Жарыс элементтері бар ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 84 сабақ.
№84 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық
Тақырып: Қауіпсіздік ережесі. Ойындағы қарым-қатынас дағдылары
Кіріспе бөлім: Тақырыпқа сай іс-әрекеттер.
Мұғалім сабақтың басынан аяғына дейін оқушылардың іс-әрекетіне бақылау жүргізіп, әр кез бағалап отырады. Тапсырманы орындауда ашық сұрақтар қойып, нәтиже бойынша қорытынды жасап отыру керек.
Сабақтың кіріспе бөлімінде қауіпсіздік ережелерін ескере отырып, қыздырыну жаттығуларын толық орындау қажет. Оқушылар жүру, жүгіру, секіру жаттығуларын орындайды. Тынысты қалыпқа келтіріп, шеңбер бойына тұрып, жалпы дамыту жаттығуларын орындайды. Мұғалімнің қызметі оқушылыр жаттығулармен жұмыс жасау кезінде кемшіліктерді айтып, ескертіп, бағалап отыру керек.
Сабақтың негізгі бөлімінде мұғалім сабақ мақсатына сай тапсырмаларды орындауда бағыт-бағдар беріп, кемшіліктерді ескеру қажет.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
Негізгі бөлім: «Жарыс элементтері бар ойындар»
Оқушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және ойындар арқылы әлеуметтік дағдыларын, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруды үйрету.
Қимыл-қозғалыс ойындарын ойнатып, оқушыларды жарыстыру арқылы бүгінгі мақсатқа жету. Оқушыларға ойын ережелерімен таныстырып, ережелерін түсіндіру.
«Шеңберге тигіз». Оқушылар екі топқа бөлінеді. (немесе 3-4 топқа). Бір бірлеп мәре сызығына қатарға тұрады. Қашықтығы 2 метр жерде шеңбер қойыңыз. Сол қолымен немесе оң қолымен иықтан асыру арқылы шеңберге бірінші тұрған ойыншы теннис добын лақтырып тигізуге тырысады. Содан соң қатар соңына тұрып келесі ойыншыға допты береді. Келесі ойыншылар тапсырсманы қайталайды.
Ең көп допты шеңберге тигізен ойыншылар жеңіске жетеді.
«Дөңгелек». Оқушылар бірнеше топқа бөлінеді, бірінің артына бірі сапқа орналасып, артымен шеңбер орталығына, дөңгелек сымдары сияқты тұрады. Алдындағы эстафета таяқшасын ұстаған ойыншылар тұрған орындарын белгілеп шеңбер сызады. Мұғалім белгісі бойынша ойыншылар шеңбер айнала оңға жүгіре бастайды.
Шеңберді айнала жүгіріп өз қатарынадағы жеткен ойыншысына эстафета таяқшасын береді. Екінші ойыншы үшінші ойыншыға т.б ойын оқушылар барлығы жүгіріп өткенше жалғасады. Эстафетаны бірінші аяқтаған ойыншылар жеңіске жетеді.
«Көпір». Оқушылар екі топқа бөлінеді. Топтар кез келген көпір шеттеріне тұрады. «Көпір» ұзындығы 3-5 метр ені 0,5 метр (жерге секіргіш қойып жасауға болады)
Белгі бойынша оқушылар бір мезетте екі жақтап көпірдің келесі бетіне өтеді. Егер ойыншылар секіргішті аяғымен басып өтетін болса, ойын қайтадан басталады.
(көпір құлайды)
Қорытындылау немесе бағалау.
Ойын барысында оқушылдарды үнемі бағалап отыру. Яғни, кемшіліктерін атап, жетістіктерін мақтау айтып, ынталандыру. Ойын кезінде оқушылардың өздеріне сұрақ-жауап арқылы бір-бірінің іс-әрекетін бағалауға дағдыландыру.
Қалыптастырушы бағалау сабақ барысында қалай жүргізіледі.
Оқушылармен тақырыпқа сай іс-әрекет жүргізу барысында, тапсырманы орындауда әр кез қалыптастырушы бағалау жүргізу. Тапсырманы орындауда қателіктерді айтып, үнемі кері байланыс беріп отыру. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып, талпындырып отыру. Оқушыларының өздері арасында шағын топтармен жұмыс барысында өзара бағалау жүргізіп, бір-бірін бағалауға дағдыландыру. Тапсырманы немесе қандай да бір қимыл-қозғалыс ойыны ойнатып болғаннан кейін, ашық сұрақ-жауап арқылы оқушылардың тапсырманы орындауда қандай дағдылары дамығанын немесе қандай қиыншылықтар кездескендігі бойынша да кері байланысты үнемі жүргізіп отыру қажет.
«Сабақты қорытындылау»
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.
Сипаттама: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушы мен капитанды атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады.
Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Рефлексиялық нысана» парақшасын таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады.
Қимыл-қозғалыс ойындарының бала денсаулығына және баланың дене қабілетінің дұрыс дамуына әсері.
Қимылдық ойынның нәтижесінде бала белгілі сигналға үйреніп, ойын ережесіне бағынады. Бұл оның жан-жағындағы оқиғаға мән беріп қарауына, төзімді болуына, тәртіпті сақтауына немесе оның басындағы мидың тежелу функциясының дамуына өз септігін тигізеді. Балалардың қимыл дағдысын қалыптастыру барысында күрделі қозғалысты меңгеру және осы қозғалысқа қатысты әртүрлі қызметпен белсенді жұмыс жасауы артады. Баланың дағдысы 7 жасқа дейін қалыптасып, әрі қарай шыңдалуының негізіг фундаменті қызметін атқарып, өмірде күрделі қимыл іс-әрекетін қиналмай жасап, үлкен спортта да табысқа жетуінің алғышарты қалыптасады. Ойын барысында балалар әртүрлі қимыл жасайды: тұрады, еңкейеді, қашады, қолмен ұстайды. Қозғалыс қимыл ойындары топтық сипатта болады. Сондықтан олар қимыл-қозғалыс пен іс-әрекеттің үйлесімді болуын белгілі ережелердің орындалуын талап етеді. Ойында баланың ширығып, толғануы оның күшін жұмылдырып, қимылдарды орындауда жақсы нәтижелерге жетуіне көмектеседі. Қимыл-қозғалыс ойындары өзінің мазмұны мен формасы жағынан эстетикалық әрекет болып табылады. Қимыл-қозғалыс ойындарының сан қырлы тәрбиелік маңызы, олардың мектеп жасына дейінгі балалар үшін ыңғайлылығы, ойындардың қуанышты, балаларды өзіне тартатын әрекет салыасын туғызады. Қимыл-қозғалыс балалардың игеріп үлгерген қимыл дағдыларын жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру ретінде қызмет етеді.
Қимылдық ойынның нәтижесінде бала белгілі сигналға үйреніп, ойын ережесіне бағынады. Бұл оның жан-жағындағы оқиғаға мән беріп қарауына, төзімді болуына, тәртіпті сақтауына немесе оның басындағы мидың тежелу функциясының дамуына өз септігін тигізеді.
Балалардың қимыл дағдысын қалыптастыру барысында күрделі қозғалысты меңгеру және осы қозғалысқа қатысты әртүрлі қызметпен белсенді жұмыс жасауы артады. Баланың дағдысы 7 жасқа дейін қалыптасып, әрі қарай шыңдалуының негізіг фундаменті қызметін атқарып, өмірде күрделі қимыл іс-әрекетін қиналмай жасап, үлкен спортта да табысқа жетуінің алғышарты қалыптасады. Ойын барысында балалар әртүрлі қимыл жасайды: тұрады, еңкейеді, қашады, қолмен ұстайды.
Қозғалыс қимыл ойындары топтық сипатта болады. Сондықтан олар қимыл-қозғалыс пен іс-әрекеттің үйлесімді болуын белгілі ережелердің орындалуын талап етеді. Ойында баланың ширығып, толғануы оның күшін жұмылдырып, қимылдарды орындауда жақсы нәтижелерге жетуіне көмектеседі.
Қимыл-қозғалыс ойындары өзінің мазмұны мен формасы жағынан эстетикалық әрекет болып табылады. Қимыл-қозғалыс ойындарының сан қырлы тәрбиелік маңызы, олардың мектеп жасына дейінгі балалар үшін ыңғайлылығы, ойындардың қуанышты, балаларды өзіне тартатын әрекет салыасын туғызады. Қимыл-қозғалыс балалардың игеріп үлгерген қимыл дағдыларын жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру ретінде қызмет етеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру