"Биоинформатика" туралы түсінік беру. Биология, 11 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы

"Биоинформатика" тұсінігі

Сабақтың мақсаты

11.4.4.3 – биоинформатика туралы түсіндіру

Бағалау критерийлері:

Биоинформатика ғылымын зерттеу;

Биоинформатика ғылымының мақсаты мен міндеттерін анықтау;

Биоинформатиканың даму тарихын зерттеу;

Биоинформатиканың қазіргі медицинадағы маңызын зерттеу.

Биоинформатика - биологиялық деректерді сақтау, жинау, ұйымдастыру және талдау үшін әдістерді дамытып, кемелдендіретін пәнаралық сала.

Биоинформатика мәліметтер қорын ұйымдастыру әдістері, қолданбалы математика, компьютерлік және статистикалық санау әдістері негізінде жұмыс жасайды.

Терминология

Ой қозғау.

Видео қарау: «Что такое биоинформатика» https://www.youtube.com/watch?v=nsYS47jFF8o

Өзара талқылау.

Сабақ тақырыбы мен мақсаттарын анықтау.

Бағалау критерийлерін анықтау.

Биоинформатика ғылымын зерттеу;

Биоинформатика ғылымының мақсаты мен міндеттерін анықтау;

Биоинформатиканың даму тарихын зерттеу;

Биоинформатиканың қазіргі медицинадағы маңызын зерттеу.

III. Жаңа материалды игеру.

Іс-әрекет түрі: жеке жұмыс (қабылдау қабілеттері бойынша дифференциация)

Оқушылар берілген дидактикалық материалдарды немесе видеоматериалд карап, «Биоинформатика – болашақ мамандығы, оның оң және теріс жақтары» тақырыбына ауызша баяндама жасайды. Оқушылар материалдарды өздері таңдайды.

https://www.youtube.com/watch?v=f8-OVjY6yRs

ФБ: Өзара талқылау

Әр топ сынып алдында өз жұмыстарын қорғайды.

Бағалау: өзара бағалау, оқытушының кері байланысы

IV. Іс-әрекет түрі: топтық жұмыс

Оқытушы оқушыларды 3 топқа бөліп, қажетті дидактикалық материалдар таратады (дифференциалдау).

Биоинформатика

Қазіргі биоинформатика ДНҚ тізбегінің тиімді әдістерінің ашылуымен байланысты ХХ ғасырдың 70-ші жылдарында пайда болды. Биоинформатиканың жеке ғылым саласы болып шығуы Nucleic Acids Research журналы толығымен тізбектердің комьютерлік әдіспен талдау туралы алғашқы нөмірі шыққан 1980-жылды есептеуге болады. Биоинформатиканың дамуында және қалыптасуындағы маңызды кезең болып адам геномын секвенирлеу жобасы болды. Дәл осы уақыттан бастап, биоинформатика тек көмекші құрал болудан қалды. Толық геномды анализға көшу кезінде ақпараттық талдаудың компьютерлік әдістері өте маңызды рөл атқарды, тіпті бұл зерттеулер дербес ғылыми бағыт болып жекешеленді.

Зерттеу мақсаты және қолданылу аймақтары

Биоинформатика және де оның тәсілдері биохимияда, биофизикада, экологияда сондай-ақ басқа салаларда да пайдаланылады. Биоинформатика жобаларындағы негізгі жол - бұл эксперимент арқылы алынған ДНК мен ақуыздардың құрылымы туралы мәліметтерді өте көлемді және де «шулы» жерлерден пайдалана отырып ақпаратты алу үшін математикалық құрал- тәсілдерді пайдалану.

Маңызды биологиялық ақпаратты алу мақсатында биологиялық макромолекулалардың құрылымы бойынша тәжірибелік мәліметтерді өңдеу үшін компьютерлерді пайдаланады. Осы салада зерттеушілердің негізгі күштері геномдарды оқып білу, ақуыздардың құрылымын талдау мен болжамдауға, ақуыз молекулаларының бір бірімен сонымен қатар басқа молекулалармен қосылуын талдау және болжам беру соның ішінде эволюцияны қайта жақсарту жағына жұмыстары бағытталған.

Биоинформатиканың міндеттері:

Биологиялық жүйелердегі ақпараттық үрдістерді зерттеу.

Компьютерлік ғылымға ақпаратты талдаудың биологиялық әдістерін енгізу және зерттеу.

Үлкен көлемді биологиялық ақпараттарды талдау үшін алгоритмдерді жасау.

Биоинформатикаға үлес қосқан ғалым

«Биоинформатика ғылымнын жас саласы болып табылады және де оның даму қарқыны таңғаларлық тез. Технологиянын дамуы деп те айтуға болады». Осы саланын өрлеуіне себепші болған адамдарынын бірі ағылшын ғалымы Фредерик Санджер.

Фредерик Санджер

Биоинформатикаға үлес қосқан ғалым

Санджер өзі тікелей биоинформатикамен айналыспаса да, биологиялық манызды ақпаратты алудын жолын тапқан, осы еңбектері үшін екі мәрте Нобель сыйлығын алған. Бірінші Нобель сыйлығын нәруыздын амин қышқылдары байланысқан тізбегін табатын тәсілі тапқан болса, екінші премиясын ДНҚ-ның тізбегін анықтау үшін тәсілді тапқан үшін алды.

Қорытынды:

Бүгінгі таңда, биоинформатика арқылы негізделген микроорганизмдердің метаболизмінің реттелуі механизмі, амин қышқылдары мен тағы басқа бағалы заттар мен материалдарды алу өндірістік процестері құрылған, басқа да жаңа дәрілік препараттарды жасау және емдеу әдістерін жасау үшін жаңа молекулалық нысана анықталды. Сонымен қатар генетикалық ақпараттың маңызды бөлігін әлі де түсіну керек және адамзаттың игілігі үшін осы білімдерді қолдануға жаңа мүмкіндіктер ашу қажет. Осылайша, биоинформатика - адам мен қоршаған орта туралы ғылымның ең маңызды бағыттарының бірі.

Рефлексия

Биоинформатика жөнінде қандай мағлұмат алдыңыз?

Бүгінгі сабақта Сіз үшін не қиын болды?

Қандай тапсырма оңай болды?

Бүгінгі сабақта Сіз үшін не жаңалық болды?

Биоинформатика жөнінде мәлімет пайдалы болды?

Болашақта биоинформатик мамандығын таңдар ма едіңіз?

Үй тапсырмасы: «Болашақ биоинформатикада»атты тақырыпқа эссе жазу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу