Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 10 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық
Оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар.
Сабақтың кіріспе және дайындық бөлімдерінде оұушыларға алдағы жұмыс туралы көрсету арқылы ұсыну. Бұған презентацияны пайдалана отырып, сабақтың тақырыптары мен міндеттерін талқылау арқылы қол жеткізіледі. Қозғалыс кезінде және жаттығулар жасағанда балаларға қашықтықты және қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету маңызды. Сабақтың негізгі бөлігінде, ойындарда міндеттерді орындаған кезде, ережелердің сақталуын бақылап, оқушылармен ойынның тиімділігін арттыру үшін талқылау керек. Сабақтың соңғы бөлігінде оқушылардың ағзасының функционалдық жүйелерін толқудан тыныштандыруға ауысу үшін төмен қарқындылық ойындары таңдалады.
1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері
Сабақ тақырыбы: Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика
Оқу мақсаттары:
3.1.1.1 Негізгі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыс машықтарын білу, түсіну және жақсартып жалғастыру.
Сабақтың мақсаты:
- Негізгі дене жаттығуларын орындағанда қозғалыс машықтарын біледі және түсінеді.
Бағалау критерийлері:
- Негізгі дене жаттығуларын орындағанда қозғалыс машықтарын біледі;
- Негізгі дене жаттығуларын орындағанда қозғалыс машықтарын түсінеді.
Сабақтың басы.
Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды иез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз» Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.
Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай .
1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.
2. Жеңіл жүгіріске көшу .
3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру.
4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде
5. Жылдамдыққа жүгіру
6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп, түсіру, демді қалпына келтіру.
Бой сергіту жаттығулары.
Сергіту сәті.
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
Әдістемелік нұсқаулық
Эстафета ойындардағы техникалық қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.
Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе - жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. Төменде бағдарламаның жекелеген тараулары (бөлімдері) бойынша сақтауға тиісті қауіпсіздік ережелері.Сабаққа спорт үйірмесіне келген оқушы арнайы спорт киімдерін киіп, оның таза болуын қадағалауды міндеттейді;Сабақ басталарда оқушы денесінің ыстығы көтеріліп т. б. аурулармен ауырып тұрса мұғалімге өз денсаулығы жайында ескерту керек.Спорт залда, алаңда дене тәрбиесі пәні мұғаліміне тағайындалған ойындар мен жаттығуларды орындамау керек.Спорт залдағы электр розеткалары мен электрощиттеріне тиіспеу керек;Спорт, алаңда орнатылған, құрылған спорт құралдарын мұғалімнің рұқсатынсыз тиіспеу керек;Гранат, кіші доп т. б. құралдары алысқа және нысанаға лақтырған кезде қауіпті алаңға, сырттан адам, не мал кіріп кеткен кезде жаттығуды тоқтату керек.
Әдістемелік нұсқаулық
Дене шынықтыру сабағындағы қауіпсіздік ережелері
Жеңіл атлетика сабақтарында мынандай қауіпсіздік ережелері сақталуы керек:
- Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резеңке аяқкиім кию керек.
- Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып , кілт тоқтауға болмайды.
- Ойлы-қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешек, т.б.) аспай-саспай өтуді есте сақтаған жөн.
- Жүгіру секіру, лақтыру алаңдарын (секторларын) көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.
- Тырма мен күректі сабақ өтілетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі, т.б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) төмен қаратып қою керек.
- Спорт құралдарын лақтырғанда (гранат, диск, найза), серпігенде (ядро), лақтыру, серпу бағытында адамның болмауын қадағалап, бақылап алу қажет.
- Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды қопсытып алу керек.
- Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.
- Серпіген ядроны қағып алуға болмайды және серпіген кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.
- Жауын-шашынды күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану қажет.
Жеңіл атлетика сабағында басты көңіл аударатын мәселе – жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім де, оқушылар да барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет.
Оқушыларға алаңды сағат тіліне қарама-қарсы айналып, бір бағытта жүгіруге рұқсат етіледі; ұзындыққа секіргенде, алдыңғы секіруші секіретін шұңқырдан кеткеннен кейін ғана келесі бала секіре алады; екпін алып биіктікке секіргенде, сол және оң жақтан екпін алып жүгіру кезегін сақтау қажет; допты және гранатты лақтырар уақытта, жаттығушыларды екі топқа бөліп, қарама-қарсы тұрғызуға тіпті де болмайды, доптар мен гранаттарды жинау пәрмен арқылы ғана жүзеге асырылады.
Салқындау ауа райы жағдайында (+150-тан төмен болса) жеңілдеу жаттығу костюмін кию қажет болады. Кроссовка немесе кеды – жеңіл атлетика үшін ең ыңғайлы аяқ киімдер.
2. Сабақтың ортасы.
Әдістемелік нұсқаулық.
- Ойын ережесін түсіндіру.
- Ойыншыларды бірнеше командаға бөлу.
- Әр команда бөлек-бөлек колонна болып тұрады.
- Колоннада тұрған ойыншылардың өзара қашықтығы қол созым болу керек.
