Қауіпсіздік ережесі. Денсаулық туралы негізгі түсініктер. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 1

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қауіпсіздік ережесі

Денсаулық туралы негізгі түсініктер

Оқу мақсаттары

3.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып, қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін түсіну және көрсету

 Сабақ мақсаттары

Дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді және көрсетеді

 Бағалау критерийлері

  • денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын көрсетеді;
  • жаттығуларды орындау барысында қиындықтарды және тәуекелдерді түсінеді.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • жеңіл атлетикаға байланысты физикалық қасиеттер туралы түсініктерін көрсетеді және талқылайды

Пәнге тән лексика мен терминология:

Мыналарды қамтиды:

  • қауіпсіздік ережесі
  • қозғалыс дағдылары
  • ереже, тәуекел, қауіпсіздік

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

  • Дене қыздыру адам ағзасына жақсы жүктеме бола ала ма?
  • Қозғалыс әрекеттерімен айналысқан кезде біздің ағзамызда қандай өзгерістер болады?

Құндылықтарды

дарыту

 

 

  • оқушының төзімділік, жылдамдық, күш, ептілік және икемділік сияқты қозғалыс дағдыларын дамытады;
  • ұлтжандық, құрмет, командада жұмыс;
  • оқушыларды өмір бойы салауатты өмір салтын ұстануға бағыттай отырып, алынған дағдыларды қолдануға ынталандырады;

Пәнаралық

байланыстар

Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. (Дене жаттығуларын орындау барысында дене мүшелерінің белсенді қызметін және бұлшық еттердің қимылын түсінеді).

АКТ қолдану дағдылары

Тақырып бойынша дене жаттығуларын орындау әдісін көрсету (АКТ қолданған жағдайда)

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ сабақтан тыс қызметте іс- шаралар кезінде жеңіл атлетика бойынша түсінігі бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

І. Сапқа тұрғызу. Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен.

Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз»

Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды.

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

ІІ. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(П) «Тек бір минут» стратегиясын өткізеді

Оқушылар бір-бірін бағалайды

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Көңіл-күй ағашы» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

25 мин.

(Б, К) Қозғалмалы ойындардағы техникалық қауіпсіздік ережелері

(Ж, Т, К, ҚБ) Жерде түрлі пішіндегі сызықтар жүргізіледі ол – жолдар. Ойнаушылар олардың үстінен бірінен соң бірі жүгіріп, тепе-теңдік сақтай отыра күрделі бұрылыстар жасайды. Бір-біріне кедергі жасамай, алда жүгіріп келе жатқанға соқтығыспай, дәл сызыққа басып, жолмен жүгіру керек.

Ойынға қатысушылар саны әртүрлі болуы мүмкін. Жолдың ұзындығы суретте көрсетілгендей кез келген ұзындықта болуы мүмкін, бірақ 5 м кем болмауы тиіс. Бұл ойынды жарыс түрінде өткізуге болады. Пішіні бірдей бірнеше сызық сызылып, әр қайсысының соңына жалаушалар қойылады. Ойнаушылардың бірінші жалаушаға жеткені тез басынан жоғары көтеруі керек. Командалық ойын түрінде өткізуге болады.

Дескриптор:

  • Қауіпсіздік ережесін сақтайды.
  • Тепе-теңдікті сақтайды, күрделі бұрылыстар жасайды.
  • Ойынның ережесін біледі.

ҚБ: бірін-бірі бағалау

(Ж, Б, Тәж, ҚБ) «Жылан» Ойынның алдында сыныпты 5-7 адамнан тұратын бірнеше топқа бөліңіз. Оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап, шынжыр жасап тұрады. Шынжырдың басында жүргізуші тұрады. Ол кедергілерден секіріп, тез бұрылыстар жасап, ойын алаңында жүгіріп келе жатып, әртүрлі пішіндерді суреттеп, барлық ойынға қатысушыларды соңынан ертеді. Қалып қойған ойыншылар ойыннан шығады. Бұл ойынды кез келген жыл мезгілінде ойнауға болады.

Ойын ережесі: Жылан үзіліп қалмау үшін ойыншылар бір-бірін қолдарынан немесе белбеулерінен мықтап ұстаулары керек (тек киімнен ұстауға болмайды). Ойыншылар жүргізушінің қимылын қайталау керек. Жүргізуші тез жүгірмеуі керек. Ойын нұсқасы: Жүргізушінің белгісі бойынша ойыншылар тарауға, одан кейін орындарына қайтып жиналуға болады.

Дескриптор:

  • Қауіпсіздік ережесін сақтайды.
  • Кедергілерден секіруді біледі.
  • Тез бұрылыстар жасайды.

ҚБ: бірін-бірі бағалау, Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.

Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, пішіндерді белгілеуге арнаған бор, жалаушалар, ысқырық. Жолдарды салуға арналған ленталар.

«Балаларға арналған қозғалмалы ойындары» сілтемесі:

http://allforchildren.ru/games/active1-1.php

Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, белгілеуге арнаған бор, жалаушалар, ысқырық, секундомер. Кедергі жасау үшін: фишкалар, конустар, жеңіл атлетикалық кедергілер, гимнастикалық орындықтар.

«Балаларға арналған қозғалмалы ойындары» сілтемесі:

http://ped-kopilka.ru/blogs/yulija-viktorovna-butova/podvizhnye-igry-s-begom-dlja-detei-5-7-let.html

Сабақтың соңы

5 мин.

Сабақты қорытындылау.

  • Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;
  • Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
  • Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
  • Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;
  • Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Құрал-жабдықтарды жинау.

Кері байланыс үшін парақ

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Үлгере алмайтын, қалып қоятын оқушылар мықты және дарынды балалардың сонынан қайталап береді
  • Кеңістікте қозғалыс сөздік қорларын кеңейту үшін жаттығып жатқан қабілетті оқушыларға қиынырақ сұрақтар қойылады.
  • Қозғалыс ойын және эстафета ойын ойнаған кезде мықты дарынды оқушылар өз креативтік ойларын және қимыл қозғалыстарын көрсете алады «Көңілді кенгуру »
  • Мұғалімнің сырттан жүріп байқауы
  • Оқушылармен тақырып бойынша әңгімелесу
  • Керек кезінде оқушылар тоқтай ала ма?
  • Оқушылар ойын ойнаған кезде ерекше қимыл қозғалыстарын көрсете ала ма?
  • Бақылау, тыңдау, сұрақтар
  • Оқушылардың қалай жүргендерін бақылау
  • Оқушылар өз-өздерін бағалау, орындаған тапсырманы талқылайды
  • Сұрақ жауап арқылы топтағы және жеке қарым-қатынас сапасын анықтау

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу;

Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу

Қауіпсіздік ережелерін мұқтят сақтау

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету;

Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау.

Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар нені үйренді? Оқыту/оқу, Сәтті; Сәтсіз; Болашаққа жоспар.Сабақ мақсаты сабақ тақырыбына, оқушылардың жас ерекшелігіне, қимыл қозғалысқа деген қажеттіліктеріне сай қойылған.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу