Қазақтың ұлттық ойындарына баулу. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 41 сабақ.
№41 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық
Тақырып: Қазақтың ұлттық ойындарына баулу
Қазақтың ұлттық ойындарының маңыздылығы
Қазақтың ұлттық ойындарының қоғамдық және әлеуметтік маңызы аса зор. Ұлттық ойындар қазақ халқының ежелгі - мәдениеті мен өнерінің де ешкімнен кем болмағанын байқатады. Қазақ халқы ұлттық ойындарға бай халық. Ұлттық ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып жатыр. Ата – бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі жігерлі болып өсуіне ықпал етіп, олардың береке бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Шындығына келсек өмір сүруімізде ұлттық ойындардың атқаратын міндеті айрықша. Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Ұлттық ойындар екі топқа бөлінеді, спорттық және ақыл ойға арналған ойындар болып. Спорттық ойындарға: қыз қуу, көкпар, ақсүйек, арқан тартыс т. б жатса, ақыл ойға арналған ойындарға тоғызқұмалақ, асық ойындары жатады. Ұлттық ойындарға мына ойын түрлері жатады: «Тоғызқұмалақ», «Бәйге», «Асық», «Ақсүйек», «Арқан тарту», «Қыз қуу», «Көкпар», «Күміс алу», «Жамбы ату». бұл ойындар баланың еңбекке деген қарым - қатынасы мен ойлау қабілеттерін арттырады және баланы шымыр да епті, зерек те алғыр, тапқыр да парасатты болып өсуге тәрбиелейді. Ұлтымыздың асыл қазынасы болған ұлттық ойындарымызды жоғалтып алмай, ұрпақтан - ұрпаққа жетуін насихаттау, халқымыздың, баршамыздың міндетіміз деп білейік.
Тақырыпқа сай оқушы іс-әрекеті:
Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.
- Жүру жаттығуларын орындау;
- Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
- Жылдамдыққа жүгіру;
- Тынысты қалыпқа келтіру
Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.
«Қазақтың ұлттық ойындарына баулу»
Тапсырма
«Көкпар» ойынының ережесіне сай, топқа бөлініп, балама ойын құрастырып ойнату. Екеуден жұптасып, ажырамай жүгіріп, ойын ережесімен ойнайды. «Салым» ретінде ауыр допты, «қазандық» ретінде шеңбер (обруч) пайдаланамыз. Оқушылар екеуден жұптасып, бір қолмен ғана салымды ұстауға рұқсат етіледі. Жұптар ажырамауы тиіс. Әр топ, өзінің қазандығың қорғауы тиіс. Барлық жұптар қорғаныста да, шабуылда да ойнайды.
Дискриптор Білім алушы
- қазақтың ұлттық ойындарына балама ойын құрастырады;
- ойын ережесімен ойнайды;
- ойында барлық мүмкіндікті пайдаланады.
гимнастикалық шығыршықты - «қазандық» ретінде пайдаланамыз
2 кл ауыр доп – «салым» ретінде пайдаланамыз
Тапсырма
Оқушылардың барлығына бірдей карточка тарату және сол жердегі суреттерге қарап, ат үстінде ойналатын ұлттық ойындардың атауын латын әріптерімен сәйкестендіру қажет.
Оқушылар суреттерге қарап, ойындардың атауын есте сақтау қажет.
Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы “көк бөрте” (лақ) сөзінен шыққан. Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 20-30кг-дай келеді. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан Көкпарға тартпайды.
Көкпар – Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Ол қырғыз тілінде "көк бөрү", “улак тартыш (тартуу)”, тәжік тілінде “бузкаши” деп аталады. Көкпар тарту сияқты ұлттық ат спорты ойындары басқа да Шығыс елдерінде де бар. Ауғанстанда кең тараған бузавиш ойыны Көкпарға өте ұқсас. Сондай-ақ, Аргентина халқының да Көкпарға ұқсас ат спорты ойыны болған.
Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар Көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі. Мұны кейде марта тарту деп те атайды.
Сабақтың қорытынды бөлімінде
Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.
Үй тапсырмалары беріледі;
Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру