Ерігіштікке температураның әсері. Химия, 8 сынып, қосымша материал.


Ерітінділер

 Ерітінді - екі не одан көп компонентерден (құрамына кіретін заттар) тұратын гомогенді жүйе. Ерітінділер сұйық, қатты, газ тәріздес болады. Ең маңызды ерітінділер –сұйық ерітінділер, олар газ, сұйық, қатты заттардың сұйықтағы ерітіндісі. Адам, жануарлар, өсімдіктер ерітіндісіз өмір сүре алмайды (ас қорыту – көректік заттар ерітіндіге айналады; қан, лимфа – ерітінді). Химиялық процестермен байланысты өндіріс салаларының барлығы ерітіндіні пайдаланады. Ерітінді еріген зат пен еріткіштен тұрады. Еріткіш еріген заттан көп болады. Көбінесе еріткіш ретінде су алынады.

 Концентрация–еріген заттың ерітіндідегі мөлшерін көрсетеді. Егер ерітіндінің концентрациясын сандық мөлшермен көрсетпесе, оларды қанықпағанқаныққан, аса қанық, сұйық, қою, концентрленген деп бөледі.

 Қанықпаған ерітінді – еріген заттың жаңа мөлшерін әлі еріте алатын ерітінді.

 Қаныққан ерітінді – белгілі бір температурада затты одан әрі еріте алмайтын ерітінді.

 Аса қаныққан ерітінді – сол температурадағы ерігіштігіне сәйкес еруге тиісті мөлшерден артық затты еріген күйде ұстай алатын ерітінді. Аса қанық ерітінді тұрақсыз, еріген заттың аз мөлшерін ғана ерітіндіге салса, артық еріген зат тез кристалданады.

 Сұйық ерітінді – еріген зат аз ерітінді.

 Қою ерітінді – еріген зат көп ерітінді

 Концентрленген ерітінді - өте қою ерітінділер.

 Ерігіштік — заттың белгілі бір еріткіште еру қабілеті. Белгілі бір жағдайдағы заттың ерігіштігінің сипаттамасы ретінде оның қаныққан ерітіндідегі концентрациясы алынады. 

Сурет 1. Заттардың ерігіштігінің температураға тәуелділігі.

ЕРІТУ

Еритін затты еріткішке араластыру арқылы ерітінді жасау, мәселен, тұзды суда еріту. Еріту - химиялық емес, физикалық процесс. Себебі еріту кезінде бөлшектер ешқандай өзгеріске ұшырамайды және жаңа заттар түзілмейді.

https://twig-bilim.kz/film/glossary/dissolve-5260/ (43 секунд)

Ерігіш зат

Еріткіште еритін зат. Мәселен, қант суға салынғанда, қант ерігіш зат болады. https://twig-bilim.kz/film/glossary/solute-5386/

ЕРІГІШ

Басқа заттың ішінде еритін кез-келген затты ерігіш деп атаймыз. Алайда зат бір сұйықта ерісе де, екіншісінде ерімеуі мүмкін. Мәселен, қант суда оңай ерігенімен, бензинде ерімейді. Заттың ерігіштігі, жалпылай алғанда, температура мен қысымға байланысты.

https://twig-bilim.kz/film/glossary/soluble-5385/ (44 секунд)

ЕРІТКІШ

Су секілді, өзге затты еріте алатын зат. Су қант пен тұз сияқты көптеген қосылыстарды еріте алады. Кейбір қосылыстар суда ерімесе де, спирт пен ацетон секілді органикалық ерітінділерде ериді.

https://twig-bilim.kz/film/glossary/solvent-5152/ (43 секунд)

ЕРІТІНДІ

Құрамында бірден көп зат болатын біркелкі қоспа. Ондағы бөлшектер қоспа бойынша біркелкі таралады. Біз әдетте ерітіндіні сұйықта ерітілген қатты зат деп білеміз. Алайда іс жүзінде, ерітінді сұйықта еріген газ немесе өзге сұйықтық, екі газдың қоспасы, тіпті металдардың қорытпасы сияқты қатты затта ерітілген өзге қатты зат болуы да мүмкін.

https://twig-bilim.kz/film/glossary/solution-5151/ (52 секунд)

ЕРІТІНДІ және ЕРІГІШ

http://bilimland.kz/kk/content/structure/976-chemistry#lesson=10488

Еріту. Судағы ерігіштік

http://bilimland.kz/kk/content/structure/976-chemistry#lesson=10293

Кристалл өсіру тәртібі

  • Мыс купоросын алып 1:1 болатындай етіп қайнаған суда ерітесіз
  • Үнемі қозғап араластыру кезінді купоросты аздап қосып отырасыз
  • Толық еріп болған соң, оның сууына уақыт бересіз
  • Бөлме температурасына дейін суыған соң, оны үзгіштен тағы да бір мәрте өткізесіз
  • Онан соң банканы жаппай жылы жерге қойып 1 күн күтесіз
  • Бірнеше уақыттан кейін банканын түбінде сіздің болашақ криссталдар пайда бола бастайды
  • Түбінен бір ірісін таңдап алып, оны жіпке байлаңыз
  • Байлаған затымызды жібімен бірге ерітіндіге қайта саласыз
  • Желденбейтін әрі үнемі жылы жерге қоясыз
  • Бірнеше күннен кейін кристаллдар өсіп орташа өлшемге келеді

Видеонұсқа

https://www.youtube.com/watch?v=pvLYKNky2SA



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?