- Әр колоннаның бастаушысында бір доптан болады.
- Жүргізушінің белгісі бойынша алда тұрған ойыншылар допты басынан асыра келесі ойыншыға береді.
- Осы түрде доп колоннаның соңында тұрған ойыншыға жетеді.
- Соңғы ойыншы допты алып колоннаның оң жағынан айналып келіп бірінші боп тұрады.
- Допты басынан асырып келесі ойыншыға береді.
- Ойынды бастаған ойыншы өз орнына қайтып келгенше ойын жалғаса береді.
- Орнына келіп допты жоғары көтеріп, өзінің командасында тік тұруға команда береді.
- Ойынды бірінші бітірген команда жеңіске жетеді.
- Ережесі. 1. Допты тек өзінің көршісіне беруге болады. Допты бірнеше ойыншыдан асырып лактыруга болмайды.
- 2. Допты түсіріп алган ойыншы допты алып орнына келіп, келесі ойыншыга береді.
- 3. Соңгы ойыншы колоннаның алдына келгенде, ойыншылар кішкене артқа жылжиды.
- 4. Айып үпайлары жоқ және ойынды бірінші бітірген команда жеңімпаз атанады.
3.Сабақтың соңы.
Сабақты қорытындылау.
Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;
Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Рефлексия:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?
бәрін жақсы түсіндім.
Енді түсініп келемін
Түсінбедім
Барлығын түсіндім
Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары № 10Дене шынықтыру
Сынып: ____3_____ Күні: ___________
1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері
Сабақ тақырыбы: Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика
Оқу мақсаттары:
3.1.1.1 Негізгі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыс машықтарын білу, түсіну және жақсартып жалғастыру.
Сабақтың мақсаты:
- Негізгі дене жаттығуларын орындағанда қозғалыс машықтарын біледі және түсінеді.
Бағалау критерийлері:
- Негізгі дене жаттығуларын орындағанда қозғалыс машықтарын біледі;
- Негізгі дене жаттығуларын орындағанда қозғалыс машықтарын түсінеді.
Ойлау деңгейінің дағдысы: түсінеді, қолданады
№ 1 Тапсырма: Әр колоннаның бастаушысында бір доптан болады.
№ 2 Тапсырма: Допты басынан асыра, аяқтың арасынан және аралас түрде беру.
№ п/п | Аты-жөні оқушының |
| |||||
Қауіпсздік ережесінің техникасын сақтайды | Серіктестің іс-әрекетін талқылайды, қателерін анықтайды, ілгерідегі әрекетін түзетеді | Техникалы дұрыс орындайды ойындағы жүгіру кезеңдерін | Өз-өзінің іс-әрекетін бағалайды, жіберген қателерін анықтайды, ілгерідегі әрекетін түзетеді | ||||
1 | |||||||
2 | |||||||
- Қорытындыны белгілеу үшін мына белгідерді пайдалануға болады:
- V - (өте жақсы)
- Z – (жақсы)
- S - (әліде жұмыстану керек)
Қозғалмалы ойындар ғаламторға сілтеме:
«Орындарыңа тез барындар» - ойыны.
Ойынға қатысушылардың барлығы бір немесе екі колоннаға тұрады да, қолдарын алға қарай созып, алдарында тұрғандардың иықтарына қолдарын жеңіл - желпі тигізіп түрады. Ойынды баяндау. Жетекші «Қашындар!» деген бұйрық бергенде, ойынға барлық қатысушылар жан-жаққа бытырай жүгіре жөнеледі. Ал, «Тез орындарыңа!» деген екінші бұйрық берілгенде, бэрі де жанағы тұрғандай тұра қалулары керек. Кім орынға соң келеді, сол жеңілген болып есептеледі. Ал, егерде екі колонна бойынша ойнаса, қай колонна бұрын қалса, сол жеңеді.
«Космонавтар» - ойыны.
Залдың немесе алаңнын бүрыштары мен жан-жақтарына 5-8 үлкен дөңгелек ракета сызылады. Ракеталардың барлық саны ойынға қатысушылардың сандарынан 5-8-ге кем болуы қажет. Ойынға барлық қатысушылар залдың ортасындағы дөңгелекке тұрады. Ойынды баяндау. Ойынға қатысушылар бір-бірінің қолдарынан үстап, мына сөздерді айтады: «Бізді үлкен ракеталар күтуде. Қайсысын қаласақ, сонымен ұшамыз. Ал, кешіккендерге орын жоқ!». Осыдан кейін бэрі де ракетадромға жүгіреді. Онда эркім эр ракетадан орын алады. Орыннан құр қалғандар ойын бастаушыға немесе дөңгелекке келеді. Кешіккендердің бэрі жиналып болғаннан кейін ойынды қайта бастайды. «Орындарына тез барындар» жэне «Космонавтар» ойынының ережелері. 6 1. Ойынды жетекшінің белгісінен кейін бастау керек. 2. Ойыншылар бірінші ойында «Тез орындарына» жэне екінші ойында «Кешіккендерге орын жоқ» деген жетекшінің сөзінен кейін жан-жаққа жүгіреді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру