Атомда электрондардың таралуы. Химия, 8 сынып, қосымша материал.
«АТОМДА ЭЛЕКТРОНДАРДЫҢ ТАРАЛУЫ» ТАҚЫРЫБЫНА
ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып: 8, 1-тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1A Атомда электрондардың қозғалысы
Осы сабақтың барысында әрбір оқушы алғашқы 1-3 период элемент атомдарының электрон қабатын толтыру заңдылығын түсіндіре білу, элементтің реттік саны өсуіндегі қасиеттерінің біртіндеп және секірмелі түрде өзгеру себептерін айтып беруі қажет. Осының нәтижесінде оқушылар зат құрылысының табиғи заңдылығын түсіне бастайды. Оқушылар сабақ барысында элементтердің химиялық қасиеттері энергиялық деңгейлерде электронның орналасуына тәуелді екенін түсінулері қажет. Сол себептен осы сабақта негізінен осыған көңіл аудару қажет. Бұл сабақта атомдардың электрондық конфигурациясын түсіндіру, электрондық-графикалық формулаларын жазу ұсынылмайды. Тек оқушылар электрондық қабаттардың немесе энергетикалық деңгейлердің максималды электрондарын санын анықтап үйренбейінше орбитальдар ұғымын енгізудің қажеттілігі жоқ. Егер де оқушы жақсы түсінген болса ғана үлгерімі жоғары оқушыларға түсіндіруге болады.
Бұл кезеңде оқушылардың атом моделінің диаграммасын сыздыртып үйрету өте маңызды. Оқушы білетінін сызып, оны сызбасы арқылы дәлелдей алатын болса ғана сабақ мақсатына жете алады. Алайда мұғалім оқушының жас ерекшеліктерін ескерместен кей кездері барлығын бірден беруге тырысады, ал оқушы сол сәтте түсінген сияқты көрінгенімен, келесі сабақтарда ойын жеткізуден қиналады. Диаграмма түрінде сызып көрсеткен энергетикалық қабаттар оқушылардың ұзақ есте сақтауына немесе ұмытпауына септігін тигізеді.
Мысалы, оқушылардың визуалды есте сақтауын қалыптастыру үшін электрондардың қабаттарда орналасуын диаграмма түрінде көрсету және оқушылардың өздеріне орындату ұсынылады.
Хлор 2, 8, 7
Сонымен қатар жоғары сыныпта енгізілетін ұғымдарды енгізіп тереңдету де оқушылардың тақырыпты түсінбеуіне алып келеді. Осы кезеңде оқушылардың сабаққа қатысты терминдерді нақты ажырата алуы керек. Сондықтан бірнеше күрделі ұғымдарды бір сабаққа кірістіру жақсы нәтижеге әкелмейді. Оның орнына сабаққа қатысты бірнеше ұғымдарды әртүрлі әдістер арқылы пысықтаған нәтиже береді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?