Қазақтың ұлттық ойындарына баулу. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 40 сабақ.


40 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.

4 бөлім: Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындары

Тақырып: Қазақтың ұлттық ойындарына баулу

Тақырыпқа сай оқушы іс-әрекеті:

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатынмен таныстыру.

Қыздырыну үшін қимыл-қозғалыс ойынын ойнату.

«Әуе доп» ойыны - бұл ойын спорт аланында ойнатылады, ойынға 10 нан астам оқушылар қатыса алады, мұғалім төрешілік қызметтін атқарады, оқушылар шеңбер болып тұрады. Мұғалім шеңбердін ішінде тұрып волейбол добын жоғары лақтырады да кез келген бір оқушының атын атайды аты аталған оқушы допты қағып алуға жүгіреді ал, қалғандары кері қарай жүгіреді. Допты қағып алған оқушы «тоқта!» деп белгі береді сол кезде кері қарай жүгірген оқушылыр орнынан қимылдамай тоқтап қалу керек. Допты қағып алған оқушы кез келген ойыншыны доппен дәлдеп ұруы керек, егер допты кез келген ойыншыға тигіссе оқушыға бір ұпай беріледі. Ұпай алған ойыншы орныны қайта келеді, мұғалім допты қайта лақтырып ойын осылай жалғаса береді.

Бір орында шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

«Қазақтың ұлттық ойындарына баулу»

Оқушылар тақырыпқа сай, ұлттық қозғалыс ойындарын шағын топтарда ойнайды. Ойын ережесін түміндіріп, қауіпсіздікті сақтауға үйрету.

«Соқыр теке» Сынып екі топқа бөлініп, бір бірінің қолынан ұстап шеңберге тұрады, ал үш-төрт ойыншы шеңбер ішінде, оның бірінің көзін байланады ол жүргізуші. Шеңбер ішіндегі ойыншылар көзі байлаулы жүргізушіні қолымен түртеді. Жүргізушы оны шеңбер ішнде бір ойыншыны ұстап есімін айтып беруі тиіс. Ергер жүргізуші дұрыс тауып есімін айтатын болса сол ұсталған ойыншы көзін байлап ойынды жалғастырады.

«Арқан тартыс». Оқушылар бірнеше топқа бөлінеді. (Шанырактар). Алаң ортасына көлденең сызық сызылады. Арқанның ортасы кішкене лентамен белгіленеді. «Арқанға жақында!» бірінші белгісі бойынша ойыншылар командада жұптарға бөлініп, арқанның оң және сол жақтарына тұрады. «Арқанды ұста!» екінші белгісі бойынша жұптар еңкейіп, арқанды көтереді. Мұғалімнің ысқырығы бойынша командалар арқанды өз жағына тартуға тырысады. Командалардың бірі арқанды тартып, бақылау сызығынан 3 м кейін шегіне алған кезде (арқанның ортасындағы бауымен белгіленген жерінен), ысқырық беріліп, күрес тоқтатылады. Арқанды орнына қойып, ойынды қайталайды. Арқанды өз жағына көп рет тарта алған команда жеңіске жетеді.

«Такия тастамак». Оқушылар шеңбер жасап отырады. Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп жүріп, біреуінің артына білдіртпей тақияны тастап кетеді. Егер біреу сезіп қойса, жүргізушіні қуып жетуі керек. Ал, жүргізуші қуған баланың орнына тұра қалуға тырысады. Ойын осылайша қайталанып барлық оқушылар жүгіріп шыққанша жалғасады.

Бағалау:

Қызыл түс - жаттығуды орындауда кемшіліктер бар;

Жасыл түс – жаттығуды орындалу техникасына сай көрсетеді

Әр оқушы неғұрлым жасыл түсті стикерге иелік етсе соғұрлым жоғары ұпайға ие болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу