Қасиеттеріне сай химиялық элементке болжам жасау, Химия, 8 сынып, қосымша материал.
«МЕТАЛДАР ЖӘНЕ БЕЙМЕТАЛДАР» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып:8, 3тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3А Химиялық элементтердің периодтық жүйесі
Сабақты бастамас бұрын оқушыларға келесідей ой қозғау кезеңін ұйымдастыру ұсынылады. «Төменде берілген элементтерді қалай жіктеуге болады C, Al, Ba, F, Mg, Br, O, Na, P?» Оқушы жауабынан соң химиялық элементтердің қасиетін болжауға бірнеше тапсырмалар қарастырылған, еер осы тапсырмаларды оқушы кезең кезеңімен орындай алса онда оқу мақсатына қол жеткізуге болатынына көз жеткізесіз.
Алдымен 1 топ элементтерінің физикалық қасиетін болжауға тапсырма ұсынылады. Кестеде берілген мәндерге қарай отырып, рубидийдің балқу температурасын болжауды сұраңыз және сонымен қатар топ бойынша осы қасиеттің өзгеру заңдылығын сипаттап беруге шақырыңыз. Ол үшін төмендегідей жетелеуші сұрақтарды қолдануға болады:
а) топ бойынша жоғарыдан төмен қарай металдардың балқу температурасы кемиді, себебі ......
б) кальций және барийдің қайсысында металдық қасиет басым болады? неліктен?
Келесі кезек 7 топ элементтерінің ішінде астаттың балқу және қайнау температурасын болжап көруге тапсырма беріңіз. Оқушылар графикке қарай отырып болжам жасаулары қажет. Оқушы жауабынан соң аталған қасиеттерді түсіндіретін ортақ тұжырымды талқылап, дәптерлеріне жазып алу ұсынылады.
Келесі тапсырма элементтің топ нөмірін оның электрондық конфигурациясымен сәйкестендіруге арналады. Сонымен қатар оқушылардың тілдік дағдысын дамыту мақсатында қажетті сөздерді пайдалана отырып сөйлемдерді толықтыруға тапсырма ұсынылады.
Тақырыпты пысықтау мақсатында өзіндік жұмыс қарастырылған. Оқушыға жеке-жеке тапсырмалар таратылады және периодтық кестеге сүйене отырып, дұрыс жауапты табу сұралады.
Бөлімнің соңғы тақырыпшасы болғандықтан, оқушыларға үй тапсырмасы ретінде «Атом құрылысына сүйене отырып, үшінші период элементтерінің металдық және бейметалдық қасиеттерінің өзгерісі» тақырыбында кітапша шығару тапсырылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?