Электр энергияның химиялық көздері. Автокөліктің аккумуляторы. Сутекті-оттекті отын элементі. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электрохимия. Электродты потенциал | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Электр энергияның химиялық көздері. Автокөліктің аккумуляторы. Сутекті-оттекті отын элементі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.2.3.6 гальваникалық элементтің жұмысының принциптерін түсіндіре білу | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Автокөліктің аккумуляторы – қайта зарядталатын электрохимиялық жүйе екенін білу, Сутекті-оттекті отын элементінде жүретін процестерді білу және тиімділігін айта білу. Отын электрохимиялық элементі –электрохимиялық элементке жататынын түсіну.
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері | Аккумулятордағы процестерді сипаттай алады, отын элементіндегі процестерді түсіндіре алады Сутек-оттек отын элементінің тиімділігін және кемшіліктерін түсіндіре алады | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Rechargeable cells – қайта заряталатын элементтер (гальванические элементы) Катодта ........... процесі жүреді (тотығу/тотықсыздану) Анодта ............. процесі жүреді (тотығу/тотықсыздану) Электродтардың арасында кернеу пайда болады, оны .......... атайды | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ұқыптылық , өзара достық қатыныстарды нығайту | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика. Электродинамика | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Ион түзілуі, электродты стандарт потенциалы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1-3 мин | Ұйымдастыру. Химиялық және физикалық жаттығу (дұрыс болса орнынан тұрады, бұрыс болса орнынан тұрмайды) (T/F) 1.Тотығу-тотықсыздану реакцияның энергиясын электр энергияға айналдыратын құралды гальваникалық элемент деп атайды. 2. Анодта тотықсыздану процесі жүреді 3.Электрқозғалыс күшті вольтпен есептейді 4.Электрқозғалыс күшін табу үшін катодтың потенциалын анодтың потенциалынан азайтады 5.Литийдің электродтық потенциалы ең төмен 6.Платина топ металдардың тотықтырғыш қасиеттері жоғары 7.Мыстың мырышпен салыстырғанда тотықсыздандырғыш қасиеті төмен 8.Анод оң зарядты электрод 9.Гальваникалық элементтің сыртқы тізбегінде электрондар анодтан катодқа қарай ағады 10.Мыс ионының тотықсыздандырғыш қасиеті магниймен салыстырғанда төмен. | Презентация | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 4-18мин 19-26 мин 27-37 мин | Өткен сабақта 1 топ- автомобильді аккумуляторлар туралы, 2 топ – сутек-оттекті отын элемент тұралы дайындалуға тапсырмалар берілген. Дескриптор: Берілген электрохимиялық элементтің принципін түсіндіру Энергия қандай процесс арқылы түзілетінін түсіндіру Артықшылықтары мен кемшіліктерін түсіндіре білу Берілген электрохимиялық элементке – жарнамалық слоган жасау Оқушылармен бірге бағалау критерий жасау. Презентация – топтар өз жұмыстарын ұсынады Критерий бойынша өзара бағалау. Кестені толтыру (оқушылар кестеге қандай мәлімет енгізетінін өздері ұсына алады)
Неліктен сутек-оттекті отын элементін электрохимиялық жүйеге жатқызады? №3 практикалық жұмыс «Металдардың электрохимиялық кернеу қатарын құрастыру» Мақсат: эксперимент негізінде металдардың электрохимиялық қатарын құрастыру. Құрал –жабдық: металдар пластиналары, аммоний хлориді, вольтметр Тәжірибені орындаңыз және сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Осы тәжірибиде электролит ролін атқаратын зат? (аммоний хлориді ерітіндісі) 2.Электрондар ағысының бағытын көрсетіңіз? (анодтан-катодқа қарай) 3.Неліктен бүкіл тәжирибеде мыс катод болып келеді? (белсенділігі төмен, стандартты электродты потенциалдың мәні жоғары, тотықтырғыш болып келеді) 4.Берілген металдарды кернеу қатарына орналастырыңыз. Жұмыс бойынша қорытынды жасаңыз. (Al Zn Fe Ni Cu; стандартты электродты потенциалы неғұрлым төмен болса соғұрлым тотықсыздандырғыш қасиеті жоғары болады/ тотықсыздандырғыш қасиеті жоғары металдардың электродты потенциал мәні төмен болады) 5. Берілген металдардан ең төмен кернеу мәнің көрсететін жұп ұсыныңыз. Жауапты түсіндіріңіз. (алюминий/мырыш; электродты потенциалдары айырмашылығы аз, кернеу қатарынды жақын орналасқан 6. Гальваникалық элемент үшін қандай металдар жұбын тандайсыз? Неліктен? | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 38-40 мин | Оқушыларға «электродты потенциал» тұралы эссе жазуға ұсыныңыз (осы тақырыпқа байланысты терминдерді пайдалану қажет, яғни тотығу-тотықсыздану реакция, анод, катод, гальваникалық элемент, тотықтырғыш қасиет, тотықсыздандырғыш қасиет, реакция жүру мүмкіндігі, электр қозғалыш күші, энергияның химиялық көзі) гальваникалық элементпен электролиздің айырмашылықтарын және ұқсастығын жазып келу | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар: Аккумулятор – қайтадан зарядталатын (екіншілік) энергияның химиялық көзі ретінде танысады, оның жұмыс негізінде жататын тотығу-тотықсыздану реакцияларды біледі. Сутек-оттекті отын элементін жұмыс принциптерін біледі, артықшылығын және кемшілігін түсіндіре алады Көптеген оқушылар: аккумуляторда және сутек-оттектік отын элементінің анодта және катодта жүретін реакцияларды жазып, түсіндіре алады Кейбір оқушылар: сутек –оттекті отын элементтінің ЭҚК есептей алады | Қауіпсіздік ережені құру кезінде; Ой талқылар кезінде жауап беруіне; Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы. | Ақ халат кигізу, партада дұрыс отыруын қадағалау, слайдтардағы жазулардың көрнекі болуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?