Ақуыздар. № 5 демонстрация «Ақуыздардың еруі және жауын-шашын, ақуыздың денатурациясы; ақуыздардың күйуі (жүн немесе құс қауырсындары)» № 7 зертханалық тәжірибе «Ақуыздардың түсті реакциясы». Химия, 11 сынып, қосымша материал 3.


Ақуыздардың қызметтері

1. Құрылымдық қызмет – ақуыздар арқылы клетканың көптеген компоненттері түзіледі, ал липидтермен кешен түрінде олар клетка мембранасының құрамына кіреді.

2. Катализдік қызмет – барлық ферменттер өздерінің химиялық табиғаты бойынша ақуыздар. Бұл қызмет 1982 жылдан бастап бірегей болып есептеледі. Кейбір РНҚ-ың да катализдік белсенділігі анықталды. Оларды РНҚ-зималар немесе рибозималар деп атайды.

3. Тасымал-даушылық қызмет – гемоглобин ақуызы оттегіні тасымалдайды, басқа ақуыздар липидтерді, билирубинді, май қышқылдарын тасымалдайды. Трансферрин темірді тасымалдайды.

4. Механохимиялық (немесе жиырылдырушылық) қызмет – бұлшықет жұмысы және басқа да мүшелердегі қозғалу қызметі макроэргиялық байланыстарды пайдаланатын жиырылдырушы ақуыздардың (мысалы, актин, миозин) тікелей қатысуымен өтеді.

5. Реттеушілік қызмет. Клетка деңгейінде: ақуыз-репрессорлар және ақуыз-транскрипцияның активаторлары. Организм деңгейінде: кейбір ақуыз – гормондар. Мысалы, инсулин – ұйқы безінің гормоны, самототропин – өсу гормоны.

6. Қорғаныстық қызмет – интерферондар, иммуноглобулиндер, фибриндер.

7. Тіректік қызмет – сіңірлер, сүйектердің бетінің буындарының құрамына негізгі бөлігі ақуыздардан құралған, мысалы, коллаген, эластин.

8. Энергиялық қызмет – ақуыздардың АҚ-дары организмді энергиямен қамтамасыз ететін гликолиз жолына түсе алады.

9. Рецепторлық қызмет – көптеген ақуыздар таңдап білу (рецепция) үдерісіне қатысады.

10. Энергияны трансформациялау қызметі. Көз торшасының родопсині және ретинені жарық энергиясын электрлік энергияға трансформациялайды.

Ақуыздардың түсті реакциялары

Лабораториялық тәжірибе № 7 «Ақуыздардың түсті реакциялары»

  • Ксантопротеин реакциясы.

Белоктарды анықтау үшін олардың түсті рекциялары қолданылады. Оның біреуі ксантопротеин реакциясымен 9- сыныпта танысқансыңдар. Құрамында бензол ядросы бар белоктар концентрациялы азот қышқылымен сары түс («ксанто»-сары, «протеин»-белок) береді.

  • Биурет реакциясы.

Сілтідегі мыс (II) гидрокциді ерітіндісімен белокқа әсер еткенде, ашық күлгін түс пайда болады.

Цистин реакциясы. Құрамында күкірті бар белоктардың қорғасын ацетаты және сілтімен қосып қыздырғанда, қорғасын сульфидінің қара тұнбасы түзіледі.

  • Жануы. Белоктар азот, көмірқышқыл газы, су және т.б. заттарды түзіп жанады. Жанған кезде күйген қауырсынның иісі сезіледі.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?