Қазақтың ұлттық ойындарына баулу. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 40 сабақ.
№40 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық
Тақырып: Қазақтың ұлттық ойындарына баулу
Қазақтың ұлттық ойындарының маңыздылығы
Қазақтың ұлттық ойындарының қоғамдық және әлеуметтік маңызы аса зор. Ұлттық ойындар қазақ халқының ежелгі - мәдениеті мен өнерінің де ешкімнен кем болмағанын байқатады. Қазақ халқы ұлттық ойындарға бай халық. Ұлттық ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып жатыр. Ата – бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі жігерлі болып өсуіне ықпал етіп, олардың береке бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Шындығына келсек өмір сүруімізде ұлттық ойындардың атқаратын міндеті айрықша. Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Ұлттық ойындар екі топқа бөлінеді, спорттық және ақыл ойға арналған ойындар болып. Спорттық ойындарға: қыз қуу, көкпар, ақсүйек, арқан тартыс т. б жатса, ақыл ойға арналған ойындарға тоғызқұмалақ, асық ойындары жатады. Ұлттық ойындарға мына ойын түрлері жатады: «Тоғызқұмалақ», «Бәйге», «Асық», «Ақсүйек», «Арқан тарту», «Қыз қуу», «Көкпар», «Күміс алу», «Жамбы ату». бұл ойындар баланың еңбекке деген қарым - қатынасы мен ойлау қабілеттерін арттырады және баланы шымыр да епті, зерек те алғыр, тапқыр да парасатты болып өсуге тәрбиелейді. Ұлтымыздың асыл қазынасы болған ұлттық ойындарымызды жоғалтып алмай, ұрпақтан - ұрпаққа жетуін насихаттау, халқымыздың, баршамыздың міндетіміз деп білейік.
Тақырыпқа сай оқушы іс-әрекеті:
«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»
Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатынмен таныстыру.
Қыздырыну үшін қимыл-қозғалыс ойынын ойнату.
«Әуе доп» ойыны - бұл ойын спорт аланында ойнатылады, ойынға 10 нан астам оқушылар қатыса алады, мұғалім төрешілік қызметтін атқарады, оқушылар шеңбер болып тұрады. Мұғалім шеңбердін ішінде тұрып волейбол добын жоғары лақтырады да кез келген бір оқушының атын атайды аты аталған оқушы допты қағып алуға жүгіреді ал, қалғандары кері қарай жүгіреді. Допты қағып алған оқушы «тоқта!» деп белгі береді сол кезде кері қарай жүгірген оқушылыр орнынан қимылдамай тоқтап қалу керек. Допты қағып алған оқушы кез келген ойыншыны доппен дәлдеп ұруы керек, егер допты кез келген ойыншыға тигіссе оқушыға бір ұпай беріледі. Ұпай алған ойыншы орныны қайта келеді, мұғалім допты қайта лақтырып ойын осылай жалғаса береді.
Бір орында шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындау.
«Қазақтың ұлттық ойындарына баулу»
Оқушылар тақырыпқа сай, ұлттық қозғалыс ойындарын шағын топтарда ойнайды. Ойын ережесін түміндіріп, қауіпсіздікті сақтауға үйрету.
«Соқыр теке» Сынып екі топқа бөлініп, бір бірінің қолынан ұстап шеңберге тұрады, ал үш-төрт ойыншы шеңбер ішінде, оның бірінің көзін байланады ол жүргізуші. Шеңбер ішіндегі ойыншылар көзі байлаулы жүргізушіні қолымен түртеді. Жүргізушы оны шеңбер ішнде бір ойыншыны ұстап есімін айтып беруі тиіс. Ергер жүргізуші дұрыс тауып есімін айтатын болса сол ұсталған ойыншы көзін байлап ойынды жалғастырады
«Арқан тартыс». Оқушылар бірнеше топқа бөлінеді. (Шанырактар). Алаң ортасына көлденең сызық сызылады. Арқанның ортасы кішкене лентамен белгіленеді. «Арқанға жақында!» бірінші белгісі бойынша ойыншылар командада жұптарға бөлініп, арқанның оң және сол жақтарына тұрады. «Арқанды ұста!» екінші белгісі бойынша жұптар еңкейіп, арқанды көтереді. Мұғалімнің ысқырығы бойынша командалар арқанды өз жағына тартуға тырысады. Командалардың бірі арқанды тартып, бақылау сызығынан 3 м кейін шегіне алған кезде (арқанның ортасындағы бауымен белгіленген жерінен), ысқырық беріліп, күрес тоқтатылады. Арқанды орнына қойып, ойынды қайталайды. Арқанды өз жағына көп рет тарта алған команда жеңіске жетеді.
«Такия тастамак». Оқушылар шеңбер жасап отырады. Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп жүріп, біреуінің артына білдіртпей тақияны тастап кетеді. Егер біреу сезіп қойса, жүргізушіні қуып жетуі керек. Ал, жүргізуші қуған баланың орнына тұра қалуға тырысады. Ойын осылайша қайталанып барлық оқушылар жүгіріп шыққанша жалғасады.
Сабақтың қорытынды бөлімінде
Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.
Үй тапсырмалары беріледі;
Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады)
«СОҚЫТ ТЕКЕ» ойыны
«Соқыр теке» – ойыны да біздің қазақтың көптен келе жатқан ойын түрі. Бұл ойын кез-келген жерде ойнала беретін болғандықтан, көп пайдалануға болады. Оқушылар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады да, ортада көзі байланған бір адамды қалдырады. Соқыр теке – сол. Қалғандары оны қолымен түртіп қойып, одан айнала қашады. Соқыр теке түрткен адамды ұстап алуы керек. Ойын солай жалғаса береді, қашан мұғалім тоқтатқанша. Бұл ойын сезімталдыққа, жылдамдыққа баулиды. Ойынға 10-12 адамға шейін қатысуға болады.
«АРҚАН ТАРТЫС» ойыны
Арқан тартыс ойыны — ұлттық ойын.Ойынды жазда көгалды алаңда, спорт залында өткізуге болады. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады.Ойын басқарушының берген командасы бойынша қатар түзеп сапта түрған ойыншылар оң жақ шетінен бастап қатар санын «бір, екі, үш»… деп сол жақ шетіне дейін санап шыгады. Сөйтіп тақ жағы бір бөлек, жұп жағы бір бөлек бөлініп шығады.
Күн ілгері сызып қойған үш сызықтың ортасына арқандағы үш белгінің екі шеткісін дәл келтіріп керіп тұрады да, арқанның шеткі белгісінен бастап ұшына дейін ойыншылар қос қолдап ұстап тартып тұрады. Содан соң ойын басқарушының берген командасы бойынша екі топ тартысқа түседі. Ойыншылардың мақсаты — тартысқа түскен екі топ бірін-бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйретіп өткізіп әкету. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады, жеңген жағы бәйгесін алады. Ойынды осы жоғарыдағы тәртіппен жүргізе беруге болады. Ойын қимыл бірлігін қалыптастырып, коллективтік іс-әрекетке тәрбиелейді
«ТАҚИЯ ТАСТАМАҚ» ойыны
Ойынға бірнеше бала қатысады. Балалар шеңбер жасап отырады. Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп жүріп, біреуінің артына білдіртпей тақияны тастап кетеді. Егер біреу сезіп қойса, жүргізушіні қуып жетуі керек. Ал, жүргізуші қуған баланың орнына тұра қалуға тырысады. Жүргізушіге жете алмаған бала айыбын төлейді, өнер көрсетеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру