![]() |
|
![]() |
Изомерия. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3АОрганикалық химияға кіріспе | Мектеп: НЗМ, Астана қаласы | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:Уралбаева Қ.А. | ||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
| ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
| ||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Алкандар мысалында қарапайым органикалық қосылыстар изомерлерін сала білу, түзілуін түсіну; | ||||||||||||
Бағалау критерийлері | Дағдылар: Білу және түсіну, қолдану Оқушы мақсатқа жетеді, егер: - Дағдылар: Білу және түсіну, қолдану Оқушы мақсатқа жетеді, егер: - оқушы изомерия деген не екенін біледі; - изомерлерді бірінен бірін ажырата алады; -қарапайым алкандар үшін кез келген изомерлерін салып атын атай дұрыс атай алады; - изомерлердің қасиеттерінің әртүрлі болатынын біледі; | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер |
Көміртегі атомы, одан жасалған / одан тұратын ... Сыртқы қабатта/көміртегі атомында X / Y электрондары бар. Ол Xбайланыстар/ коваленттік байланыстар құрай алады. Пәнге қатысты лексика және терминология: Электрондық құрылыс, көміртегі, коваленттік байланыстар, органикалық қосылыстар, сыртқы қабаттағы электрондар, ядро одан жасалған, одан құралған нысаны, құрылысы | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Адамгершілік, Нақтылық, тазалық, ұқыптылық, жан-жақтылық | ||||||||||||
Пән аралық байланыстар | Физика, Биология, медицина, экология және т.б. | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power point | ||||||||||||
Бастапқы білім | Көміртегі қосылыстары1 (6.3С) Атомдардағы электрондардың қозғалысы (8.2A) Көміртегі және оның қосылыстары (8.4B) Қосылыстардың құрылымдары (9.1В) | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 1 - 15 мин 15-20 мин | Оқушылармен амандасу сабаққа дайындығын тексеру. Үй тапсырмасын тексеру. Сабақтың мақсаты. ИЗОМЕРИЯ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ИЗОМЕРИЯ Мақсаты - изомерлердің түзілу мүмкіндігін білу; - қарапайым қосылыстардың изомерлерін салып және бірінен бірін ажырата білу; Жетістік критерийлері - изомерия дегеніміздің не екенін біледі; - изомерлерді бірінен бірін ажырата алады; - изомерлердің әртүрлі қасиетке ие болатындығын біледі; - қарапайым алкандар үшін құрылымдық изомерлерді жаза алады. Тапсырма №1 (Жеке жұмыс) Суретте не көріп тұрсыңдар? Тапсырма №2 (Жеке жұмыс) Берілген қосылыстардан 10 айырмашылықты табыңдар. Осы заттардың бір бірінен айырмашылығы мен ұқсастығы неде деп ойлайсыңдар? ИЗОМЕРИЯ Изомерия (изо... және грекше meros – үлесі, бөлігі) – құрамы мен молекулалық массасы бойынша бірдей, бірақ физикалық және химиялық қасиеттері әр түрлі болатын қосылыстардың (негізінен, органикалық) болуын сипаттайтын құбылыс. Мұндай қосылыстар изомерлер деп аталады. Изомерия құбылысы, негізінен, органикалық қосылыстар арасында кең тараған. Ол құрылымдық және кеңістіктік (стереоизомерия) болып екі түрге бөлінеді. Құрылымдық изомерия бір-біріне молекуладағы атомдар арасындағы байланыстар ретіне, ал кеңістіктік изомерия атомдар арасындағы байланыс бірдей бола отырып атомдардың кеңістікте орналасуына қарай ажыратылады. Құрылымдық изомерияның бірнеше түрі бар: | Презентация PowerPoint Ауызша сұрау Ауызша сұрау | |||||||||||
Сабақтың ортасы 20-40 мин 45-60 мин | Тапсырма №3 (Жұппен жұмыс) Молекула модельдерін пайдалана отырып, барлық құрылымдық изомерлерді мына төменде берілген молекулалар үшін жинаңдар: А) Метан; Д) Пентан; Б) Этан; Е) Гексан; В) Пропан; Ж) Гептан; Г) Бутан; З) Октан. Әрбір қосылыс үшін сіздерде қанша изомерлер пайда болды? Алынған нәтижелерді тексеріп, салыстырып көрелік. C20H42 молекуласында 366,319 изомерлері болады! Үзіліс Тапсырма №4 (Жұппен жұмыс) Өздерің жинаған құрылымдық изомерлердің атын атап көрейік. Ескерту: алдыңғы сабақтағы кестені пайдалануға болады. Изомерлерді қалай дұрыс атауға болады? ИЮПАК номенклатурасына кіріспе Изомерлену –молекула бірдей сапалық және сандық құрамы бар,бірақ құрылысы, қасиеттері әртүрлі заттар,бұл бейорганикалық химияда өте сирек кездеседі. Химиялық құрылыс» терминін А.М.Бутлеров ұсынды. Құрылыс- бұл молекуладағы атомдардың валенттігіне сәйкес тәртәппен байланысуын көрсетеді.Изомерлену –молекула бірдей сапалық және сандық құрамы бар,бірақ құрылысы, қасиеттері әртүрлі болатын құбылыс ,ал ол заттар -изомерлер СН3 – СН2 – СН2 – СН3 СН3 – СН – СН3 | СН3нормаль бутан және изобутанҚалыпты бутан мен изобутанның молекулалық формулалары бірдей С4Н10 болғанымен физикалық және химиялық қасиеттері бір-бірінен өзгеше әр түрлі заттар. Мысалы, бутанның қайнау температурасы -0,5°С, изобутанның қайнау температурасы 11,7°С. Бұл заттар бір-біріне изомер болып табылады2. Молекуладағы көмірсутек атомының саны өскен сайын,изомерлнрдіңде саны өседі. Мысалы: формуласы С10 Н22 болатын заттың 75 изомері , формуласы С14 Н30 болатын заттың 1858 изомері бар. 3. 4.Қасиетіне қарай заттың молекуласының құрылысын ,құрылысына қарай –қасиетін болжап айтуға болады. Геометриялық изомерия Бутен-2 3. оптикалық изомерия Жеке жұмыс: Оқушыларға жеке жұмыс таратылып беріледі. Әрбір оқушы жеке орындайды. (15 мин) Қалыптастырушы жұмыс №1 Оқушы мақсатқа жетеді, егер: - көміртегі атомының электрондық конфигурациясын дұрыс сала алады - көміртегі өте көп мөлшерде қосылыстар түзе алатындығын түсіндіріп бере алады; - изомерлерді бірінен бірін ажырата алады; -қарапайым алкандар үшін кез келген изомерлерін салып атын атай дұрыс атай алады; | Презентация Молекула модельдері Қосымша 1 | |||||||||||
Сабақтың соңы | Сабақ соңында оқушылармен рефлексия жүргізіледі: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет? Үйге тапсырма Қорытынды 2-бромпентанның үшін мүмкін болатын изомерлерін жазыңдар. Ескерту: 2-бромпентан – бұл пентан молекуласы бірақ бір сутек атомының орнын бром атомы басқан. Оның формуласы C5H11Br. Мына берілген қосылыстың екі гомологының формуласын жазыңдар. | ||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалд ымеңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Барлық оқушылар біледі: Тотығу –тотықсыздану бір-бірімен байланысты екенін; Бір уақытта жүретінін; Электрон таңбасын; Ионды-электрондық жартылай реакцияларды жаза алады; | Ой талқылар кезінде жауап беруіне; Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы. | партада дұрыс отыруын қадағалау, слайдтардағы жазулардың көрнекі болуы | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 керемет тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру