Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы. Химия, 11 сынып, дидактикалық материал.


 

Токсиндік (уытты) металдар деп токсиндік қасиетке ие, қоршаған орта мен тірі ағзаларға залал келтіретін металдарды айтады. Олардың қатарына қорғасын, никель, хром, сынап, кадмий және мышьяк кіреді. Кейбір заттар аз мөлшерде пайдалы да, көп мөлшерде зиянды болып келеді. Бұларға мыс жатады. Көптеген элементтер организмге қажетсіз, қандай мөлшерде болса да, улы болып келеді. Бұл топқа: қорғасын, кадмий, алюминий және сынап жатады. Бұл металдар адамның денсаулығын бұзады.

Металдардың тасымалдану механизмі: Металл ионы өзінің токсикалық қасиетін көрсету үшін, ол биологиялық мембранадан өтіп, жасуша ішіне ену керек. Егер элемент липидтерде еритін химиялық қалыпта болса (мысалы, мышьяк немесе сынап алкил туындылары түрінде), онда липид қабаттарының жасуша мембранасынан диффузия – кедергісіз жүреді. Металл ақуызбен, мысалы кадмийдің металлотионеинмен байланысуында пиноцитоз, фагацитоз жолымен металл жасушаға түседі. Кальций каналдары арқылы кейбір иондар (мысалы, қорғасын ионы) бос күйінде тасымалдана алады. Иондарды тасымалдайтын, арнайыландырылған тасымалдағыш жүйелері арқылы жүреді. Улы элементтер және қажетті элементтердің артық мөлшері, биологиялық жүйедегі динамикалық тепе-теңдік қайтымсыз ығысуын шақыру мүмкін, ол өз кезегінде патологияға немесе өлімге алып келеді. Химиялық агент молекулярлық деңгейден бастап, әр түрлі құрылым сатыларында өзінің зақымдау әсерін көрсетеді. Молекула деңгейінде бейорганикалық заттардың маңызды аномальды әсері, ферменттерді ингибирлеу (бөгеу), макромолекула конформацияларының қайтымсыз өзгерістер (ақуыз, нуклеин қышқылы) және оның салдарынан биосинтез, биотрасформация жылдамдығының өзгеруі, сонымен қатар, мутация пайда болуына алып келеді. 

Уытты металдар

Қорғасын - көпшілікке белгілі улы металдар қатарына жатады. Ол барлық аймақтарда шағын көлемдерде кездеседі. Қазіргі уақытта қоршаған ортадағы уландырғыштар ретінде қорғасынның тетраэтилқорғасын секілді қосылыстары шығады. Қорғасын төрт мүшелер жүйесіне залал келтіреді: қанайналым, жүйке, ас қорыту және зәр шығару жүйелері.

Қорғасын: көздері, эффектілері, қорғану әдістері

КӨЗДЕРІ

авиациялық двигательдердің қалдықтары

темекі түтіні

қорғасын негізіндегі майлы бояулар

қорғасыннан жасалған немесе жамылғысы қорғасын құбырлар

-сүйек ұнтақтарынан жасалған тыңайтқыштар

-шаң және қорғасын негізіндегі бояулар

құрамында қорғасыны бар автомобиль отыны

автомобиль аккумуляторлары

кеннен қорғасын алу процесі

-фарфордағы керамикалық жамылғылар

автомагистральға жақын жерде өсірілген көкөністер

ПОТЕЦИАЛДЫ ЭФФЕКТІЛЕР

іш айналасындағы спазмалық аурулар

Нәресте дамуымен жетілуінің бұзылуы

анемия

D дәруменінің синтезге әсері

артрит

бүйрек ауруы

қозғыштықтың жоғарлауы

бауыр ауыруы

шамадан тыс шаршау

психикалық аурулар

синтезге гемоглобиннің әсері

тәбеттің жоғалуы

әйел адамдарда бала туу функциясының бұзылуы

жалпы әлсіздік, неврологиялық зақымдалу

параличтер

иммунитет әлсіреуі

ҚОРҒАНУ ӘДІСТЕРІ

-В тобының дәрумендері

-кальций

-пектиндік қосылыстар

-С дәрумені

-магний

-натрий альгинаты

-D дәрумені

-цинк

-орамжапырақтың түрлері

Сынап – өте қауіпті әрі жоғары токсинді элемент. Ол өсімдіктердің, жануарлардың және адамдардың ағзасында жинала алады. Тағамдарда сынап үш күйде кездеседі: атомдық, қышқылдық және алкилсынап - сынаптың қосылысы. Сынаптың токсиндігі оның қосылыстарының түріне байланысты, себебі олар әртүрлі жолмен енеді және ағзадан әртүрлі шығарылады. Ғалымдардың айтуынша, сынаптың алкильді қосылыстары аса қауіпті болып табылады. Сынап ақуыздың қасиеттерін өзгертеді, өмір сүруге қажет ферменттердің белсенділігін төмендетеді. Ол жасушаға ену арқылы ДНҚ құрылымын бұза алады және келешек ұрпаққа берілуі мүмкін. Қатты уланғанда бүйрек пен асқазанға зақым келеді, құсу, әлсіздік байқалады. Бұл кейде өлім жағдайына да әкеледі.

Сынап:көздері, эффектілері, қорғану әдістері

КӨЗДЕРІ

химиялық тыңайтқыштар, пестицидтер

мазьдар

ірі балықтардың ластанған түрлері, амальгаманың пломбылары

кейбір косметикалық құралдар (әсіресе теріні жұмсартатын кремдер)

өндірістік қалдықтар

дәрі-дәрмек

жарылғыш заттар

су эмульсионды бояулар

Фотопленкалар

пластмассалар

ПОТЕНЦИАЛДЫ ЭФФЕКТІЛЕР

әртүрлі аллергиялық реакциялар

бүйрек ауруы, депрессиялық күй

-артрит

-салмақты жоғалту

-туа біткен дефектілер

Эпилепсияға, инсультке және склероздың кеңейтілген түріне әкеліп соғатын, неврологиялық зақымдалулар

-мидың іс-әрекетінің бұзылуы

иммундық жүйенің әлсіреуі

шынтақ және дізе бөліктерінің дәнекер ұлпасының зақымдануы

ұрық дамуына кері әсерін тигізу

көрудің нашарлануы, катаракта, соқырлық

лейкоциттердің санының азаюы

ҚОРҒАНУ ӘДІСТЕРІ

-тағам талшықтары

-жақсы тамақтану

-орамжапырақтың түрлері

-селен

Мышьяк - токсиндік қасиетке ие металлоид. Оның көптеген қосылыстары улы болып келеді. Мышьяк тағамдардың басым бөлігінде және барлық дерлік тұщы суларда кездеседі.Ол асқынған да, созылмалы да уланулардың себепкері болады. Созылмалы улану тәбеттің жоғалуына, жүдеуге, іштің бұзылуына, кейде тері ісігіне де әкеліп соғады.

Кадмий - табиғатта кеңінен таралған және өнеркәсіпте жоғары қолданысқа ие токсиндік металл. Ағзаға тағам, сусындармен және шылым шегу кезінде енеді. Ол қан арқылы тасымалданып, бауыр мен бүйректерде жиналады. Әдетте, кадмий лоқсуды, құсуды, іш және бас ауруын тудырады. Ауыр жағдайларда диарея мен шок болып, сүйектердің минералды құрамы өзгеруі мүмкін.

Металдық улардың организмге түсу жолдары және түскеннен кейінгі таралуы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?