Көмірсулар. Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
9.1А – Көмірсулар | Мектеп: Талдықорған қаласы физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Кудайбергенова К.А | ||||||||||||||||||||||||||
СЫНЫП: 9 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Көмірсулар | ||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 9.4.3.29 Көмірсулардың жіктелуін, биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіру | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | - көмірсудың анықтамасын білу; - көмірсудың жіктелуін білу - көмірсулардың қасиеттері мен қызметтерін түсіну; - ағзадағы көмірсудың маңызын түсіну; - крахмал мен глюкоза молеклаларының моделін құрастыра білу; - көмірсу түрлерін ажырата білу. | ||||||||||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері | Барлық оқушылар: Көмірсу қызметі мен қасиеттерін зерттейді. Оқушылардың көпшілігі: Глюкоза мен крахмалдың моделін дұрыс жинайды және көмірсудың құрылысын түсіндіре алады. Кейбір оқушылар: Өз қорытындыларын талдайды және қорытынды жасайды. | ||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге қатысты лексика мен терминология: көмірсулар, моносахаридтер, дисахаридтер, олигосахаридтер, полисахаридтер, қасиеттері, биологиялық қызметі, құрылымы Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы Көмірсулардың энергетикалық қызметтері ... болып табылады Полисахаридтер ... тұрады Моносахаридтердің молекуласы ... тұрады Дисахаридтер ... тұрады Көмірсулардың құрылымдық қызметтері ... болып табылады | ||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Ағзалық заттардың адам ағзасы үшін қажеттіліктерін түсіну.. Дұрыс тамақтануға салауатты өмір салтын ұстануға шақыру | ||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология, физика, өнер Глюкоза мен крахмалдың моделін дұрыс жасау өнермен, көмірсулардың энергетикалық қызметі физикамен байланысты | ||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Ноутбуктерде ғаламтордан қажетті мәліметтерді іздеу. | ||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Aзық - түлік өнімдерін крахмал, қант, май және нәруыздың болуына тестілеу - 7 сынып Органикалық заттарды құрайтын элементтер – 7 сынып. Биологиялық полимерлер мен мономерлердің жалпы сипаттамаcы - 8 сынып. | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ қезеңдері | Сабақтың барысы | ресурстар | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы: 0 – 5 минут Сабақтың ортасы: 6-16 минут 17- 22 минут 21- 26 минут 27 – 37 минут | Ұйымдастыру. Ынтымақтастыру атмосферасын құру. Сабақтың тақырыбын ашу. Мұғалім крахмалға сапалық реакция тәжірибесін көрсетеді. Шикі картоп кесегіне тамызғышпен йод ерітіндісін тамызады. Картоп беті көк түске боялады. Мұғалім сұрақ қояды: неліктен йод қоңыр түсті болғанымен, картоп көк түске боялды? Оқушыларға ойлануға және өз жауаптарын жұптарымен талқылауға 1 минуттай уақыт береді. Бірнеше оқушыдан жауабын сұрайды. Талқылауды миға шабуыл түрінде жүргізуге болады. Талқылаудан кейін сабақтың тақырыбына көшеді: Тірі жасуша құрамында қандай органикалық заттар болады? Тірі жасушаның қандай органикалық заттарымен таныссыңдар? Спортшылар, өздерінің дене бітімі мен салмағына көңіл бөлетін адамдар әсіресе қандай заттарға ерекше көңіл бөледі? Күнделікті өмірде көмірсуларды қандай тағамдар құрамынан кездестіреміз? Күнделікті өмірде көмірсуларды қандай тағамдар құрамынан кездестіреміз? Оқушылар сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындайды. Топпен жұмыс Оқушылар 3 топқа жіктеледі. Әр топқа ресурстар беріледі. Барлығына қойылатын талап: берілген құрал жабдықтар мен ресурстарды пайдаланып не жасайтындарын ойлану қажет. Және қандай мақсатта жасалатыны талқыланады. 1.Қант, шырпы, қаңылтыр ыдыс. (Біраз қантты қаңылтыр ыдысқа салып, ол тұтанғанша қыздырып, қантты біраз күйдіру жұмысын орындау қажет). Оқушылар дұрыс тұрып, қауіпсіз, қорғаныс немесе сорып шығатын шкафты пайдаланғандарына көз жеткізіңіз – қант жоғары температураға дейін көтеріледі. 2. Қант, су, крахмал (крахмал мен қанттың судағы ерігіштік қабілеттерін салыстырады). (D) (T) Сыныппен қанттан бөлініп шыққан энергия мөлшерінің маңыздылығын талқылап, көмірсулардың негізгі қызметі денені энергиямен қамтамасыз ету болып табылатындығы туралы түсініктер дамытылады. Глюкозаның жануын көрсететін бейнежазбаны көрсету Жеке жұмыс. Оқушыларға көмірсулардың бірнеше қасиеттері мен қызметтерін зерттейді. Оқушыларға мәтін үлестіріледі. Оқушылар көмірсулар жайлы ақпараттармен танысып, «Көмірсулар» тақырыбына кесте толтырады. Оқушылар кесте толтырып болған соң, қатар отырған екі оқушы жұмыстарын ауыстырып, тақтадағы дайын жауаппен бірін - бірі тексереді.
| Шикі картоп кесегі, тамызғыш, йод Тағам негіздері: Көмірсулар https://twig-bilim.kz/kz/film/food-basics-carbohydrates Қант, шырпы, қаңылтыр ыдыс, су, крахмал http://www.youtube.com/watch?v=AlrU8MgBrP4&feature=related таратпа материал Кесте | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы: 38 - 40 минут | VI. Үйге тапсырма: кестені аяқтау. VІІ. Рефлексия
| ||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||
Бірнеше оқушыға парақтағы көптеген нұсқауларды таратуға болады. Талдау сұрақтары қосымша сұрақтарды қамтиды. Үлгерімі жоғары оқушыларға липидтердің химиялық құрамын анықтауды тапсыруға болады | Сұрақтарға жауап формативтік бағалауды қамтамасыз етеді. Ақпараттарды сәйкестендіруде қосымша сұрақтарды қамтуға болады. | Ноутбуктарды электр көздеріне қосуда, алып жүруде абай болуын ескерту. | |||||||||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шындыққа негізделген болды ма? Оқушылар бүгін нені үйренді? Сыныпта қандай атмосфера болды? Мен жүргізген дифференциация іске асты ма? Мен уақытқа сәйкес жұмыс істедім бе? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неліктен? | Бұл бөлімді рефлексия үшін пайдаланыңыз (сабақ туралы ой қозғау). Сол бұрышта тұрған Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алатын еді (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)? 1: 2: Мен сабақ кезінде келесі сабаққа дайындалуға көмектесетіндей сынып немесе белгілі бір оқушылар туралы не білдім? 1: 2: |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды