Галогендер. хлорсутектер,тұз қышқылы және хлоридтер. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

 

 

Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік

мектебі

Пән: Химия

Мұғалімнің аты-жөні:

Дата:

Класс: 10

Оқушы саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

4.1 Жер химиясы

Сабақтың тақырыбы

Галогендер. хлорсутектер,тұз қышқылы және хлоридтер

Бастапқы білім

10.4А маңызды р-элементтері және олардың қосылыстары.

Оқушылар көміртек, күкірт және металдар туралы өз білімдерін жинақтап галогендердің периодтық жүйедегі орны арқылы олардың қасиеттерін болжап, қосылыстарына сипаттама беруге тырысу керек.

Сабақтың мақсаттары

10.2.1.41топ бойынша галогендердің химиялық және физикалық өзгерістерін түсіндіру.

10.2.1.42 тұз қышқылының химиялық қасиеттерін зерттеп, оның қолдану аясын білу.

Бағалау критерийлері

Галогендердің топ бойынша физикалық қасиеттерінің өзгерісін біледі.

Галогендердің топ бойынша химиялық қасиеттерінің өзгерісін біледі.

Тұз қышқылының қасиеттерін біледі және қолдану саласына мысал келтіре алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Жетінші топ элементтері металдармен қосылып галидтер түзетінің түсіну керек.

Галидтер, хлоридтер, қышқыл тудырушы, хлорлы, хлорлау, хлорлылау деген сияқты кілт сөздерді пайдалану керек.

Тұз қышқылы сутек пен хлордан тұрады.

Сутектің бір атомы хлордың бір атомымен қосылып хлорсутек қышқылын түзеді яғни ол х-тың у-ке қатынасындай ... тең.

Пәнаралық байланыстар

Пән

Биология

Кезең

Оқушылар хлордың қышқылдарын айқындап отырған кезде адам ағзасына рөліне тоқталу керек, және суды хлорлаудын пайдасы мен зияны

Дифференциация

Барлық оқушылар: базалық деңгейде мақсат бойынша білімді қабылдайды.

Оқушылардың көбісі: қосымша ақпарат көздері нәтижесінде тиімді де қажетті ақпараттар бере алады.

Кейбір оқушылар: басқа тақырыптармен байланыстырып хлордың адам ағзасына тигізетін әсерін анықтап, алдын алу салдарын көрсете алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

1.Амандасу.

Оқушыларды түгелдеу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Сабақ басында және ортасында психологиялық сергіту жүргізіңіз. Мақсаты – оқушылардың эмоциялық күйін білу. Әрбір оқушыда оқушылар көңіл күйін анықтауға арналған светофор табличкасы беріледі

3. Төмендегі суреттерге қарап, сабақтың тақырыбын болжаңыз.

Дұрыс! Сабақтың тақырыбы галогендер.

Сабақтың тақырыбын айқындап, мақсатын талқылап, жетістік критерилерімен таныстыру.{\displaystyle}Ь

Өзіне сәйкес көңіл күйін тауып, белгі қояды.

Презентация

1-3 слайд

Сабақтың ортасы

5- 15 мин

15-25 мин

25-35 мин

35-38 мин

6. Сілтеме бойынша видеоролик:

https://www.youtube.com/watch?v=J7b2aBKa6-U

видеоны бекіту мақсатында қосымша-1 парақшасында берілген сұрақтарға жауап беру керек.

Мұғалім оқушыларға бүгінгі тақырып негізінде галогендердің физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттайтын презентацияларды ұсынады, пайда болған сұрақтарға жауап беріп тақырыпты толықтай ашып алады.

Мұғалім оқушылардың аттары жазылған қағазша немесе балмұздақ таяқшасын пайдаланып оқушыларға сұрақ қояды.Оқытушы оқушылардың теориялық мағлұматты қабылдау деңгейін тексеру үшін қосымша-2 де көрстілген тапсырмаларды орындау арқылы тексереді

Мұғалім оқушыларды 5 әр-түрлі түсті қағаздар арқылы 5топқа бөледі де хлордын бес қышқылын осы топтарға бөліп береді оқушылар өз беттерімен материалды оқып парақта берілген мысалдардан басқа мысалдар қарап әр топ өз мағлұматтарын қалған топтардын алдында қорғайды. Бұл тапсырманы орындау кезінде егер оқушылар қажет етсе оларға ноутбук немес интернет желісіне қосылатын мүмкіндік беру керек.

Мұғалім сабақты қорытындылайды сабақтын басында көрсетілген жетістік критерилеріне тоқталады, мақсат толық қамтылды немесе әлі де түсініспеушілік бар ма екеніне тоқталады.

Презентация

4-11слайд

Қосымша-2

Сабақтың соңы

38-40 мин

Рефлексия

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты жүзеге асырылды ма?

Рефлексия жүргізу:

- нені үйренді;

- не нәрсетүсініксіз болып қалды;

-немен қайта жұмыс жасау керек.

Бәрі түсінікті!

Есте сақтадым

Сұрақтарым бар

Түсінбедім

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе,неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?