында қандай физикалық қасиеттер қалыптасып, дамиды.

Әр топқа дайындыққа 5-10 минут уақыт беру. Кейін екі топ бір-біріне жаттығу түрлерін көрсетіп орындайды. Екі топ бірін-бірі бағалайды кері байланыс береді.

Мұғалім тарапынан әр топтың оқушыларының тапсырманы орындау барысында сұрақтар қою арқылы іс-әрекеттерге кері байланыс беру және бағалау.

Икемділігі төмен оқушылармен жеке жұмыс жасау. Яғни, лақтыру жаттығуларын жеке орындап көрсету. Лақтыру деңгейін жақсарту үшін арнайы жұмыс жасау

Оқушының әр іс-әрекетіне кері байланыс беру.

Дарынды оқушыға қосымша тапсырма

Оқу мақсатын толық меңгеріп, тақырыпты игерген оқушыға қосымша тапсырма

граната немесе үлкен доп лақтыру жаттығуын орындау

Қалыптастырушы бағалау сабақ барысында қалай жүргізіледі.

Оқушылармен тақырыпқа сай іс-әрекет жүргізу барысында, тапсырманы орындауда әр кез қалыптастырушы бағалау жүргізу. Тапсырманы орындауда қателіктерді айтып, үнемі кері байланыс беріп отыру. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып, талпындырып отыру. Оқушыларының өздері арасында шағын топтармен жұмыс барысында өзара бағалау жүргізіп, бір-бірін бағалауға дағдыландыру. Тапсырманы немесе қандай да бір қимыл-қозғалыс ойыны ойнатып болғаннан кейін, ашық сұрақ-жауап арқылы оқушылардың тапсырманы орындауда қандай дағдылары дамығанын немесе қандай қиыншылықтар кездескендігі бойынша да кері байланысты үнемі жүргізіп отыру қажет.

«Сабақты қорытындылау»

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.

Сипаттама: Өтілген тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша қорытынды айтады. Дене қыздыру адам ағзасына жақсы жүктеме бола ала ма? Қозғалыс әрекеттерімен айналысқан кезде біздің дене қызуымызда қандай өзгерістер болады?

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздік үштікті атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік болу үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Мұғалім сұрағына жауап береді. Теріктесіне тілек білдіреді.

Бағалау: Оқушылардың өзіндік және серіктесін бағалауы тәжірибеленеді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.

Лақтыру жаттығуларына дағдыландыру.

Жеңіл атлетиканы снарядты лақтыру және итерудеп бөлуге болады: 1.Аэродинамикалық қасиеті бар және аэродинамикалық қасиеті жоқ түрімен снарядты айналдырып лақтыру.

2. Шеңберден снарядты лақтыру.

3. Снарядты шеңбер ішінен итеру. Сонымен қатар снарядты лақтырғанда жүгіріп келудің әр түрлі тәсілдері рұқсат етіледі. Бірақ финалдық күш тек ережеге ғана бағынады. Мысалы: гранатаны, допты бастан сәл төмен иықтың үстімен лақтыру қажет; дискті тек бір жақ шеттен лақтыруға болады; ядроны итергенде бұрылып және секіріп итеру қажет, тек, міндетті түрде итеру керек. Допты және гранатаны лақтыру: (К) - спортшыдан жылдамдық пен күштілікті қажет ететін ептілік пен икемділікті қажет ететін секірудің периодтық емес түрі. Тек стадиондар да өткізіледі, қашықтық әйелдер мен ерлерге бірдей. Найза аэродинамикалық қасиеттерге ие. Диск лақтыру және балға ( молот) лақтыру: (К) - спортшыдан жылдамдық пен күштілікті қажет ететін ептілік пен икемділікті қажет ететін секрудің периодтық емес түрі. Лақтыру арнайы шеңбер ішінде өтеді. Тек стадиондар да өткізіледі, қашықтық әйелдер мен ерлерге бірдей. Диск аэродинамикалық қасиеттерге ие. Ядро итеру (К) - спортшыдан жылдамдық пен күштілікті , ептілік пен икемділікті қажет ететін секрудің периодтық емес түрі. Лақтыру арнайы шеңбер ішінде өтеді. Стадиондар мен манеждер де өткізіледі қашықтық әйелдер мен ерлерге бірдей.

Көпсайыс. Көпсайыстың классикалық түрі: ерлерде онсайыс, әйелдерде жетісайыс. Онсайыстың құрамына: 100 м ұзындық, ядро,биіктік, 400 м, 110 м с/б, диск, сырықпен секіру, найза, 1500 м. Әйелдердің жетісайыс құрамына: 100 м к/ж, ядро,биіктік, 200 м, ұзындық, найза, 800 м. кіреді. Ал көпсайыстың классикалық емес түрі: сегізсайыс ер балаларға (100 м, ұзындық, биіктік, 400 м, 110 м к/ж, диск,сырықпен секіру, , 1500 м.) қыздар үшін бессайыс (100 м к/ж, ядро,биіктік, ұзындық, 800 м.). Спорттық классификацияда анықталған: әйелдерде бессайыс, төртсайыс және үшсайыс, ал ерлерде тоғызсайыс, жетісайыс, алтысайыс, бессайыс, төртсайыс, үшсайыс. Төртсайыс бұрын «пионер сайысы» деп аталған. 11-13 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арнайы өткізіледі. Көпсайыстың құрамына кіретін спорт түрлері арнайы спорттық классификациямен анықталады. Басқа спорт түрімен алмастыруға болмайды.

Дене шынықтыру жүйесіндегі жеңіл атлетиканың орны мен маңызы

Жер шарында жеңіл атлетикамен көптеген қарапайым адамдар айналысады.Спортшыларды дайындау үшін кез келген спорт түрінде жеңіл атлетикажаттығулары пайдаланылады. Жаттығулар мен жарыстар кезіндефизиология, биохимия, биомеханика, спорттық медицина, дене тәрбиесі мен спорт теориясы және т.б. ғылымдардың дамуына көмектесетін ғылыми зерттеулер жүргізіледі. Репозиторий КарГУ 11 Жеңіл атлетикалық жаттығуларды ерте балалар бақшасынан бастап, орта мектептерде, жоғарғы оқу орындарына дейін ауқымды түрде қолданады. Жеңіл атлетиканың жаттығулары адамды сергітіп, адам ағзасының жақсаруына әкеледі, шыдамдылық деңгейін жоғарлатып, әр түрлі ауруларға қарсы тұрады. Жеңіл жаттығулар жоғары деңгейдегі спортшының дене, қимыл-қозғалыс сапасын жақсартады. Сонымен қатар жаңадан өсіп келе жатқан жастар мен әлсіз адамдардың, қарттардың да денсаулығына жақсы әсер етеді. Жеңіл атлетиканың, көбінесе, әскер мен әскери қызметтегі адамдарға пайдасы зор. Жаттығулардың оңай түрі қарапайым адамдарға жеңіл атлетиканың әр түрімен,қала мен ауылға қарамай, барлық жерде айналысуға мүмкіндік береді. Жеңіл атлетикадағы спорттық жаттығулар мен жарыстар спортшының өз-өзін бағалауы мен алға қойған мақсатына жетуіне, мінезін қалыптастыруға, психологиялық бағытын жөндеуге көп көмек береді. Жеңіл атлетиканы былай сипаттауға болады: -спортшылардың барлық мүмкіндіктерін салып нәтиже көрсететін спорт түрі; - ағзаны қалпына келтіру және оңалту құралы; - келешек ұрпақты тәрбиелеу және дамыту құралы; - дене тәрбиесі мен спорт саласында маман қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу құралы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу