Қазақтың ұлттық ойындарына баулу. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 40 сабақ.
3 сынып
4 бөлім: Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындары
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындарына баулу.
Оқу мақсаты:
3.2.7.7. Патриотизмнің мағынасын түсіндіру, топтық және дербес дене қимылдарында өзара іс қимыл мен адал ойын көрсету
3.3.5.5. Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қалай алу керектігін қарап, түсіндіру
Сабақ мақсаты:
1. Оқушылар бойындағы патриоттық қабілеттілікті ұлттық ойындары арқылы көрсету;
2. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнау арқылы дене тәрбиесін жүзеге асыру;
3. Ұлттық құндылықтарымыз, дәстүріміз туралы мәліметтерді ұлттық ойындар арқылы тарату
Бағалау критерийлері:
Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсатына жетеді:
- Олар ұсынылған әрекеттерге жаңа немесе балама шешу идеяларын қолдана алады;
- Олар бірқатар іс-әрекеттердің проблемасын шешу барысында, өзінің және өзгелердің дағдылары мен балама идеяларын қолданып сынай және бағалай алады.
Қазақтың ұлттық ойындарының маңыздылығы
Қазақтың ұлттық ойындарының қоғамдық және әлеуметтік маңызы аса зор. Ұлттық ойындар қазақ халқының ежелгі - мәдениеті мен өнерінің де ешкімнен кем болмағанын байқатады. Қазақ халқы ұлттық ойындарға бай халық. Ұлттық ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып жатыр. Ата – бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі жігерлі болып өсуіне ықпал етіп, олардың береке бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Шындығына келсек өмір сүруімізде ұлттық ойындардың атқаратын міндеті айрықша. Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Ұлттық ойындар екі топқа бөлінеді, спорттық және ақыл ойға арналған ойындар болып. Спорттық ойындарға: қыз қуу, көкпар, ақсүйек, арқан тартыс т. б жатса, ақыл ойға арналған ойындарға тоғызқұмалақ, асық ойындары жатады. Ұлттық ойындарға мына ойын түрлері жатады: «Тоғызқұмалақ», «Бәйге», «Асық», «Ақсүйек», «Арқан тарту», «Қыз қуу», «Көкпар», «Күміс алу», «Жамбы ату». бұл ойындар баланың еңбекке деген қарым - қатынасы мен ойлау қабілеттерін арттырады және баланы шымыр да епті, зерек те алғыр, тапқыр да парасатты болып өсуге тәрбиелейді. Ұлтымыздың асыл қазынасы болған ұлттық ойындарымызды жоғалтып алмай, ұрпақтан - ұрпаққа жетуін насихаттау, халқымыздың, баршамыздың міндетіміз деп білейік.
Тақырыпқа сай оқушы іс-әрекеті:
Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді. Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатынмен таныстыру.
Қыздырыну үшін қимыл-қозғалыс ойынын ойнату.
«Әуе доп» ойыны - бұл ойын спорт аланында ойнатылады, ойынға 10 нан астам оқушылар қатыса алады, мұғалім төрешілік қызметтін атқарады, оқушылар шеңбер болып тұрады. Мұғалім шеңбердін ішінде тұрып волейбол добын жоғары лақтырады да кез келген бір оқушының атын атайды аты аталған оқушы допты қағып алуға жүгіреді ал, қалғандары кері қарай жүгіреді. Допты қағып алған оқушы «тоқта!» деп белгі береді сол кезде кері қарай жүгірген оқушылыр орнынан қимылдамай тоқтап қалу керек. Допты қағып алған оқушы кез келген ойыншыны доппен дәлдеп ұруы керек, егер допты кез келген ойыншыға тигіссе оқушыға бір ұпай беріледі. Ұпай алған ойыншы орныны қайта келеді, мұғалім допты қайта лақтырып ойын осылай жалғаса береді.
Бөлім мен тақырыпқа қысқаша шолу
Бұл бөлімде оқушылар әділ ойын мен ынтымақтастық дағдыларын бекітіп, қазақтың ұлттық және қозғалмалы ойындармен танысуды жалғастырады. Оқушылар бұл бөлімде қозғалмалы ойындар арқылы ұлттық ойындармен танысып, әділ ойын мен ынтымақтастықты дамытады. Түрлі қазақтың ұлттық ойындарының ережесімен танысып, ойындарды ойнау арқылы ептілік, батырлық, жігірлік қабілеттерін дамыта алады.
Тақырыпқа сай, тапсырмалардың орындалуы.
«Қазақтың ұлттық ойындарына баулу»
Оқушылар тақырыпқа сай, ұлттық қозғалыс ойындарын шағын топтарда ойнайды. Ойын ережесін түміндіріп, қауіпсіздікті сақтауға үйрету.
«Соқыр теке» Сынып екі топқа бөлініп, бір бірінің қолынан ұстап шеңберге тұрады, ал үш-төрт ойыншы шеңбер ішінде, оның бірінің көзін байланады ол жүргізуші. Шеңбер ішіндегі ойыншылар көзі байлаулы жүргізушіні қолымен түртеді. Жүргізушы оны шеңбер ішнде бір ойыншыны ұстап есімін айтып беруі тиіс. Ергер жүргізуші дұрыс тауып есімін айтатын болса сол ұсталған ойыншы көзін байлап ойынды жалғастырады
Тақырыпқа сай, тапсырмалардың орындалуы.
«Арқан тартыс» ойыны
Оқушылар бірнеше топқа бөлінеді. (Шанырактар). Алаң ортасына көлденең сызық сызылады. Арқанның ортасы кішкене лентамен белгіленеді. «Арқанға жақында!» бірінші белгісі бойынша ойыншылар командада жұптарға бөлініп, арқанның оң және сол жақтарына тұрады. «Арқанды ұста!» екінші белгісі бойынша жұптар еңкейіп, арқанды көтереді. Мұғалімнің ысқырығы бойынша командалар арқанды өз жағына тартуға тырысады. Командалардың бірі арқанды тартып, бақылау сызығынан 3 м кейін шегіне алған кезде (арқанның ортасындағы бауымен белгіленген жерінен), ысқырық беріліп, күрес тоқтатылады. Арқанды орнына қойып, ойынды қайталайды. Арқанды өз жағына көп рет тарта алған команда жеңіске жетеді.
Тақырыпқа сай, тапсырмалардың орындалуы.
Такия тастамак» ойыны
Оқушылар шеңбер жасап отырады. Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп жүріп, біреуінің артына білдіртпей тақияны тастап кетеді. Егер біреу сезіп қойса, жүргізушіні қуып жетуі керек. Ал, жүргізуші қуған баланың орнына тұра қалуға тырысады. Ойын осылайша қайталанып барлық оқушылар жүгіріп шыққанша жалғасады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бұдан шығатын қорытынды — халық ойындарын сабақаралық үзілістер мен мектептен тыс жұмыстарда пайдалану мұғалімдер ұжымының бақылау, басшылығында болуы тиіс. Бұл басшылық, бақылаусыз, педагогикалық ықпалсыз пайдаланылған ойындар оқушыларға қаншалықты әсерлі, қызықты болғанымен мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының көздеген жерінен шыға бермейді. Бала организмі қимыл-қозғалыссыз тұра алмайды. Ол тірі организмнің өсіп, дамуының негізгі шарты. Бала мектепке дейінгі жасында түрлі ойындармен ойнап үйренген. Сондықтан ол мектепте де ойнауға, қозғалуға, жүгіруге бейім тұрады. Бұны жалпыға белгілі шындық десек, балалардың бойындагы осы күш-жігерді, ұшқыр қиялды, өмірге талпынысты, білуге деген құмарлық пен құлшынысты пайдалана отырып, соны дұрыс басқарып, бағдарлай білсек, онда біз көп нәрсені ұтқан болар едік.
Күтілетін нәтиже:
- Негізгі қозғалыс дағдыларын меңгеру;
- Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;
- Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;
- Ұлтық ойындарға деген, асық ойындарына деген қызығушылықты ояту;
- Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу;
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.
Үй тапсырмалары беріледі;
Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру