Қауіпсіздік ережесі. Ойындағы қарым-қатынас дағдылары. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 79 сабақ.


№79 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық

Тақырып: Қауіпсіздік ережесі. Ойындағы қарым-қатынас дағдылары

Кіріспе бөлім: Тақырыпқа сай іс-әрекеттер.

Мұғалім сабақтың басынан аяғына дейін оқушылардың іс-әрекетіне бақылау жүргізіп, әр кез бағалап отырады. Тапсырманы орындауда ашық сұрақтар қойып, нәтиже бойынша қорытынды жасап отыру керек.

Сабақтың кіріспе бөлімінде қауіпсіздік ережелерін ескере отырып, қыздырыну жаттығуларын толық орындау қажет. Оқушылар жүру, жүгіру, секіру жаттығуларын орындайды. Тынысты қалыпқа келтіріп, шеңбер бойына тұрып, жалпы дамыту жаттығуларын орындайды. Мұғалімнің қызметі оқушылыр жаттығулармен жұмыс жасау кезінде кемшіліктерді айтып, ескертіп, бағалап отыру керек.

Сабақтың негізгі бөлімінде мұғалім сабақ мақсатына сай тапсырмаларды орындауда бағыт-бағдар беріп, кемшіліктерді ескеру қажет.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Негізгі бөлім: «Қауіпсіздік ережесі. Ойындағы қарым-қатынас дағдылары»

Оқушыларға жаңа бөлімнің тақырыптарымен таныстырып, қауіпсіздік ережелерін түсіндіру. Оқушылардың ойындар арқылы әлеуметтік дағдыларын, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруды үйрету.

Бүгінгі тақырыпқа сай, тапсырмалардың немесе ойындардың ережелерін түсіндіру. Оқушыларды шағын топтарға бөліп, қиылды ойындар ойнату.

«Аққулар» ойыны.

Мақсаты : Балалардың кеңістіктегі жылдам қимылдау,үлкендерді тыңдауға, ептілік, батылдық сияқты қабілеттерін дамыту.

Ойынның міндеті: Балаларды жылдам жүгіруге, кеңістікті дұрыс бағдарлай білуді үйрету.

Ойынның мазмұны: Аққулар ортада жугіріп,ұшып жүреді. Бір уақытта Бүркіт ұшып келеді. Аққулар ұшып қашып орындықтарына отырып қалу керек . Отыра алмай қалған баланы бүркіт жеп қояды немесе ойыннан шығып кетеді. Ойын осылай жалғасады.

Оқушыларға келесі ойынның ережесін түсіндіру.

«Шайқас тарту». Оқушылар тең екі топқа бөлініп, күш сынастырып жарысады. Белгіленген сызықтың арғы бергі жағында тұрып, бір қолмен тартысады. Оқушылар сызықтан шықпай, қолдың күшімен қарсыласын тартып алуы керек. Топтағы барлық оқушылар өз қарсыластарымен күш сынасып жарысады. Соңында ұпай саны есептеліп, көп ойыншылары ұтхқан команда жеңіске жетеді.

«Тиын, қоян, тышқандар». Оқушылар үш топқа бөлінеді. Мұғалім топтарға ат береді: «тиын», «қоян», «тышқан». Ойыншылардан бір бастаушы таңдалады. Әр топқа 5-метр қашықтықта үш шеңбер сызылады. Бұлар: «аңдар» «үйлер». Мұғалім белгі береді, мысалы, «тиындар», «тышқандар» Аталған топтар үйлерімен аусулары керек. Үйлерімен ауысу кезінде ұсталған ойыншы жүргізуші атанады, ал жүргізушіні ұстаған ойыншылар өз топтарына қосады. Мұғалім белгіні басқаша беруге болады, «Тиын, қоян, тышқандар» сонда барлық ойыншылар өз үйлерін босатып басқа үйлерге орналасу керек.

Дискрипторлар:

  • Ойынды ережемен ойнап, қауіпсіздікті сақтайды;
  • Өзінің және басқалардың рөлін бағалайды;
  • Іс –әрекеттерді орындауда ойын толық айта алады.

Қорытындылау немесе бағалау.

Ойын барысында оқушылдарды үнемі бағалап отыру. Яғни, кемшіліктерін атап, жетістіктерін мақтау айтып, ынталандыру. Ойын кезінде оқушылардың өздеріне сұрақ-жауап арқылы бір-бірінің іс-әрекетін бағалап дағдыландыру. Сұраңыз: Тапсырма орындауда бір біріңізге қалай көмек бердіңіздер? Топтық ойын кезінде қарым-қатынас маңызды ма?

Қалыптастырушы бағалау сабақ барысында қалай жүргізіледі.

Оқушылармен тақырыпқа сай іс-әрекет жүргізу барысында, тапсырманы орындауда әр кез қалыптастырушы бағалау жүргізу. Тапсырманы орындауда қателіктерді айтып, үнемі кері байланыс беріп отыру. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып, талпындырып отыру. Оқушыларының өздері арасында шағын топтармен жұмыс барысында өзара бағалау жүргізіп, бір-бірін бағалауға дағдыландыру. Тапсырманы немесе қандай да бір қимыл-қозғалыс ойыны ойнатып болғаннан кейін, ашық сұрақ-жауап арқылы оқушылардың тапсырманы орындауда қандай дағдылары дамығанын немесе қандай қиыншылықтар кездескендігі бойынша да кері байланысты үнемі жүргізіп отыру қажет.

Ойын арқылы балада әлеуметтік дағдылар қалай дамиды?

Ерте заманнан –ақ  адам өзін қоршаған  ортаның  тылсым тіршілігін  тануға әрекет жасаған. Ал айнала дүниені танып–білудің, белсенді іс–әрекеттің алғашқы түрі заттық іс–әрекет  болып табылады. Нәресте  заттық іс-әрекеттен  бірте–бірте ойын әрекетіне ауысады. Барлық адам өзінің тұлға ретінде даму ерекшелігінде ойын іс–әрекетін бастан кешіреді. Сәбилік кезеңнен бастап бала өзін  қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен  құбылыстарды ойын арқылы  түсініп ұғынады.  Тек көру, сипап–сезу, байқап–тану арқылы емес, тікелей араласып, іс–әрекетке көшуін нақты  қарым–қатынас барысында  біледі. Осылайша ойын  адамның өмір танымында шешуші мәнге ие  болады. Баланың таным–түсінігі, іс–әрекеті ойыннан басталып, оның негізі болашақ  өмірінде оқу, еңбек іс–әрекетімен  жалғастырылады.  Ойын – бала үшін  оқу  да, еңбек те. Ойын – айналадағы дүниені танудың  тәсілі. Ойын  балаларға  өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін  қалыптастырады.    Ойын балалардың  негізгі  іс–әрекеті  ретінде  психологиялық, анатомиялық–физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын  баланың даму құралы,  таным–көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойында әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ.  Кей бала ойында  шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді.

Балалар ойын үстінде өздерін жеңіл, еркін сезінетіндіктен өздерін көрсете алады. Балалар үшін өз тәжірибелері мен сезімдерін шығару — табиғи динамикалық және денсаулық жақсартушы іс-әрекет.

Ойын — бұл ақпарат алмастыру құралы және баладан өз ойымен бөлісуді талап ету; яғни автоматты түрде қарым–қатынастағы барьерді жасату. Жоғарғы қатынас денгейге көтерілу үшін сөзді пайдалануы қажет.

Баланың әлемі — бұл нақты заттардың әлемі, егер біз баламен байланыс жасағымыз келсе, ең алдымен осыған жақын болуымыз керек. Ойын — бұл баланың нақты өз ойы және өз әлеміне қалыптасу тәсілі.

Ойын — бұл ерікті, іштей мотивтендірілген іс-әрекет. Бала ойын процесінен қанағаттанушылықты, ризалықты сезінеді. Оның нәтижесі маңызды да емес.     Ойында баланың физиологиялық, сана-сезімдік, эмоционалды сапалары творчестволық процеске қосылады және оған әлеуметтік әрекеттері қажет болуы мумкін. Осылайша, бала ойнаған кезде оған толығымен қатысады деп айтуға болады. Ойын әсерлері бала мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың динамикалық жүйесі ретінде анықталады.

Ойын ақыл-ой дамуына да әсер етеді: бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т. б. үйренеді. Ойын жағдайына ену баланың ақыл-ой әрекетінің түрлі формаларының шарты болып табылады. Мәселен, затпен  қимылдар жасай отырып, ойлаудан елестете ойлауға бала затқа оның тиісті өз атын бермей қазіргі ойын жағдайына қажетті заттың атын беруден бастап ауысады. Бұл жағдайда, таңдалынған нәрсе, біріншіден, жобаланған зат туралы ойнаудың өзгеше бір сыртқы тізгегі және екіншіден, осы затпен жасалынатын  шынайы іс-әрекеттер тірегі (және екіншіден, осы затпен жасалынатын шынайы) ретінде көрінеді. Сонымен ойында ой жүзінде іс-әрекет жасау қабілеті дами бастайды.

Баланың ойындарында ұжымдық сипат жақсы жетіледі. Мәселен, ойында топ-топ болып ойнау, ойын ережелерін сақтау, жолдастарының алдында жауапкершілігін сезіне бастау, өзін ұстай білу сияқты ұжымдық ойындардың негізгі белгілерін олар жақсы түсінеді. Ұжымдық ойындарда бала жолдастықтың мәні неде екенін түсінеді. Өзінің басындағы мінез-құлықтың кейбір теріс бітістеріне ұялып, одан арылғысы келеді. Осындай ойындарда баланың қабілеттері жақсы жетіле бастайды. Мәселен бір бала өзінің ұйымдастырғыштық қабілетін байқатса, екінші бала табанды, жігерлі екендігін аңғартады. Ұжымдық ойындар баланың моральдық-эстетикалық қалыптастыруын әсер етеді.

Ойын баланың  ақыл-ойы дамуы үшін ғана маңызды емес, ол оның тұтасымен тұлғасының дамуында маңызды.

Ойын балалардың басқа адамдармен өзара әрекетінің дамуына да айтарлықтай ықпал етеді. Бүдан басқа  бала ойында үлкендердің өзара әрекеттері мен өзара қатынастарын жаңғырта отырып, осы өзара әрекеттердің ережелерін, тәсілдерін меңгереді, құрбы-құрдастарымен біріккен ойындарда ол өзара түсіну тәжірибесін жинақтайды, басқа балалармен келісімге келуге, өз әрекеттері мен ниетін түсінуге үйренеді.

Ойында бала өз қылықтарын реттеуді, құрбы-құрдастарымен біріккен ойында үлкендердің бақылауынсыз-ақ ұстамды болуға, ойын ережесін сақтауға  үйренеді.

Ойындағы жетістіктер баланың сабақтарда жүйелі білім алу мүмкіндігіне маңызды әсер етеді, құрбы-құрдастары мен ересектердің ортасында оның шынайы адамгершілік-эстетикалық бағытының әбден жетілуіне мүмкіндік туғызады.

Сонымен бірге, әртүрлі ғылыми мектептердегі педагог және психолог ғалымдардың еңбектеріндегі ойынның маңыздылығы туралы түсініктерін қарастыра келе, мынадай жалпы ережені беріп отырмыз:

  • ойын – әр түрлі жастағы балаларды өз еркінше дамыту әрекетінің түрі.
  • ойын — бала әрекеттерінің ішіндегі ең еркін түрі, онда айнала қоршаған әлемді тани, сезіне білуі, жеке шығармашылығы үшін кеңістіктің ашылуы, өзін-өзі тануы және өзін-өзі көрсетуі белсенді түрде жүзеге асады.
  • ойын даму тәжірибесі болып табылады. Бала ойын кезінде дамиды, даму үшін ойнайды.
  • ойын — балалар қарым-қатынасының негізгі ортасы; мұнда құрбы-құрдастарына, үлкендерге деген өзара қарым-қатынасы қалыптасады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу