Судың иондық көбейтіндісі. Сутектік көрсеткіш. Химия. 11 сынып, презентация.


Судың иондық көбейтіндісі.

Сутектік көрсеткіш

Оқу мақсаты

11.3.4.4 күшті қышқыл мен әлсіз негізідің рН мәндерін есептеу

Сабақ мақсаттары

күшті қышқыл мен негіздердің рН мәндерін дұрыс есептеу

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

Күшті қышқыл мен негіздің ерітінділерінің рН мәндерін есептеу біледі

Үй жұмысын тексеру

1. Қанның құрамындағы сутегі ионының концетрациясы (рН=7,36) жұлын сұйықтығынан (рН=7,53) неше есе жоғары?

2. Концентрациясы 0,1 моль/л сірке қышқылының ерітіндісінің рН мәнін есептеңіздер. Сірке қышқылының константа диссоциациясы 1,8·10-5 тең.

3. рН=0,5 тең пропион қышқылының ерітіндісінің [Н+] ионың концетрациясын есептеңіздер. Пропион қышқылының константа диссоциациясы 1,4·10-5

Күшті қышқылдар мен сілтілер

Күшті қышқыл мен күшті негіз сулы ерітіндіде толығымен иондарға ыдырайды:

Мысалы, қышқыл

HCl ——> H+(aq) + Cl¯(aq)

HNO3 ——> H+(aq) + NO3¯(aq)

H2SO4 ——> 2H+(aq) + SO42-(aq)

Күшті негіз

NaOH ——> Na+(aq) + OH¯(aq)

Сулы ерітіндіде толықтай иондалатын күшті қышқылдарға қарағанда, әлсіз қышқылдар және әлсіз негіздер аз дәрежеде ғана диссоцияланады. Ыдырамаған молекулалар диссоциация өнімдерімен тепе-теңдікте болады.

НА әлсіз қышқылдары

HA(с.е.)+H2O(с)↽−−⇀H3O+(с.е.)+A−(с.е.)

Әлсіз қышқылдар мен әлсіз негіздер диссоциациясы

Сулы ерітіндіде толықтай иондалатын күшті қышқылдарға қарағанда, әлсіз қышқылдар және әлсіз негіздер аз дәрежеде ғана диссоцияланады. Ыдырамаған молекулалар диссоциация өнімдерімен тепе-теңдікте болады.

CH3COOH(aq) = CH3COO¯(aq) + H+(aq)

HA(aq) + H2O(l) = (aq) + H3O+(aq)

HA(aq) = (aq) + H+(aq)

Әлсіз қышқылдар мен әлсіз негіздер диссоциациясы

Әлсіз қышқылдар мен әлсіз негіздер диссоциациясы

Сумен әрекеттесіп, ерітіндіде иондар пайда болады (аммиак).

Әлсіз негіз суда еріген кезде тепе-теңдік орнайды

NH3 (aq) + H2O (l) = NH4+ (aq) + OH¯ (aq)

NH3 (aq) + H+ (aq) = NH4+ (aq)

Негіз неғұрлым әлсіз болса, соғұрлым нашар ыдырайды.

Негіздердің күші Kb және pKb мәндерімен анықталады.

Әлсіз қышқылдар мен әлсіз негіздер диссоциациясы

Сутек иондарының концентрациясы

pH = - log10 [H+(aq)]

[H+(aq)] = antilog (-pH)

pOH = - log10 [OH¯(aq)]

Тапсырма

1-мысал

Сулы ерітіндідегі [Н+] ионның молярлық концетрациясын есептеу қажет, гидроксид ионның концетрациясы (моль/л) тең болса:

а) 10-4; b) 3,2 · 10-6; c) 7,4 ·10-11.

2-мысал

Сулы ерітіндідегі [ОН-] ионнын молярлық концетрациясын есептеу қажет, гидроксид ионның концетрациясы ( моль/л) тең болса:

а) 10-3; b) 6,5· 10-8; c) 1,4 ·10-12.

3-мысал

Ерітіндінің рН есептеу қажет, [Н+] ионының концетрациясы моль/л тең болса:

а) 2·10-7; b) 8,1· 10-3;c) 2,47·10-10.

Рефлексия

Мен .......... түсіндім.

Мен .......... түсінген жоқпын.

Мен енді ...............



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?