Альдегидтер және кетондардың алынуы. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Мұғалім:

Тақырыбы:

Альдегидтер және кетондардың алынуы

Сабақ кезеңдері

Сынып: 11

Өткізілу уақыты:

Сабақ барысында жететін оқу мақсаты:

11.4.2.3 альдегидтер және кетондарды алудың түрлі әдістерін түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

  • Жұпта жұмыс жасау арқылы альдегидтер мен кетонды зертханада синтездейді
  • Зертханалық жұмыс нәтижелерін анализдей отырып, сұрақтарға жауап береді

Тілдік мақсат:

Пәнге тән лексика мен терминология: альдегид, кетон, біріншілік спирт, екіншілік спирт, тура айдау, кері айдау, тотығу

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

біріншілік/екіншілік спирт тотыққанда альдегид/кетон түзіледі.

...................... тотықтырғанда кері/тура айдау әдісін қолданамыз, себебі .....

Бағалау критериясы:

Бағалау критериясы

Дескриптор

Біріншілік және екіншілік спирттерді тотықтыру арқылы альдегидтер мен кетондарды зертханада синтездейді алыну жолын салыстырады

  • Біріншілік спирттердің тотықтырған кезде байқалатын өзгерісті сипаттайды
  • Екіншілік спиртті тотықтырғанда кезде байқалатын өзгерістерді сипаттайды
  • Біріншілік спирттің тотығу реакциясын жазады
  • Екіншілік спирттің тотығу реакциясын жазады
  • Тура және кері айдау әдістерінің салыстырады

Құндылықтарды дамыту:

Топта ынтымақтастықта жұмыс жасау, бірін-бірі бағалауда акадмиялық адалдықты сақтау.

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басталуы

0-2 мин

3 - 8 мин

9 – 11 мин

1214 мин

15 – 25 мин

26 36мин

Оқушылармен амандасу! Олардың сабаққа қатысын тексеру.

Өткен сабақты қайталау мақсатында оқушылардан қалыптастырушы бағаланады. Ол үшін жеке жұмыс парағы таратылады.

Альдегид және кетон

1. 2 – метилбутаналь молекуласының құрылымдық формуласын салыңыз

2.Альдегид пропан-1-ол спиртіне бірнеше тамшы калий дихроматы мен сұйытылған күкірт қышқылының қоспасын қосқанда алынады.

а. Реакция теңдеуін жазыңыз ([o] тотықтырғыш деп аласақ)

3. 4,4-диметильпентан -2-он молекуласның құрылымдық формуласын жазыңыз.

4. Пропан және пропаналь бір – біріне изомер екенін көрсетіңіз.

МИҒА ШАБУЛ

Табиғаттағы тірі организімде кездесетін қандай альдегидтер мен кетондарды білесіздер?

Оқушылар биологидағы білімдерін қолдана отырып, табиғатта кездесетін альдозалар мен кетозаларға мысал келтіреді.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және оқу мақсатымен таныстыру.

Жаңа сабақты меңгеру мақсатында сыныпты жұпқа бөлу.

Оқушыларға біріншілік спирт, екіншілік спирт, қышқылдандырылған калий дихроматы, сынауықтар, тамшуыр, химиялық стақан, сынауықтарға арналған тұрғы беріледі.

Жұмыс барысы:

1)біріншілік сынауыққа қышқылдандырылған калий дихроматы қосылады

2)Сынауығы қоспалар суы бар химияық стақанға салынып, пештің жәй отынында қыздырылады

3)Байқалған өзгерісті нәтижелер кестесіне түсіру

4)Жоғарыдағы іс – әрекеттер екіншілік спиртпенде қайталанады.

5)Барлық екі реакция жүру барысындағы өзгерістер нәтижелер кестесіне түсіріледі.

Не байқадым

Химиялық реакция теңдеуі

Оқушылардың жұмысыты қорытындылау мақсатында келесі сұрақтар ұсынылады:

  • Альдегид қандай спирт тотыққанда түзілді?
  • Алу үшін қандай жағдай жасалу керек? Себебі неде
  • Альдегидтің алыну теңдеуін жазыңыз
  • Кетон қандай спирт тотықанда түзіледі?
  • Алу үшін қандай жағдай жасалу керек? Себебі неде
  • Кетон алыну теңдеуін жазыңыз
  • Егер екі қосылыс атаулары жасырын берілген жағдайда альдегид пен кетон түзілгенін қалай анықтауға болады ?

Қосымша 1

Презентация

Қосымша 2

37 – 40 мин

Сабақтағы қорытындылау үшін, өзін өзін бағалау мақсатында «ШЫҒУ БИЛЕТІ» ұсынылады.

Бүгінгі сабақта қандай маңызды нәрселерді білдіңіз?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?