Гормоналды сигналдардың мембрана рецепторларына арқылы тасымалдануы. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Координация және реттелу | Мектеп: ФМБ НЗМ Тараз | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Бекназарова Б.О. | |||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Гормоналды сигналдардың мембрана рецепторларына арқылы тасымалдануы | |||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.1.7.2. Гормондардың әрекет ету механизмін сипаттау | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Эндокриндік бездер және олардан бөлінетін гормондар түрлерін біледі Гормондардың химиялық табиғатын ажырата алады. Гормондардың әрекет ету механизмін сипаттай алады. | |||||||||||||
Бағалау критерийлері | Егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді. Гормондар дегеніміз не екенін біледі және түсінеді. Гормондар әсерінің механизмін талдайды және түсіндіреді. Жасушаға енуі мүмкін/ене алмайтын гормондар әсерінің негізгі механизмдерін түсіндіре алады. | |||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге қатысты лексика мен терминология Гормон, ақуыз гормоны, стероидты гормон, рецептор молекулалары, байланыстырушы үлескі, рецепторлық молекулалар, ерігіштік, циклдік АМФ, екіншілік мессенджерлер, ген әсері, транскрипция факторлары, аРНҚ, нәруыз синтезі т.б. | |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
| |||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Химия-биомолекула, физика | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Оқу үрдісін электрондық ресурстармен визуализациялау Microsoft PowerPoint және анимация | |||||||||||||
Бастапқы білім | Бұл тарауды оқығанда бұрынғы өткен жүйке жүйесі, гормондар мен өсімдіктердің өсуін реттейтін тездететін заттар тақырыптары пайдалы болады. | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 0-2 2-4 | І. Оқушыларға гормондардың әрекет ету механизмдерін көрсететін анимация көрсетіледі ІІ. Сабақ тақырыбы мен мақсаты анықталады, оқушылар сабақ мақсаты на жету үшін бағалау критерийлері қалыптастырылады. | Презентация http://www.wisc-online.com/Objects/ViewObject.aspx?ID=AP13704 | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 4-10 10-20 20-32 32-38 | III Оқушылар «Сиқырлы конверт» әдісі арқылы өтілген терминдері қайталайды. Ол үшін оқушылар термин сөздерді конверт ішінен алып басқа оқушыларға жауабын айтады, ал оқушылар жауабына сәйкес термин сөзді табады. Бірінші сабағында ішкі және сыртқы гормондарды және гомондардың жіктелуін қарастырғандықтан. Сол термин сөздермен жұмыс жасайды. Термин сөздер төменде көрсетілген 1.Гормон дегеніміз 2. Сыртқы секреция бездері дегеніміз 3. Сыртқы секреция бездерінің өнімі 4. Сыртқы секреция бездері дегеніміз 5. Ішкі секреция бездері дегеніміз 6. Ішкі секреция бездерінің өнімі 7.Стероидты гормон 8. Май қышқылдары 9. Аминқышқылы 10. Пептидті және нәруызды IV Топтық жұмыс. Оқушылар пептидті, нәруызды, аминқышқылды және стероидтты гормондардың әсер ету механизмінің модельін құрастырады. Оқушыларға суреттер беріледі немесе өздеріде интернеттен басқада ақпарат көздерінен іздеуіне болады. V Топтық жұмыс. Оқушылар яғни бір топ стероидты гормонды, ал екіншісі – ақуыз гормонының әсер ету механизмін рөльдік ойын арқылы сипаттап көрсетеді. Оқушылар түсіндіруі үшін: Мысалы, арнайы терминологияға мынандай терминдер енуі тиіс: байланыстырушы үлескі, рецепторлық молекулалар, ерігіштік, циклдік АМФ, екіншілік мессенджерлер, ген әсері, транскрипция факторлары, аРНҚ, нәруыз синтезі т.б. VII Жеке жұмыс. Оқушылар «Айқыш-нөл» тұжырымдамалық тапсырмасын орындайды. Тапсырманы аяқтағаннан кейін оқушылар өзара тексеру жұмысын жасайды. | Презентация Қосымша 2 Конверт термин сөздермен Қосымша 3 ермексаз, жіп, фазыл т.б Қосымша 4 К.С. Сағатов «Биохимия» Алматы «Білім» 2008,314-321 б. Қосымша 5 Қима қағаздар Қосымша 6 тапсырма сұрақтар | ||||||||||||
Сабақтың соңы 38-40 | VІІI. Бекіту: Сұрақ-жауап әдісі Кері байланыс: ҚҚҚ – кестесі
| Стикер | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Барлық оқушылар эндокриндік бездер және олардан бөлінетін гормондар түрлерін біледі Көпшілік оқушылар гормондардың табиғатын ажырата алады. Кейбір оқушылар гормондардың әрекет ету механизмін сипаттай алады. | Жеке жұмысты бағалау Оқушының жеке ойын жеткізе алуы, сабақтың тақырыбы мен мақсатын ұсынуын бағалау Оқушының дербес жұмыс жасауы, көздеген нәтижеге қол жеткізуі | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің Қауіпсіздік техникасы ережелеріне кіріспе нұсқаулық (модельдеу кезінде қайшы және т.б заттарға) | ||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру