Реакция бойынша есептеулер. Химия, 10 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы қандай болар екен...

Сабақтың тақырыбы:

Реакция бойынша есептеулер.

Сбақтың мақсатын тауып көр.

10.2.2.1 «Молярлық концентрация», «молярлық көлем» қалыпты жағдайдағы ұғымдарын қолдана отырып, есептеулер жасау.

Молярлық көлем - қалыпты жағдай кезінде заттың 1 молінің алатын көлемі.

Осы есептеулерден көрініп тұрғандай 1 моль газдың көлемі шамамен бірдей екен, оның сандық мәні 22,4 л. Мольдік көлем (Vm) t0С = 00С, р = 1 атм = 101,3 кПа жағдайында анықталған, бұл қалыпты жағдай (қ.ж.) деп аталады

Тапсырма 1

48,8л азоттың массасы мен зат мөлшерін есептеңіз.

56л сутектің массасын есептеңіз.

Массасы 42,5г болатын аммиактың көлемін табыңыз.

Зат мөлшері 3,5 моль болатын көмірқышқыл газының массасын және көлемін есептеңіз.

Тапсырма 2

Нәтижесінде 1м3 аммиак алынған болса, жұмсалған сутектің көлемі мен азоттың массасын есептеңіз.

240 кг темір (ІІІ) оксидін кокс арқылы тотықсыздандырған кезде пайда болған көмірқышқыл газдың көлемін және алынған темірдің массасын есептеңіз.

Суды электролиз арқылы айырған кезде 10м3 сутек алынған. Реакция нәтижесінде алынған оттектің көлемі мен жұмсалған судың массасын есептеңіз.

1. Есептер шығаруда қандай қиындықтар туындады, дәлірек орындалуы қиын тапсырма?

2. Қандай тапсырмалар қиындық туғызбады?

3. Бұдан басқа жұмыс істеу үшін не қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?