Судың иондық көбейтіндісі. Сутектік көрсеткіш. Химия, 11 сынып, презентация.


Судың иондық көбейтіндісі.

Сутектік көрсеткіш

Оқу мақсаты

11.3.4.2 судың иондық көбейтіндісін білу;

Сабақ мақсаттары

судың диссоциациялану үдерісін білу

судың диссоциациялану үдерісінін химиялық теңдеуін жаза білу

судың иондық көбейтіндісінің Kсу температураға қатысты өзгеруі

Kсу мағынасын pH and pOH есептегенде қолдану

Бағалау критерийлері

Оқушы мақсатқа жетті, егер:

судың диссоциациялану үдерісінін химиялық теңдеуін жаза біледі

pH and pOH мағыналарын қолданып, судың иондық көбейтіндісін есептейді

Сұрақтар

1. Сутектік көрсеткіш дегеніміз не?

2. Оны қалай есептеуге болады?

3. Күшті қышқылдың рН мәні нешеге тең болады?

4. рН мағынасы белгілі болса, сутек иондарының концентрациясын қалай есептейді?

5. Су қандай электролит?

6. Таза судың рН мәні нешеге тең болады?

Ксу – судың иондық көбейтіндісі

Су әлсіз электролит, электр тоғын нашар өткізеді, тек аздап қана диссоциацияға түседі:

2О ↔ H3О+ + OH- не Н2О ↔ H+ + OH- деп жазады.

Судың электр өткізгіштігін өлшеу арқылы сутек- және гидроксид- иондарының концентрациясы 10-7моль/л екендігі анықталған.

Ксу – судың иондық көбейтіндісі

К = [H+]× [OH-]/[H2O] = 1,8×10-16 екендігі 22°С температурада анықталған.

[H+]× [OH-] = [H2O]×1,8×10-16

осыдан [H+]×[OH-] = Ксу судың иондық көбейтіндісі.

Температура өзгермесе бұл шама Ксу = [H+]×[OH-] = 10-7 × 10-7, яғни 10-14 болады не 1литр суда 1000:18 = 55,56моль болғандықтан:

[H+]×[OH-] = [H2O]×К = 55,56×1,8×10-16 = 10-14

Kсу температураға қатысты өзгеруі

Температура артқан сайын судың диссоциациясы артады, сәйкесінше, Kсу артады, температура азайғанда керісінше болады.

Кесте. Судың иондық көбейтіндісінің температураға қатысты өзгеруі

Сутек және гидроксид иондарының концентрациялары

Сутек және гидроксид иондарының концентрациялары бірдей, әрқайсысы 10-7г-ион/л тең.

Егер, мысалы, таза суға қышқыл қосып сутек иондарының концентрациясын 10-3моль/л дейін көтерсе, гидроксид иондарының концентрациясы кемиді, өйткені [H+][OH-] көбейтіндісі 10-14 өзгермейді. Демек, бұл ерітіндіде гидроксид иондарының концентрациясы

[OH-] = 10-14/10-3 = 10-11моль/л болады.

Керісінше, ерітіндіге сілті қосып гидроксид иондарының концентрациясын 10-5 дейін көтерсе, онда сутек иондарының концентрациясы

[H+] = 10-14/10-5 = 10-9 моль/л болады.

Сутектік, гидроксидтік көрсеткіш

рН = − lg [H+]; рОН = − lg [ОH-]

Мысалы,

егер [H+] = 10-3моль/л болса, рН= 3; егер [H+] = 10-10моль/л болса,

онда рН = 10 т.с.с., осылай болғандықтан нейтрал (бейтарап) ерітіндіде рН = 7 болады,

қышқыл ерітіндіде рН < 7,

ал сілтілі ерітіндіде рН > 7.

Сонда рН + рОН = 14 болады.

Есептер

1-мысал. Егер сутегі иондарының концентрациясы 4×10-3 моль/л болса, ерітінді рН қанша?

2-мысал. Егер ерітіндінің рН-ы 4,60 болса, ерітіндідегі сутегі иондарының концентрациясы қанша болады?

3-мысал. Егер ерітіндінің рН-ы 10,80 болса, гидроксид-иондарының концентрациясы қанша болады?

Рефлексия

Мен .......... түсіндім.

Мен .......... түсінген жоқпын.

Мен енді ...............



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?