Транскрипция. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім 11.1А Молекулалық биология және биохимия

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Транскрипция

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

11.4.1.4 нәруыз биосинтезі үдерісіндегі транскрипция мен трансляцияны сипаттау

Сабақ мақсаттары

Транскрипция үдерісін сипатау

Бағалау критерийлері

  • Нәруыз синтезіндегі РНҚ мен ДНҚ-ның рөлін түсіндіреді
  • Транскрипция анықтама береді
  • Транскрипция үдерісінің кезеңдерін анықтайды
  • Транскрипция үдерісін терминдерді пайдаланып сипаттайды

Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология: интрон, экзон, РНҚ полимераза, промотор, про а – РНҚ, кэпирлену, полиаденилирлену, сплайсинг, сплайсосома, комплементарлық, антипараллельді, кодон

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Транскрипция................................... жүзеге асады

аРНҚ ............................... өнімі

Құндылықтарды дарыту

Құрмет

Топпен жұмыс істеу арқылы бір – бірінің ойын тыңдайды, өзара сыйластық пен жауапкершілікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Оқушыларға химиялық байланыстар мен заттардың табиғаты туралы түсініктерді қолдану қажеттілігі химия пәнімен байланысын қамтамасыз етеді.

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында ресурстар, жұмыс парақтары, интербелсенді тақта қолданылады.

Бастапқы білім

Молекулярлы биология: 8 - 10 сынып.

Заттардың тасымалы: 9 сынып

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0 – 5 минут

(Т) Оқушылардан «Миға шабуыл» әдісі арқылы ДНҚ, РНҚ құрылысы және РНҚ түрлері бойынша сұрақтарға жауап беруді сұраңыз

Талқылауға арналған сұрақтар үлгілері:

  • ДНҚ,РНҚ мономерлерін атаңыз?
  • ДНҚ және РНҚ арасында қандай айырмашылық бар?
  • ДНҚ қалай түзіледі?
  • РНҚ-ның типтерін атаңыз және
  • қызметін түсіндіріңіз?

Сабақтың ортасы

06-36 мин

(М) Оқушыларға транскрипцияның процесін түсіндіріңіз.

Түсіндіру барысында молекулалық биологияның догмасын ескеріңіз:

ДНҚ РНҚ нәруыз

Қажетті терминология: интрон, экзон, РНҚ полимераза, промотор, про а – РНҚ, кэпирлену, полиаденилирлену, сплайсинг, сплайсосома, комплементарлық, антипараллельді, кодон, антикодон, т-РНҚ, р-РНҚ, а – РНҚ, полипептид, аминқышқылы, рибосоманың кіші және үлкен суббірліктері.

(С) Оқушыларға процестерден түсінгенін бекіту үшін анимация немесе қысқаша видеоролик көрсетіңіз.

(Т) (ҚБ) Оқушыларға транскрипция және трансляция жөнінде карточкалар жинағын таратыңыз.

Карточка жиынтығы: транскрипция инициациясы, транскрипция элонгациясы, транскрипция терминациясы, про а-РНҚ, сплайсинг, жетілген РНҚ,

Бағалау критерийлері:

  • карточкаларды логикалық реттілігімен орналастырады;
  • транскрипция процесін түсіндіреді;

ДНҚ және РНҚ құрылысы туралы видеоматериал:

https://www.youtube.com/watch?v=d6jd9E1EqhE

Транскрипция жөнінде теориялық материал:

https://www.khanacademy.org/science/biology/gene-expression-central-dogma/transcription-of-dna-into-rna/a/overview-of-transcription

Сабақтың соңы

37-40

«Шабадан, ет тартқыш және қоқыс жәшігі» бойынша әр оқушы сабақ бойынша өз ойларын стикерге жазады немесе ауызша айтып кетеді.

Шабадан- мен өзіммен аламын........, ет тартқыш- ақпаратты өңдеу үстіндемін.........., қоқыс жәшігі- маған керек емес болды........

Стикер

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Қауіпсіздік сақтау

Оқушылар: субстрат пен фермент байланысын сипаттайды.

Кейбір оқушыларға мұғалім тарапнынан көмек қажет болады.

Кейбір оқушылар: ферментінің әрекет ету механизмін анықтаудың өзге де жолдарын ұсынады.....немесе қосымша тапсырма орындайды.

Сынып бөлмесінде қауіпсіздік ережесін сақтайды

Бағалау – оқушылардың білімін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Оқушыларды бағалау мұғалім тарапыныан, оқушылардың өзін өзі бағалауы және бірін-бір бағалуы арқылы жүзеге асырылады.

Ой толғаныс

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма? Оқушылар бүгін нені білді?

Оқыту ахуалы қандай болды?

Жоспарланған саралау тиімді болды ма?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқу мақсаттары шынайы болды, сабақ барысында меңгерілді.

Оқушылар бүгінгі сабақта тәжірибе жасай отырып каталаза ферментінің әсер ету механизмін білді.

Оқыту ахуалы бойынша оқушылар арасында жұмысқа деген жауапкершілігі байқалды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу