Альдегидтер мен кетондарды алу. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Атырау қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі

Nazarbayev Intellectual School, Atyrau

Subject Name

LessonPlan

Мұғалім:

Косанов Р.П.

Тақырыбы:

Альдегидтер мен кетондарды алу

Сабақ кезеңдері

Сынып: 10а/d

Өткізілу уақыты: 2сағ

Оқу мақсаты:

11.4.2.3 альдегидтер мен кетондарды алудың түрлі тәсілдерін түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

  • Зертханада альдегидтер мен кетондарды алудың тәсілдерін біледі;

Көптеген оқушылар:

  • Альдегидтер мен кетондарды алудың түрлі тәсілдерін жүру жағдайларымен түсіндіре алады;

Кейбір оқушылар:

  • Альдегидтер мен кетондарды зертханада алудың тәсілдерін зерттейді және қосымша жағдайларды болжай алатын болады;

Жетістік критерийлері

Оқушылар:

  • Зертханада альдегидті алу реакциясын жаза алады;
  • Зертханада кетонды алу реакциясын жаза алады;
  • Альдегид пен кетонды алу үшін бастапқы реагенттерді дұрыс анықтайды;
  • Альдегид пен кетонды алатын реакцияға қажетті шарттарды түсіндіре алады;
  • Алдегидтер мен кетондарды алудің екі ден артық тәсілін біледі және түсіндіреді

Тілдік мақсат:

Қажетті сөз тіркестері мен диалогтар:

Альдегид дегеніміз .............................

Кетон дегеніміз ..................................

Альдегидті зертханада алу үшін ...................................

Терминология:

Альдегид, кетон, спирттік топ, біріншілік спирт, екіншілік спирт, тотығу, қажетті жағдай, кучеров реакциясы, алкен, алкин

Құндылықтарды дамыту:

Топтық жұмыстар арқылы оқушыларды ынтымақтастыққа, көшбасшылыққа баулу.

Жеке және жұптық жұмыстар арқылы өмір бойы оқуға үйрету

Пән аралық байланыс:

Биология

Алдынғы білім

Альдегидтер мен кетондардың номенклатурасы.

Спирттер мен олардың номенклатурасы.

Спирттердің тотығу реакциялары

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басталуы

0-2 минут

3-10минут

10 – 16 минут

17-20 минут

Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын қадағалау.

Жаңа тақырып пен оқу мақсатын анықтау үшін оқушыларға «Миға шабуыл» ұйымдастырылады.

Оқушылар жұптастырылады. Ол үшін оқушыларды біріншілік және екіншілік спирттерге жіктеп 2 топқа бөлеміз.

1-топ - Біріншілік спирттер.

2-топ - Екіншілік спирттер.

Топтарға тапсырма беріледі. Постерге:

Өз топтарыңыздағы спирттерде (біріншілік және екіншілік) тотығу процесі қалай жүзеге асады?

Тотығу процесінің механизмін жазыңыз және алынған негізгі өнімді атаңыз.

Тотығу процесі жүруі үшін қажетті тотықсыздандырғышты атаңыз.

Осы сұрақтар жауап беру үшін оқушылар постер дайындайды. Постерді дайындау үшін оқушыларға 7 минут уақыт беріледі.

Топтардың жұмысын қорғауға 2 минут уақыт беріледі. Қосымша 3-минут сұрақтарға

Топтардың жұмысын бағалау критерийлері:

  • Процесс үшін спирттің құрамын дұрыс көрсетеді
  • Тотықтырғышты дұрыс таңдайды
  • Тотығу процесін дұрыс сипаттайды
  • Негізгі өнімді дұрыс жазады
  • Негізгі өнімді дұрыс атайды

Оқушыларға сұрақтар беріледі:

  • Спирттердің тотығу процесстерінің біздің бүгінгі сабағымызға қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?
  • Біздің бүгінгі оқу мақсатымыз қандай болуы мүмкін?

Оқушыларда оқу мақсаттарының тізімі бар. Қай мақсаты үйренді, қайсысын оқымады алдыңғы сабақтардан біледі. Сондықтан оқушылар жаңа сабақтың оқу мақсатын және тақырыбын оңай табады деп ойлаймын.

Оқушылар дәптерлеріне тақырып пен оқу мақсатын жазады.

Қималар

Кесінділер

Слайд 1

Слайд 2

Маркелер

Флипчарт

Слайд 3

Топтарға берілетін сұрақтар тізімі

Слайд 4

Бағалау критерийлері

Слайд 5

Сабақтың ортасы

20-30 минут

30-60 минут

61-70 минут

71-76 минут

Оқушыларға теориялық мәлімет беріледі.

Алдегидтер мен кетондарды спирттерді тотықтырып алудан басқа да әдістері бар.

Кучеров реакциясы. Алкиндерді гидратациялау

Ацетилен газына сынап (ІІ) сулфаты қатысындасуды қосу арқылы сірке (этаналь)алдегидін алуға болады:

Егер алкиндердің басқа гомологтарына осы реакциясы жүргізсеңіз кетон алынады:

Алкендерді тотықтыру арқылы.

Егер алкендерге Pd немесе Cu катализаторы қатысында тотығу реакциясын жүргізсек альдегид алынады. Және де аталған әдіс Кучеров реакциясына салыстырғанда тиімді. Себебі, Кучеров реакциясында улы сынап қосылысы қолданылады.

Кумолдық әдіс.

Кумолды тотықтыру арқылы жүзеге асады.

Жұптық тапсымалар. Есептер шығару. ҚБ

Есептердің жауаптарын талдау.

Жеке тапсырма

Үйренген әдістерді қолдана отырып альдегид пен кетонның алынуы бір-бірден сұрақ құрастырыңыз.

Теориялық мәліметке сілтеме . http://cnit.ssau.ru/organics/chem4/o35.htm

Слайд 6

Слайд 7

Слайд 8

Слайд 9

Қосымша 1

Сабақтың соңы

Рефлексия

77-80 мин

«Minute Paper» Оқушылар сабақ барысында (маңызды, маңыздылығы аз, маңызды емес) алған мағыналы заттарды анықтауларын сұрау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?