№ 7 Практикалық жұмыс. Көмір қышқыл газын алу және оның қасиеттерін оқып үйрену. Химия, 8 сынып, қосымша материал.


№7 практикалық жұмыс «Көмірқышқыл газын алу және оның

қасиеттерін зерттеу». «Көміртектің табиғаттағы айналымы.»

тақырыптарына берілген әдістемелік кеңес

Сынып:8, 4 тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4В Көміртек және оның қосылыстары

Сабақтың басы оқушыларға ұсынылған «Ой қозғау» кезеңімен басталу ұсынылады. Себебі, олар көмірқышқыл газының молекулалық формуласын, нүкте мен айқыштар арқылы диаграммасын сызу және т.б. ақпараттарды еске түсіреді. Одан соң мұғалім жаңа сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын таныстырады. Сондай-ақ практикалық жұмыстың басында келесідей сұрақтар қойылады:

1 Көмірқышқыл газының зертханада алу әдісін еске түсіріңіз?

2 Көмірқышқыл газын сапалық жолмен қалай анықтауға болады?

3 Көмірқышқыл газын алу үшін қажетті құрылғыны жинастырыңыз

Сабақтың орта бөлімінде практикалық жұмысты жасау ұсынылады, бірақ оқушыларға міндетті түрде қауіпсіздік ережесі еске түсіруін атап өтуіміз қажет.

Жұмыс барысында оқушылар нұсқаулыққа сәйкес көмірқышқыл газын жинап, оны сапалық анықтай алулары қажет. Жасалған жұмыстар жұмыс парағында қорытындыланады, реакция теңдеулері жазылады.

Одан кейін «Көміртектің табиғаттағы айналымын» талқылау үшін твиг-білім сайтынан видео ұсынылады. Видео көріп болған соң, олар жұпта алынған ақпаратты талқылай отырып, көміртектің айналымын бейнелейтін сызбаны құруға кіріседі. Ол үшін оларға постер немесе шағын плакат беру жеткілікті.

Оқушы жұмыстарынан соң мұғалім қосымша ақпарат беру мақсатында сызбаны толықтыра отырып, теориялық ақпарат береді.

Үйге тапсырма ретінде оқушыларға шағын тапсырма беріледі. Олар көмірқышқыл газының берілген заттар жұбының екеуімен де әрекеттесетін қатарды анықтап реакция теңдеулерін жаза алулары қажет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?